Бiлмеймiн қалай тiл қаттым,
тұрсам да жұрттан қысылып:
— Алайын, — дедiм, — қымбаттым,
суретке сенi түсiрiп.
Дiрiлдей бердi қолдарым,
жымидың маған жалт қарап.
Бiлмеймiн қалай болғанын,—
сырт ете түстi аппарат.
Ойнақтап жүр ем құландай,
боларын бұлай кiм бiлген?
Аңсаймын сенi. Ұға алмай,
мазасыз халде жүрмiн мен..
Ару-ай, күнде азамын,
махаббатқа жоқ ем неге?
…Пленкаға емес, о жаным,
түсiптi бейнең кеудеме.
20.06.1963