Ұнатам қатты өзiңдi,
жаным жоқ ешбiр мұздаған.
“Сүйемiн” деген сөзiмдi
өзiмнен өзiм… қызғанам.
Елестер кейде алдымнан
қарақат көзiң мөлдiреп.
Құртқашаш сынды жаңғырған
шашың тұр желмен желбiреп.
Күлсе егер алау түсiрген,
қарамық көзiң жымыңдап,
сүйемiн, деймiн iшiмнен,
сүйемiн, деймiн сыбырлап.
Жаным-ау, дүния бар жанның,
берсе де ақыл, өлшемiн,
кеудедегi зор арманның
жеткiзе алман бiр бөлшегiн,
жеткiзе алман бiр бөлшегiн…
17.02.1963