Бала едiк қуып жүрген кеше ылақты,
белгiсiз күн сан шығып, неше батты?
Ұялап жанымызда ержеткендiк,
махаббат қызғалдағы шешек атты.
Думандап тамам достың ортасында,
отырмыз бiр кластың партасында.
Жолықсам оңашада, қызарасың,
бiлмеймiн, әлде менен қорқасың ба?
Мен емен көкiрегiңе күз артатын,
мен емен мұңның жiбiн ұзартатын.
Айтшы өзiң, қантамырдың дүрсiлi ме,
бетiңдi ақ мақтадай қызартатын?
Жаным-ау, кеуiл құсы жоғарылар,
мұнардан алда жатқан жол арылар.
Қорықпа ол құрғырдың дүрсiлiнен,
бақыттан оның солай соғары бар…
1963