Күн өттi талай-талай сен кеткелi…

Күн өттi талай-талай сен кеткелi,
әр минут әлдилейдi тербеп менi.
Жанымды тырналайды, тыншытпайды,
ашудың бiр белгiсiз жендеттерi.
 
Жатырмын көз iлiнбей төсекте әлi,
сағаттар тоймайтындай есепке әлi.
Жоғалып көз алдымнан суретiң,
ернiмде қалды ернiңнiң кесек дәмi.
 
Қайрылмай, деймiн, неге айлар асқан,
осы кез едi-ау бiздер аймаласқан!
Сол мезгiл iз қалдырмай жоғалыпты,
бұлақтай сылқ-сылқ күлiп сайға қашқан.
 
Сен кеттiң сол кеткеннен өзгерiлiп,
жоғалды бейнең тұрар көзге күлiп.
Осы сәт гүлден нәзiк ерiнiңдi
аймалап жатқан шығар өзге жiгiт?
 
Сезiп тек ләззәттың тiл үйiргенiн,
бiлмес ол басқа жанның күйiнгенiн.
Бiлер ме ол от көрiнген ерiнiңнiң
алғаш рет ұзақ түн сүйiлгенiн?
 
Қайдан бiлсiн, сүйер тек сынап қарап,
толықсып жатыр бiрге бiр ақтамақ.
Үш-төрт күнгi қызығы басылғасын,
оған да қиын шығар тұрақтамақ.
 
Апырау, неге заулап айлар асқан,
тұрса едi баяғыша жайнап аспан?!
Санаймын мен бақытсыз минуттарға
сол бiр түнгi кезiмдi аймаласқан.
 
Сен ақыр көгiңдi бұлт торлағасын,
мен жайлы айт,— көз жасы оның сорғаласын.
Тiлерiм, сенен маған күлiп келген
басқаның басына азап орнамасын.
 
29.03.1963

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *