Қыз кеттi аққу сынды пәк көңiлмен…
есiмде қолаң шашы артқа өрiлген.
Дидары қала бердi орын алып,
мың сазды жан дүниямның дәптерiнен.
Жайдары бота көз бен өр қабақтың
ұшқынын көңiлiмде қорғалаттым.
Секiлдi жүрегiмдей алып ұшқан
дүрсiлi сарт-сұрт еткен доңғалақтың.
Болса да аяқ асты күлер iстей,
мен оны сүйерiмдi бiлем iштей.
Дариға-ай, кетер ме екен дағдырымыз,
қосылмай созылған қос рельстей.
22.06.1963