(Бiр телехабар туралы)
Бүгiнгi газет-жорнал, радио-телеайналарды қарап отырып, оларда көсiле сөйлеп не көлдей-көлдей мақалалар жазып, “мен пәлендей нәрсе бiтiрдiм, түгеншелердi көтердiм т.б.” гүмпiлдейтiн, өмiр бойы екi етегiне намаз оқып жүргендей перiште боп көрiнуге тырысатын атышулы адамдарды көрiп, кiсi кейде ерiксiз таңғалады. БҮл жерде олар шынымен iшкi сырын ақтарып, өз өмiрiнiң қалтарыстарына шынайы азамат ретiнде үңiлiп, сүрiнген, жығылған т.б. тҮстарына бүгiндегi шау тартқан ақсақалдардың көзiмен қарап, баға берiп, оның ақ-қарасын ақтарып жатса, ешқандай айып та, әбестiк те жоқ. БҮл талап, керiсiнше, бүгiнгi неше түрлi шаң-тозаңға, бықсыған уға толы әдеби атмосферамызды тазалауға, оған жаңадан озон лебiн жiберуге өте-мөте көмектеседi. Бiрақ, өкiнiшке орай, бiздiң қазақы топырағымызға бҮрынғы дана шалдарымызға тән осы бiр қасиет, басқаша айтсақ, шынымен ел ағасы, ақсақал бола бiлу онша тамыр сала алмай-ақ келедi: кiм сөйлесе де, мақала жазса да, шындықты барынша бұрмалап, ақ етек ишан болуға тырысып-ақ бағады! Мен осыған жақында ( 13.07.2004 ж.) “Қазақстанң телеарнасында “Шынның жүзiндең дейтiн хабарда әдебиет пен баспасөзде пәленбай жыл бойы атқа мiнген шонжар шенеунiк Шерхан МҮртазаевтың “шынын айтуғаң тырысқан бiр сәтiн көрiп отырып, толық куә болдым. Егерде бҮл жерде Шерхан тiрлiктегi, әдебиеттегi т.б. өз позициясын ашық айтып, соны қорғап, сол үшiн шыр-пыр болып, өз түсiнiгiнiң дәрежесiнде шынын айтып жатса,- мен мына мақаланы жазбас та едiм. БҮл жердегi мәселе әлгi шындықтың соншалықты көре-көзге бҮрмаланып, оның аяғының басқа шығып кеткендiгiнде, жасы жетпiстен асса да Шерханның “шынның жүзiнiңң ( егер ол шынымен шынның жүзi болып жатса,- Б.А.) қылыштай өткiр болатындығынан сескенбегендiгiнде болып отыр. Әрине, бҮл арада кешегi Кеңес заманының илеуiнен өтпеген, бүгiнгi әдеби алпауыттардың өз тұсында не iстеп не қойғандығынан, олардың бүгiндерi “классикң немесе “әдеби қолбасыныңң дәрежесiне қалай жеткендiктерiнен хабарсыз бүгiнгi ұрпақтың, соның бiр өкiлi хабарды жүргiзушi Қ.Аманжолұлының бұл арада кәрi қақсалдардың бiрiне бiрi қарсы шығып, реплика берiп, бiрiн бiр түзеп-мiнеп жатқандарын, олардың өз замандастары турасында шындықты айтсам деген талабын тек қана бiр кездерi шалдардың арасында болған iшкi араздықтан, жеке бастың қыжылынан т.б. шығып жатқан оңаза нәрсе т.б. деп ойлауы әбден мүмкiн. Сөз жоқ, мҮндайда оның әсерi болмай да қалмайды. Мәселе бҮл арада сол жеке басқа тән нәрселердi былай ысырып тастап, болған жәйттi болған күйiнде, оны ешқандай да бояп-сырламай, шындықтан еш аттамай, ашық түрде айта бiлуде жатыр. Мiне осы тҮрғыдан алып қарағанда… әлгi хабарда ата сақалы аузына түскен Шерхан ақсақал шындықтан мүлдем аттап кеттi. Оған сонау 1967-iншi жылдан берi оны жақсы бiлетiн, бiр кезде онымен қызметтес те болған менiң дәлелiм толық жетедi.
Әлгi хабарда Ш.МҮртазаевтың айтуынша, өмiр бойы баспасөзде бастық болған ол өмiрi ешкiмдi “алаламаптың, “қара қылды қақ жарыптың, жер-жерден “таланттарды тауып ап, оларды жҮмысқа алып, жарылқап тастаптың, “өмiрi ешкiмнiң iзiне түспептi, оларды қудаламаптың, осындай әдiл қазы боп тҮрған кезiнде ол өзiнiң жеке басының ешқандай да қамын жемептi, тiпте оны ойламапты да, т.б. Ол бҮған дәлел ретiнде Ф.Оңғарсынова, О.Бөкеев, М.Шаханов, А.Сейдiмбековтердi өзiнiң “Лениншiл жасң газетiнде Бас редактор болып тҮрған кезiнде сонау “провинциядан iздеп тауып апң, оларды “арнайы шақырып, қызметке алғанынң көптiрте айтады. БҮл арада дәлсiздiк жетерлiк. Бiрiншiден, “Лениншiл жасң газетiнiң сол кездегi Гурьев облысы бойынша меншiктi тiлшiсi Әнес Сараев болатын. Ол кездерi жақсы жорналшы ретiнде “Лениншiл жастаң Рәшид Рахымбеков пен осы Әнес қана жарқырап көрiнген-дi, олардың алдына түсiп кеткен ешкiм де болмаған-ды. Бiрақ оларды Шерхан қызмет жағынан аспандата көтерiп, оларға омырау аша қойған жоқ. Мiне, сөйтiп жүргенде Ә.Сараев бiр ретi келiп Алматыға аппаратқа ауысқаннан кейiн, оның орнына меншiктi тiлшi боп бҮрын жорналшы боп көрiнбеген Фариза тҮрды. БҮған дейiн Фаризаның бiрнеше өлең кiтабы жарық көрген-дi, оның әлi өз қолтаңбасы айқын емес шыңжау дүниелерi аракiдiк болса да баспасөзде жарияланып тҮратын. БҮл арада Шерханның “Фаризаны iздеп тауып алғанң дәнемесi де жоқ. Екiншiден, жорналшы ретiнде Фариза сол кезде газетте өзiн еш көрсеткен емес. ¶шiншiден, оның басқа қырынан ашылуы 1967-iншi жылы Т.Айбергеновтiң “ҚҮмдағы мҮнараларң дейтiн жинағының жарық көруiне тiкелей байланысты едi. Фаризаның осы кезде жазған өлеңдерiнде Төлегеннiң әсерi өте-мөте басым болатын. Шайыр соның ықпалынан бүгiндерi де онша қашық кете алған емес. БҮл арада Фаризаның жазу мәнерiнiң өзгеруiне Шерханның қатысы мүлдем жоқ. Төртiншiден, кейiнгi жылдары лауазым мен мансап жолында өзiнiң қандай қарымы барлығын анық көрсетiп жүрген Фаризаны сонау 1968-69-ыншы жылдары Шерханның “iздеп тауып алдымң деуi тек қана кiсiнiң күлкiсiн келтiредi. Сол кезде “Лениншiл жастыңң әдебиет және өнер бөлiмiнде әдеби қызметкер боп iстеген мен бҮл сөздiң қып-қызыл өтiрiк екендiгiне толық куәмiн.
Шындығына келгенде Шерханның “таланттардың “iздеп тауып алғанң дәнемесi де жоқ,- ол кезде журфакты бiтiрген жастардың бәрi де “Лениншiл жастың сағалайтын. Олардың пысықтары мен ептiлерi тамыр-таныс арқылы қызметке бiрден тҮрып та алатын. Ал “көкелерiң жоқтары кембағалдың күнiн кешетiн. Мәселен, Алматыдағы журфакты бiтiрген Ақселеу, Үмытпасам, 1968-iншi жылдың жазында “Лениншiл жасқаң уақытша сынақтан өткенше дейiн қызметке алынған-ды. Ол аппаратта бар-жоғы бiр айдай ғана жҮмыс iстедi, сол уақыт iшiнде ол өзiн жорналшы ретiнде толық көрсете алған жоқ. Сөйтiп жүргенде газеттiң Орталық Қазақстан бойынша меншiктi тiлшiсi Б.Iлиясов “Социалистiк Қазақстанң газетiне ауысты да, оның орнына Ақселеу өзi сҮранып, тiлшi боп кете барды. МҮны сол кезде газетте iстеген, бүгiндерi көзi тiрi жорналшылар жақсы бiледi. Сонда осы да “таланттарды iздеп тауыпң алған бола ма?
Ал, мен қызметке келген кезде ол уақта Шымкентте тҮратын, әдебиетте әлi көрiне қоймаған, Үмытпасам, “ТҮңғыш кiтапң дейтiн сериямен көлемi бiр баспа табаққа жуық биттiң қабығындай кiтапшасын ғана шығарған М.Шаханов “Лениншiл жастыңң Оңтүстiк облыстағы меншiктi тiлшiсi болатын. Сол кездегi “комсомолдың күн көсемдерiң ґ.Жәнiбеков пен Қ.ТҮрсынқҮловтарға арқа сүйеген ол жылына мақала түгел, бiр жiбi түзу хабар да жазбайтын, — бар-жоғы уақытысында айлық алып тҮратын. Осы жайында аптаның басында өтетiн шолақ жиналыста кейбiр аузы батылдау жiгiттер талай рет айтса да, неге екенi белгiсiз, Шерхан ол жөнiнде жҮмған аузын ашпай, арқа сүйейтiн “күн көсемдерiң жоқ бiз байғҮсты табаға салған бидайша қуыра беретiн. Сол Шахановқа газеттiң орынбасары, дарынды жорналшы, ала қойды бөле қырықпайтын, әдiл де батыл, нағыз шынайы басшы, кейiнiнен Шерханмен келiсе алмай “Правдаң газетiнiң тiлшiсi қызметiне ауысып кеткен Т.ЖанҮзақовтың да тiсi батпайтын. Оған сол кездерi газеттiң жауапты хатшысы болған Қ.Найманбаев қана iш тартатын. Мен сол кездерi әдебиет бөлiмiнiң басшысы болған О.Бөкеевтiң МҮхтардың шалажансар, жасық өлеңдерi түгел, облыстан айына, жылына бiр жiберген сауатсыз хабарларын да баспағанына куә кiсiмiн. Мiне, соған зiл жиған М.Шаханов кейiнiнен “Танакөзң дейтiн нашар поэмасында одан өзiнше “кек қайтарыпң, қаламдасы Оралханды “өзiне бҮйырмағанң Танакөздi азғырушы, аздырушы әзәзiл ретiнде көрсетуге тырысып:
Алматыдан өкiл келдi, желке шашы бiр қарыс,
аты — Оралхан, ал кәсiбi — жазушы әлде журналист.
Бойдақ па өзi? Танакөзден айырмастан жанарын,
әлдененi сүйкеп жатты сусылдатып қаламын,-
деп жазған-ды ( “Жаңа қазақтарң, Алматы, 2000 жыл, 143 бет). Мiне, осындай жеке басының наразылығын әдебиетке араластырып, қарсыласынан қалайда өш алуды ойлайтын, сонысын Үят болар-ау деп ойламайтын, пасквиль жасаудан да бас тартпай, адамгершiлiктiң ең бiр қарапайым нормаларынан аттап өтiп, әдеби этиканы сақтамайтын, бар-жоғы қарадүрсiн Д.Бедныйдың дәрежесiнде қалып қойған, сөйтiп бүгiндерi қазақтың маманданған поэзиясына зор зиянын тигiзiп жүрген М.Шахановты “тауып алдымң т.б. деп мақтанудың не ретi бола қояр екен? БҮл жерде, шындығына келгенде, Шерханның оны “тауып алғанң дәнемесi де, жоқ, ол бар-жоғы сол кездегi Қазақстан комсомолының басшысы, кейiнiнен М.Шахановтың бүткiл каръерасын жасап берген, оның өте жақын танысы ґ.Жәнiбековтен асып кете алмады. Егер Шерхан басшының ығын алмай, жылына бiр хабар да жазбайтын М.Шахановты қызметтен шығарып жiберсе, онда ол Бас редактордың тағында көп отыра да алмас едi. Бiрақ кәдiмгi тҮрмыс-тiршiлiкте қашаннан тақыс тартып, әбден тiсқақты боп қалған, өмiрi өз есебiнен жаңылып есе жiбермейтiн ол шаруаның бiр ыңғайын тапты да, қазақ баспасөзiнде Үзақ уақыт бойы бастық бола бiлдi. БҮл арада оның кiмдермен жақын, кiмдермен табақтас т.б. болғанында менiң еш шаруам жоқ. Мәселе бҮл жерде Шерханның үнемi өзiн ешкiмге бағынбаған, кезiнде дүмдiлерге қарсы шыққан, әдiлет үшiн жанын аямай отқа-суға түскен т.б. кiсi етiп көрсетуге тырысуында болып отыр. Ал бҮл шындыққа сәйкес келмейдi. Жалпы Кеңес заманында ( ол бүгiнде де сондай,- Б.А.) бiреуге жағынбай, бiреудiң қолына су қҮймай, оның кеуiшiн қоймай, мансап жағынан өсе қою еш мүмкiн болмайтын. Мiне, осы жағын айтуға келгенде Шерхан аузына талқан қҮйған кiсiше қақалып-шашала бередi. БҮл жерде Шерханның алған сылдырмақтары мен атақтарының, шенi мен шекпенiнiң мысы басып кеттi ме, кезiнде бiр хабарында атақты найқалған Қ.Найманбаевтың өзiне сары масаша қадалып, қайдағы бiр қҮйтҮрқы сҮрақтар қойып, оның әбден қан-жосасын шығарып жiберген тележүргiзушi Қ.АманжолҮлының отыз екi тiсi қағылып алынғандай тосын бiр қалыпқа түсiп қалғанын ашық айта кету керек. Соны сезген кәрi “көкжал“ Шерхан оның сөзiн “шырағым“ деп бөлiп кете бердi, бҮл әрi-берiден соң көрушi кiсiнi хабарды жүргiзушi Қасым емес, Шерханның өзi емес пе деген бiр күдiкке де батырды.
Кешегi Кеңес заманында қылышынан қан тамған қып-қызыл коммунист, сол идеологияның сойылын соққан нағыз автократ бастық болған, бүгiндерi дүмдi депутат, дымы iшiндегi демократ боп жүрген Ш.МҮртазаев осы хабарда О.Бөкеев туралы тағы да бiр өтiрiктi соғып кеп жiбердi. Оның айтуынша, “сонау ґскеменнiң ойында жүрген, қатардағы әдеби қызметкер, әлi әдебиет түгел газеттерде көрiне қоймаған, аты бимәлiм Оралханды ол 1967-iншi жылы бiрден “Лениншiл жастыңң әдебиет бөлiмiне меңгерушi етiпң (?) алыпты! Ал бҮл қып-қызыл өтiрiк! Мен 1967-iншi жылғы июнь айының 1-i күнi осы әдебиет бөлiмiне әдеби қызметкер боп тҮрған едiм. Оған бҮйрық берiп, қол қойып, мөр басқан… Шерханның өзi болатын. Сол мен қызметке тҮрған күнi “Лениншiл жастаң жарияланған бiр мақаласы үшiн бастықтың қырына iлiгiп жүрген, әдебиет бөлiмiнiң қызметкерi, жазушы О.Сәрсенбаев мәдениет бөлiмiне ауыстырылды да, оның орнына жазушы Е.ӘкiмқҮлов әдебиет және өнер бөлiмiнiң меңгерушiсi боп тағайындалған едi. Ал О.Бөкеев менен бiрнеше аптадан кейiн О.Сәрсенбаев басқарған мәдениет бөлiмiне қызметкер боп келдi, ол бiрден әдебиет бөлiмiне сонау Алтайдан меңгерушiлiкке шақырылған жоқ. Жалпы Кеңес заманында әлi аты-жөнi белгiсiз, өзiн жорналнамада ( әдебиеттi айтпай-ақ қоялық,- Б.А.) көрсетпеген кiсiнi… бiрден меңгерушi етiп қою мүмкiн де емес едi! Ондай қызметтiң тағдыры жоғарғы жақпен келiсiлмей еш шешiлмейтiн. Мiне, осы мен көрiп, куә болған шындықты белiнен аттап өтiп, Шерханның тҮп-тура өтiрiк айтқанына өз басым әлi де қайранмын.
Содан қызметке келген күннен бастап тiршiлiктiң қақ-соғын әлi де романтик бiздерге қарағанда ерте көрiп, тiс қағып қалған Оралханның шолақ жиналыстарда Шерхан бастыққа толы жҮрттың көзiнше, еш қысылып-қымтырлмай көпшiк қоюы басталды да кеттi. Сондай бiр ерсi мадақтың тҮсында менiң оған қарсы сөз айтып қалуым мҮң екен, ендi Шерхан менiң қыр соңыма түсiп алды. Ол менi отырсам опақ, тҮрсам сопақ қылды. Соның соңы бiр жылдан соң, 1968-iншi жылы жазда менiң еш себепсiз мектеп бөлiмiне ауысуыма Үласты. Шерхан “соған барасыңң деп кәдiмгi диктаторша бiр-ақ кестi! Ендi О.Бөкеев басқа жҮмысқа ауысқан Е.ӘкiмқҮловтың орнына, әдебиет бөлiмiне меңгерушi болды! Мен ендi К.Сегiзбаевпен бiрге жҮмыс iстестiм. Бiрақ Шерхан бҮл жерде де менiң соңыма түсуiн қоймады, қайта өзi редакцияға жинаған кiлең жағымпаздары мен қолшоқпарларын маған қарсы айдап салды. Бiрде Кәдiрбек Сегiзбаев менi оңаша шығарып ап, өзiне Шерханның менi жамандап арыз жазып бер, жҮмыстан шығарайық дегенiн, өзiнiң оған көнбегендiгiн, менiң ендi жөнiмдi тапқанымның дҮрыс екендiгiн ашық айтты. Мен Кәдекеңнiң бҮл азаматшылығына әлге дейiн ырзамын. Содан мен басқа қызмет iздеай бастадым. Бiрақ менi Шерхан қудалап жүр екен деген өсек-аяң бҮ кезде Алматыға тарап та үлгерген едi,- қай жерге барсам да, онша ырай бермей қойды.Сөйтiп жүргенде бiрде Шерхан менi жиналыста “менмен, оның көкiрегiн басу керек, өзiнiң бiлген ой-пiкiрiн материал қорытқанда авторларға қоспайдың, т.б. деген айып тақты. Сол кездерi Қаламқас Қасымбекова дейтiн бiр келiншек бiздiң бөлiмге педагогика жөнiнде материал жазып тҮратын, мен оның бiрнеше мақаласын дайындағанмын. Ол бiрде сол кезгi Алматыдағы жаңғыз қазақ мектебiнiң директоры, орыс тiлiнiң маманы Р.НҮртазина туралы мақала жазып әкелдi. Мен ол кездерi араб, фарсы тiлдерiн үйренiп жүр едiм. Олардың оқулықтарында тiлдiң ережесi орысша түсiндiрiлiп, сөз жаттатылып, олар нақтылы мысалдармен бекiтiлетiн. Мiне, осы тәжiрибенi ескерiп, мен “қазақ мектептерiнде орыс тiлi пәнiнiң ережесi әуелi қазақша түсiндiрiлiп, сосын орысша сөз жаттатылып т.б. жүргiзiлсе“ деген деген бiр ой қостым. Оны бастығым К.Сегiзбаев оқып шықты да, қол қойды. Содан материал газетте жарық көрген күннiң ертеңiне редакцияға келсем… жҮрт бiр түрлi жер сiлкiнгендей боп түнерiп отыр екен! Бастығым Кәдiрбектiң түсi қашып кетiптi! Сөйтсе… мақаланы оқып шыққан, нағыз қызыл коммунист, Социалистiк Еңбек Ерi Р.НҮртазина бҮлқан-талқан боп, орыс тiлiн қазақша оқыт деп айтқан жоқпын, бҮл барып тҮрған Үлтшылдық т.б. деп… жоғары жаққа телефон соғады! Менiң сүрiнгенiмдi аңдып жүрген Шерхан алақанына түкiрiп, дереу Кәдiрбекке бҮйырып, мақаланың мен дайындаған нҮсқасын таптырып алып, сейфiне салып қойыпты! Бастық, шамасы менi мойындамайды деп қауiптенсе керек. Ол кезде бастықтың секретары боп ±азиза дейтiн қыз iстейтiн. Оның да, жалпы редакциядағы басқа қызметкерлердiң де маған деген көзқарасы жақсы болатын. Әлгi ±азиза менi көрiп, Шерханның қара сиямен айбақ-сайбақ етiп бадырайтып жазған ( жалпы ол қара сиямен жазғанды жақсы көредi,- Б.А.) …Б.Алдамжаров Алашордашыл, Үлтшыл-буржуазиялық сасық идеологиямен уланып, аса iрi саяси қате жiбергенi үшiн қызметiнен қуылсын деген бҮйрығын көрсеттi. ( Кәзiр одан Шерханның танып кететiнiне шәгiм жоқ, бiрақ шындық осы, түптеп келгенде “орыс тiлiнiң грамматикасын қазақша түсiндiру керекң деген ой үшiн қызметтен қуудың өзi ақылға сыймайтын нәрсе, мен қалай дегенде де газетте жарыық көрген сол материал үшiн қызметтен қуылдым, -Б.А.) Мен сол арада ±азизаның қандай батылдық жасап отырғанын түсiнiп: “Сен көрсеткен жоқсың, мен көрген жоқпынң,- дедiм. Ақыры Алматыда пәтер жалдап жүрген, бiр-екi баласы бар, көк тiреген “көкесiң жоқ мен “өз еркiммен босанғанң боп, 1970-iншi жылғы ақпанның 2-сi күнi қызметтен қуылдым. Әрине, бҮл жерде менiң Шерханмен соттасып, өз орныма қайтып тҮруыма да, мақалаға қол қойған бөлiм меңгерушiсi К.Сегiзбаевты жауапкершiлiкке қоса тарттыруыма да, мен айтқан ойдың ешқандай да Үлтшылдық еместiгiн дәлелдеуiме де толық болатын дедi, — бiрақ мен сол кездерi жиырмадан жаңа ғана асқан менiмен ата жауынша Үстасқан, жiгiт ағасы боп, қырықтардан асып кеткен дүмдi Шерханмен айтысып-тартысып жатуды қолай көрмедiм. Жалпы Кеңес заманында әдеби ортада бүгiндегiше өз хақын қорғау үшiн сотты жағалау дейтiн бiр түрлi әбес саналатын. Мен де сол үрдiстен аттап өте алмай, бәрiн бiр қҮдайға тапсырдым да, жҮмыстан босап кете бардым.
Мен көп Үзамай жаңадан ашылған “Жалынң альманағына ( ол кейiнiнен журнал болды,-Б.А.) қызметке тҮрдым. Сол екi арада Шерханның “Мылтықсыз майдан“ дейтiн хикаясы Мемлекеттiң сыйлығына Үсынылды! Мен әуестiгiм жеңiп, соны оқып шығып едiм,- шығарма өте нашар екен. Содан көп өтпей ҚазМУ-да өткен бiр жиналыста Шерханның көзiнше әлгi шығарманы талдап, оның үлкен сыйлыққа лайықсыз екендiгiн ашық айтып едiм… басым тағы да пәлеге қалды! Шерхан осы жиналысқа қатынаспаған, өзiнiң жерлесi әрi орынбасары Б.Бодаубаевқа қол қойдырып, жоғарғы жаққа, “Жазушың баспасына ( “Жалынң ол кезде баспасының қҮрамында болатын, — Б.А.) және бiр басқа жерге… арызды жазып кеп жiбередi! Ертеңiне жҮмысқа келсем… у-шу! Аздан соң университеттiң үлкен акт залында кешегi жиналысты басқарған профессор С.Садырбаев пен партия Үйымының хатшысы Т.Қожакеев асып-сасып жеттi! ¶лкен шатақтың басталғалы тҮрғанын сезген екеуiнiң де түстерi қашып кетiптi! Сол кездерi “Жазушың баспасының Жастар және балалар әдебиетi редакциясының Бас редакторы әрi альманахтың сол кездегi басшысы болған жазушы ґ.Қанахин азаматшылығы зор, алды кең кiсi едi,- ол маған баяғының шолақ белсендiлерiнше үстелдi сабалап Үрысқан жоқ, тек қана ренiш бiлдiрдi де қойды. Қызбалыққа салынған маған сол да жеткiлiктi болатын. Сүйтiп отырғанымда Т.Қожакеев пен С.Садырбаев үшеумiздi баспаның сол кездегi директоры, жазушы I.Есенберлин шақыртты. Оның алдында жатқан арызда Шерхан менi “ удай мас, сөктi, орынсыз сынады,ң т.б. деп әбден қаралапты! Мен Iлекеңге, бiрiншiден, “жынды суданң татып алмайтынымды, екiншiден, Б.Бодаубаевтың ол жиналыста болмағандығын, өзiмнiң кiтап туралы пiкiрiмдi баспаның қызметкерi емес, жеке әдебиетшi ретiнде айтқанымды алға тарттым. МҮны Т.Қожакеев те, С.Садырбаев та растады. Iлекең маған бiраз кеңес айтты да, ескерту жасаумен шектелдi. Содан кейiн де мен осы арыз бойынша бiраз жерлерге барып жауап бердiм,- оны кәзiр айтып жатудың керегi де жоқ. Сөйтiп бiр пәледен азар дегенде аман-есен қалған болдым, бiрақ Шерханның жандайшаптары мен жағымпаздары қашанда өз пiкiрiн не бiр дүмдiлерден жасқанбай ашық айтатын, өмiрi ешкiмге жағынып көрмеген мен жөнiнде “қызылкөзң, “шатақң, “арызқойң, ““даукесң т.б. дейтiн өсек-аяңды таратты да жiбердi. Оның салқыны кәзiрде де бар.
Сөйтiп ендi көрмегенiм Шерхан болсын деп тып-тиыш жҮмысымды iстеп жүргенiмде, кенеттен… орыс әйелiнен ажырасып, қазақ қызын алғаны үшiн… “Жалынныңң бас редакторы жазушы ґ.Қанахин қызметтен босады да, оның орнына… Шерхан келдi! Менi қудалау “науқаның тағы да “қызуң түрде басталды да кеттi! Сол кездерi Шерханның қаїарынан қорыққан не бiр жолдас-жоралар сатып та кеттi, олардың табансыздары мен туралы ғайбаттап мақала да жазды, бастықтың панасына кiрiп, қызмет те алды, кiтаптарын да еш қиналыссыз шығарды. Менiң онда шаруам да болған жоқ,- бар ойлағаным мына қудалаудан тағы да аман-есен қҮтылып кету ғана болды. Ақыры одан мен бiр ретi келiп,“Жазушың баспасының аударма редакциясына ауысып, уақытша қҮтылғандай болдым. Бiрақ толық қҮтыла алмадым…
Шерхан Жазушылар Одағының екiншi хатшысы боп тҮрған кезiнде мен аударған Үлы Фирдоусидiң ( 1976-ыншы жылы!) аудармасын ( оған дейiн 1972-iншi жылы “Шахнаманыңң “Мәнушеїiрң дейтiн бөлiмiн жеке кiтап етiп шығарғанмын, ол жөнiнде С.Мәуленов өте жылы пiкiр айтып, мақала жазған-ды. Сол мақаланы оқыған “Жазушың баспасының басшылығы маған “Шахнаманың түгелдей аударту жөнiнде ойланып жүрген едi,- Б.А.) талқандауға қҮлшына кiрiстi. Ол “ойраннанң партияның Орталық Комитетi араласып, шаққа дегенде жаным қалды. Ақыры сол “талқандалғанң “Кей-Хосроуң 1976-ыншы жылы жеке кiтап боп жарық көрдi, бiрақ Үлы эпопеяны профессор С.Нафиси мен Мәскеуде фарсы тiлiнде жарық көрген “Шахнаманыңң бiрегей текстi бойынша түгелдей аудару мәселесi кейiнге ысырылды. БҮған Шерхан “Үйымдастырғанң талқандау тiкелей әсер еттi. Ол бҮған дейiн, 1974 жылы Пушкиннiң жалпы редакциясы ±.Мүсiрепов басқарған, алғысөзiн академик-сыншы М.Қаратаев жазған, атақты, дарынды шайыр С.Мәуленов қҮрастырушы, мен редактор болған екi томдығын Одақтағы бiр жиналыста талқандатқанң едi.
Ол “ЖҮлдыздыңң Бас редакторы боп тҮрған кезiнде, өзiнiң қолшоқпарларына менiң өлеңдер жинағым туралы тағы да “талқандағанң материал шығарды! БҮған дейiн ол “ЖҮлдыздың“ басшылығынан Т.Ахтанов кеткенде, оның орнына қонжиған күнi… Тахаң қызметке алған кiсiлердi бiр күнде босатуға бҮйрық берiп… өзi Қырымға демалуға тайып тҮрған-ды! Ол қызметтен қуғандардың iшiнде А.Сүлейменов, Т.Тоқбергенов, Д.Исабеков… және басқалар бар болатын! Шерхан оларды қуып жiберген соң, журналға кiлең жағымпаздар мен қолшоқпарлардан қҮралған өз “командасынң әкелдi!
Шерхан “Қазақ әдебиетiң газетiне бастық боп тҮрғанда, 1985-iншi жылы менiң Кеңес үкiметiн қатты сынаған “Жықпыл“ атты романымды тағы да… “талқандатты“!
Шерхан тағы да бастық боп тҮрған кезiнде…
МҮның бәрiн тiзе беру мүмкiн де емес! Тiпте оның керегi де жоқ! Ол жаңғыз менi ғана емес, кезiнде “Лениншiл жастанң… Ж.Нәжiмеденов пен К.Мырзабековтi де “аластаған-дың. Мен кезiнде қызмет бабында болған осындай “қызықң жәйттердi бүгiнгi кезде өскелең жастардың алдында көзiнен жiпке тiзiп айтып отырғанда, Шерханнан өш алайын, кек қайтарайын деген дәнемем де жоқ, жалпы ондай нәрсе менiң жаратылысыма тән емес.Мен керiсiнше әдебиеттiң табалдырығынан жаңа аттаған кезiмде Шерхан сықылды шонжар алпауытқа кездестiрген тағдырыма өте ырзамын. Соның себебiнен әдеби тiрлiктiң қуыс-қолтығын ертерек көрдiм, әдебиеттiң де кiсi тағдыры сықылды екендiгiне көзiм жеттi, ең бастысы, кейбiр жүзiктiң көзiнен өтiп, заманында тiршiлiгiнiң бәрiн де жасап алған өз қатарластарыма қарағанда қиыншылықтың тауқыметiн барынша тартқаным менi аса сақ жүруге, оң-солыма бажайлап қаруға үйреттi. Рас, менiң жазған кiтаптарымның жолы ауырлау болды, олар орынсыз көп сыналды, сын мақалаларым баспасөзде жҮлым-жҮлым боп шықты, сонда да мен ешкiмге жағынып мақала жазбадым, ешкiмнiң кеуiшiн қойған жоқпын. Осылайша жиырма жылға жуық шетқақпай көргенiм менiң әлдекiмдер қҮсап баспасөзде жылтыңдап шыға бермей, әдеби процесс туралы тереңнен ойланып-толғануыма бiрден бiр әсер еттi. Оған соңғы жылдары жарық көрiп жатқан мақалаларым бiрден бiр дәлел. Мен онда айтып жүрген ой-пiкiрлерiме осы бүгiн жеткен жоқпын, — олардың пiсiп-жетiлуi үшiн бiраз уақыт керек болды. Мiне, сол уақытты менi әдеби процесстен шетқақпай етемiн деп жүрiп ерiксiз тауып берген Шерхан мен оның жандайшаптарына өте-мөте ризамын. Олай болмай, әлдекiмнiң шашбауын көтерiп, жалпы топтың легiмен жүре бергенiмде, бүгiндегiше қатарымнан сәл болса да ертерек алды-артыма қарай алар ма едiм, алмас па едiм, — ояғын бiр алла бiледi. Сосын бiр айтары,- мен өзiмней осындай әдеби тағдырым жөнiнде бiр де сөз жазбаспын деп жүр едiм, ол туралы жазуға мына телехабарда Шерханның көре көзге өтiрiк айтқаны басты себепшi болды. Әрине, оның бҮл әрекетiнiң сыры оның қалайша жҮмыс iстейтiнiн бiршама бiлетiн маған белгiлi, әсiресе, оның “өзi iздеп тауып алғанң Оралхан мен МҮхтар жайлы жалған қолпаштай сөйлеуiне менiң өткен жылы “ЖҮлдыздаң жарияланған әлгi екi әдебиетшi жөнiндегi мақалаларымның себеп болғандығына еш шүбәм жоқ. Қалай деп бҮлтарсақ та, оларды ақтауға тырыссақ та, бүгiнгi күнгi әдеби процестен олардың әлдеқашан түсiп қалғандығына, екеуiнiң де қазақ әдебиетiнiң жүрiп өткен Үзақ жолының бiр сәтiнде кездескен әдеби факты дәрежесiнде қалғандықтарына көздi ашып қарайтыын уақыт әлдеқашан жеттi. Шерхан өз жазған шығармалары туралы да осылай деуге әбден болады. Кезiнде жаратылысынан кекшiл, өштескен кiсiсiнiң iзiнен өмiрi қалмайтын Шерхан жайында Одақтағы бiр жиналыста С.МҮратбековтiң: “Шерхан редакторлықтан түскен күнi жазушылықтан да түсiп қалады“;— дегенi қанатты сөзге айналып кеткен-дi. Ол сөз кәзiрде де өз мән-мағынасын жоя қойған жоқ,- Шерхан үлкен қызметтен кетсе де, ол дайындаған “команданыңң мүшелерi бүгiнге дейiн қазақ баспасөзiнiң қҮлағында отыр ! Кезiнде Шерхан баспасөздi олай еттi, былай еттi, көркейттi, т.б. деп жалған аңыз-әпсана таратып жүрген де солар. ґз басым Шерханның “Қазақ әдебиетiң, “ЖҮлдызң, “Социалистiк Қазақстанғаң бастық болып тҮрған кезiнде, басқаны айтпағанда, қазақ әдебиетiнiң ең бiр өзектi мәселелерiн көтерген салауатты да салмақты бiр мақала жариялағанын көрген де, оқыған да емеспiн. Ол бар-жоғы жоғарғы жақтың ығын алды да отырды. Оның қазақ баспасөзiнде көп уақыт бойы басшы болып қала беруiнiң бiр сыры дәл осында жатыр! Әрине, мҮндайда осындай қызметтен еш кетпейтiн “тҮрақты бастықтыңң “тҮрақты жағымпаздары мен қолшоқпарларыныңң оп-оңай табыла кететiнi өз өзiнен белгiлi. Шерханның жоғарыдағы хабарда “iздеп тауып алдымң деп отырғандары да солар. Бүгiнде олардың әдебиетте өшпестей iз қалдырған бiр де бiреуi жоқ. Бiрақ олардың бiразы әлi де болса iрi-iрi қызметтерде отыр. Соларды ойлағанда, бүгiндерi Шерханның жазғандарын ашық сынап жүрген жазушы µ.Доспамбетовтың халының болашақта не болатындығына көз жеткiзудiң өзi қиын.
Мiне, дәуiрлеп тҮрған кезiнде баспасөзде осылайша “керемет басшылық“ жасап, “ешкiмдi алаламай, қара қылды қақ жарған“, менi Үлтшыл деп жала жауып, қызметтен қуғанын Үмытып, бүгiндерi өзiн “Үлтжанды“ санайтын, өмiрi “ешкiмге бҮра тартпайтын“, әдеби қауым арасында көптен берi тарап жүрген “МҮртазаевтың мафиясы“ дейтiн сөздi көпе-көрiнеу жоққа шығаруға тырысатын, жасы әлдеқашан жетпiстен асып кеткен кешегi көкжалымыздың бүгiндерi ақ етек ишан бола қалған түрi осындай! БҮл жағдай оны Үзақ уақыт бойы жақсы бiлетiн кiсiлередi ерiксiз айран асыр қалдырады! Ол осы хабарда “бiз азбыз, көбеюiмiз керекң т.б. деп бiрнеше жерде қайталап айтып өттi. Жарайды, онымен келiсейiк. Бiрақ неге… соншама жыл бастық болған, бүгiндегi қазақ жазушылары сықылды көрiнгеннiң қасы мен қабағына қарап, пәтер жалдап көрмеген, жетiспеушiлiктiң зардабын тартпаған, iшкенi — алдында, iшпегенi — артында болған, өмiр бойы үкiметтiң қара көлiгiнен түспеген Шерханның… бар-жоғы 2-ақ қана баласы бар? Неге Шерхан халық санын көбейтудi ең алдымен өзiнен бастамаған? Оған кiнәлi не нәрсе? Оны айтпағанда, үнемi сөйлей қалса, қазақ тiлiнiң жанашыры, соның арын арлап, жоғын жоқтап жүрген кiсi боп көрiнуге тырысатын Шерхан неге өз балаларын қазақша оқытпаған? Сол бiр Кеңес заманында шет жақтағы шағынаудандарда тҮратын қазақтар орталықтағы қазақ мектебiне балаларын автобустың ақыретiн тартқанына қарамай оқуға беретiн. Ал қаланың дәл ортасында кең бөлмесi жетерлiк пәтерде тҮратын, астында үкiметтiң қайқиған қара көлiгi бар дәу бастық Шерханның өз балаларын қазақ мектебiне бермегенi несi? Соған қарамастан ендi замана райы өзгерген кезде оның “қазақшылң бола қалғанын қалай түсiнуге болады? Әлде бҮл “заманың түлкi болса тазы боп шалдыңң керi ме? Мiне осылайша тегiс жерде сүрiнiп жатқандығына қарамастан, бүгiндерi базардан базар қоймай, табанынан таусылып, ауызға жерге жемiн шаққа дегенде тауып жеп жүрген қазақтың көгенкөз жастарына “баланы көбейтiңдерң, “оларды қазақ мектебiне берiңдерң т.б. деуге оның қандай хақысы бар? Жағдайы жақсы болса, от басын қҮрып, бала-шағалы болмайын деп жүрген кiм бар екен? ґзi депутат боп жүрген кезiнде осы жөнiнен не iстептi? БҮл бiр. Ол жоғарыдағы хабарда “жердi 49 жылға жалға беру керек деген заңды өзiм өткiздiм, оны сату жөнiне қатысым жоқң дегендi ашық айтты. БҮл да екi Үшты нәрсе. Шындығына келгенде, жалға беру — сатудың алғашқы баспалдағы ғана. Соны заңдастырып болғаннан кейiн “сатуға қарсымынң деу жалған айтқандай боп көрiнбей ме? Жалпы заң шығаратын жоғарғы орын — Мәжiлiске депутат болған басқа да жазушылар осы не тындырды? Олардың Үпай жинау үшiн көпiрте айтқан сөздерiнен не өнiп жатыр? Жалпы заң жөнiнен арнаулы бiлiмi жоқ ( дипломатия жөнiнен арнаулы бiлiмi жоқтығына қарамастан елшi болған М.Шаханов сықылды! — Б.А.) , тек қана атақ-абыройды, қара басының қамын көздейтiн, тiл мен жағына сүйенген жазушыларды депутат етiп сайлауды доғаратын уақыт әлдеқашан жеткен жоқ па осы? БҮның “Шынның жүзiндең шындығын айта алмаған Ш.МҮртазаевқа да тiкелей қатысы бар. Қалай дегенде де осы хабарда ата сақалы аузына түскен оның шындықтың белiнен еш шiмiрiкпестен аттап өткендiгi келiссiз-ақ! Оның орнына, миллиондаған көрушi жҮртшылықтың алдында, өмiрiнде бiр рет болса да, иман ойлайтын жасқа жетiп қалған Шерханның бүгiнгi тiршiлiктегi бақай-есеп Үсақ саясаттан iргесiн аулақ салып, барынша ағынан жарыла отырып әбден шер тарқатуы жөн-ақ едi. ґкiнiшке орай, диалогтың да, монологтың да төбесi көрiне қоймаған мына телехабарда олай болмай шығыпты…
2004 жыл, июльдiң 14-i,
Алматы.