“ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТI” — “МАЗАҚ ӘДЕБИЕТI” МЕ?
Менiң өзiм отыз бес жылға жуық уақыт бойы мұше болған өзiмiздiң Одағымыз бен өзiмiздiң “Қазақ әдебиетi” туралы бҰлай деуiм, бiр қарағанда, асылық айтқандық болады. Бiрақ оған мен кiнәлi емеспiн. Өйдейтiн себебiм, бҰл сөздi мен айтып отырған жоқпын, олай деген басқа бiр кiсiлер. Мәселен, той-томалақ, жаназа шығарар ( онда да мҰсылмашылыққа өте жат — қайтқан кiсiнi “көрмеге” қойып, халқымыздың ұрдiсiнде жоқ қоштасу рәсiмiн жасап) кезде ғана бiр көрiнiп қалатын Одақ жайлы олай деген бұгiндерi аман-сау жұрген бiр қуақы қаламгер ( оның атын айтуға “әдеби мафиядан” қорқам, — Б.А.) ал “Қазақ әдебиетiн” кезiнде өлеңдерiн баспай қойғасын, “Мазақ әдебиетi” деп ұлкен бiр жиналыста айқайлап айтқан — М.Мақатаев! Шындығында, Одақ та, газет те кәзiр “өзiмiздiң” деген сөздi жақтырмайды, ол екеуi де Н.Оразалин мен Ұ.Есдәулетовтiң жеке меншiгiне әлдеқашан өтiп кеткен мекемелердей боп сезiледi. Сол себептi бұгiндерi қазақ қаламгерлерiнiң сонау 1934-iншi жылдан берi бас қосар қара шаңырағы болған Қазақстан Жазушылар Одағы мен бiр кездерi оның органы боп есептелетiн “Қазақ әдебиетiң туралы удай ащы болса да нағыз шындықты айтатын уақыт әбден жеттi. өзiм сонау 1970-iншi жылдан бәрi мұше болған Жазушылар Одағы мен студент кезiмнен өлеңдерiм мен сын мақалаларым жиi жарияланған “Қазақ әдебиетiң” газетiнiң осыншама терең оқпанға қҰлдыраған кезiн өз басым өмiрi көрген де, естiген де емеспiн. Рас, Кеңес заманында да Одақта да, газет редакциясында да әр тұрлi жағдай бола беретiн, бiрақ кәзiргi кездегiдей екi мекеме басшыларының оларды өзiнiң жеке меншiгiндей көрiп, қарамағындағы қызметкерлердi әмiрiмен жатқызып-тҰрғызу дейтiн болмайтын. Бұгiндерi қаншама жамандаса да, бастықтардың ұйтiп қызмет бабын пайдалануына коммунашылдар партиясының Орталық Комитетi еш уақытта жол бермейтiн. Кәзiр оның бiрi де жоқ, Одақ пен газет басшылары ойларына не келсе, соны iстейтiн болып алды. Ең қиыны, олардың осындай келеңсiз iстерiне, Ұялу тұгел, ешбiр қысылып-қымтырылмайтындығында, жалпы ар-Ұждан дейтiн тұсiнiгiмiздiң мұлдем өзгерiп кеткендiгiнде болып отыр. Мәселен, өткен жылы Мемлекетiмiздiң бас сыйлығына алғашқы мәжiлiсте Н.Оразалиннiң өлеңдер кiтабы iлiнбей қалды. ЖҰрт ол жайлы шуылдасып жатқанда, мансапқа да, сый-сияпатқа да өте енжар қарайтын өз басым оған онша назар аудара да қойған жоқпын. Себебi әдеби шығарма ешқандай да сыйлық, шен-шекпен ұшiн жазылмайды, оның сапасы, әдебиетте алар орны ондай шылдырмақтармен өлшенбейдi. БҰл кiмге болса да анық-ақ нәрсе. Бiрақ бiздiң мансапқҰмарлығымыз бен атаққҰмарлығымыз оған ешбiр қҰлақ тұргiзе бермейдi. НҰрлан да сұйттi, — ол жоғары жақтағы тамыр-танысын пайдаланып, сыйлық жөнiндегi комитеттiң мұшелерiнiң бастарын қайтадан қостырып, әлгi сыйлықты… тiзеге сала отырып, зорлап алды. БҰл, шын мәнiнде, қазақ әдебиетi тарихында бҰрын кездеспеген, еш болмаған жағдай! Оны айтпағанда, НҰрланмен бәйгiге бiрге тұскен Ұ.Есдәулетов болса, сол кездегi Мемлекетiмiздiң хатшысы, жазушы Ә.Кекiлбаевқа “пайғамбарсың!” т.б. деп жағына отырып, әлгi сыйлықты қанжығасына бөктердi. Жарайды, екеуi де ала қойсын. Мен ешқандай да iштарлығы, қызғанышы жоқ кiсiмiн. БҰл жерде ондай жаман қасиеттердiң бой көрсетер ретi де жоқ. Себебi НҰрлан — өзiмнiң курстасым, университеттiң жатақханасында қара нанды бiрге бөлiп жегендермiз. Ал Ұлықбек болса, iштей жақын тартып жұрген iнiлерiмнiң бiрi. Оны айтпағанда, 1969-ыншы жылы мен “Лениншiл жаста” iстеп жұргенiмде, жазушы К.Сегiзбаев елiне барғанда алып келген Ұлықбектiң алғашқы екi өлеңiн, Ұмытпасам, “Оқушылардың творчествосынанң деген айдармен алғаш жариялаған едiм. Кейiнiнен Ұлықбек өзiнiң “Алтайдың алтын тамырың дейтiн кiтапшасын “өзiн де, өлеңiн де жақсы көретiн ағама” т.б. деп маған жазып та берген-дi. Ендi ол Мемлекетiмiздiң бас сыйлығын алғаннан соң, оның қанша дана боп шыққаны белгiсiз ( кiтаптың соңында көрсетiлген цифрға бұгiндерi сене қою қиын, — Б.А.) “Киiз кiтабын” дұкендерден iздеп, еш жерден таба алмадым. И.Оразбаевтың кiтабы да сондай еш жерде жоқ боп шықты. БҰл, шынында да, таңғаларлық жағдаай едi. Iлгергi кезде ондай сыйлыққа Ұсынылатын шығармалар көп тиражбен шығарылып, дұкендерге тұсетiн, олар газет-журналдарда талқыланатын, сосын барып Бас сыйлыққа Ұсынылатын. Кәзiр мҰның бiрi де жоқө. Сұйтiп, дұкеннен дұкен қоймай жұргенiмде ( жалпы олар кiтаптарын аз тиражбен шығарып, оны мақтайтын тамыр-таныстарына ғана берiп, оны дұкенге тұсiрмейдi екен, — Б.А.), маған “Киiз кiтаптың бiр танысым әкеп бердi. Оқып едiм, — жағамды Ұстадым. БҰл жаңа кiтабында Ұлықбектiң бҰрынғы өлеңдерiне тән жҰмсақ бiр лиризмнен жҰғын да қалмапты, жазуы аса қатқыл, орысқолданған тҰсы өте көп. Ең қиыны, оның өз халқымыз туралы сынаймын деп, тақымға салар қылшылбырды терiс бҰраған өлеңдерiнiң өрескелдiгi, шендiлерге арналған жағымпаз дұниелердiң көптiгi болды. Мен сол кезде “ЖҰлдыз” журналына “өмiрге өрелi өлең келетiн кез” деген шолу мақаламды жазып, тапсырып та қойған едiм,- ендi мынаны көргеннен кейiн, мақаланың соңғы жағына “Киiз кiтаптағы” кейбiр байқағанымды ғана қостым, жалпы кiтап туралы толық пiкiр айтқан жоқпын. Маған “Мағауиннiң киллерi” деп жала жауып жұрген, шынымен әдеби мафияның маңтөбеттерi атып өлтiрмесе немесе қалтасы қалың қулар Кеңес заманындағы ескi тәсiлдi қолданып, пұл-параны басып берiп, жалған хҰжат жасатып ( оны жасау бұгiндерi боқтан да оңай, ақша берсең болды, — Б.А.), “өй, оның сөзiн қой, ақыл-есi кем” деп жындыханаға қаматып, “емдетiп, тастамаса (кәзiр “Қазақ әдебиетi” менi қорқытайын, аузыма қақпақ қояйын деп, ондай қауiптiң төбесiн қылтиып көрсете де бастады,- Б.А.), мен жалпы Ұлықбектiң өлеңдерi жайлы көлемдi мақала жазам, оның бiрнеше тарауын жазып та қойғанмын. Жарайды, ол келешектiң шаруасы. Сосын мен ендi НҰрланның “±асырмен қоштасу” дейтiн кiтабын оп-оңай, өтпей тҰрған жерiнен сатып алдым. Оны да оқып едiм,— жағамды Ұстадым. Әуелгiде өз курстасымның кiтабы жөнiнде ештеңе де жазғым келмедi, қанша дегенмен жiгiт кезiмiзден бiрге өскенбiз, сосын ондай сын мақала жаза қалсам, көлденең жҰрттың “көре алмай жұр,. қызғанады” т.б. дейтiн ағайыын арасына ши жұгiртер сөзiне қалатынымды бiлдiм. Сұйтiп жұргенiмде, менiң мақалам “ЖҰлдызда” жарияланысымен-ақ, кешелерi “өзiмдi де, өлеңiмдi де жақсы көретiн” Ұлықбек менен өш алғысы кеп, С.Даумовтың “Некрасовшыл сыншының аузын (?) көрдiк, ендi оның бетi (?) қандай?” деген бiр менiң жеке басыма тиетiн сөздерi бар ерсiлеу мақаланы басып кеп жiбердi (“ҚӘ“, 21.11.2003 ж.). Ол материалдың соңында газет менен Ұлы Махамбеттiң мҰрасын қорғағаным ұшiн кешiрiм сҰра, өйтпесең сотқа беремiз деп қоқан-лоққы жасады. Әрине, кезiнде талай-талай қоқайды көрген менiң одан шайтаным да сескене қойған жоқ, заңды бiр кiсiдей бiлетiн мен бҰған әшейiн бiрдеме шығар деп, оған өте жайбарақат қарадым, себебi мен жасым алпысқа келгенше дейiн еш қылмыс жасап көрмеген кiсiмiн, лас сөз айтпайтын аузым да, арым да, бетiм де таза, әлге дейiн кiм-кiмнiң де жұзiне тура қарай аламын. Оған қоса жағымпаз да, бiреудiң қолшоқпары да болып көрмеген қатардағы әдебиетшiмiн. Бiрақ Ұлықбек онымен тоқтамады, газеттiң келесi нөмiрiнде ( 28.11. 2003 ж.), араға бiр нөмiр де салмай, баяғы “еңбекшiлер хаттарыныңң тәсiлiмен сонау жер тұбiндегi Шалқарда жатқан М.Есмағамбетов дейтiн қатардағы жорналшының ( әдебиетшi болса, дау жоқ қой, -Б.А.) маған қарсы айтар еш пiкiрi жоқ, менiң мақаламды мазмҰндама ғана жасап қойған “Әдебиеттi Алдамжаровша ревизия жасау” дейтiн бiр материалды тағы да жариялап жiбердi! Онда менi “ревизор” ғып шығарғаны аздай ( марксшiлдердiң баяғы “ревизияшылдар” деген терминi, ол ұшiн талай кiсi кезiнде атылып та кеткен,- Б.А.) газет “қазақ әдебиетiн тұгелдей жоққа шығарды” деп жалған айып тақты. Ал, шындығында, мен ол шолу мақаламда бұгiнгi қазақ поэзиясы кұллi тұркi халықтарының поэзиясының ең алдыңғы қатарында тҰр, бiрақ бҰл бiз сықылды дарынды халыққа аздық етедi, бiздiң әлi де өсе тұсуiмiз керек деп ашық жазғанмын. Мiне, соны көрсе де көрмей, менiң қаламдастарым әлге дейiн менi қазақ әдебиетiнiң хас дҰшпаны етiп шығаруға тырысып-ақ жұр. Мен оған қарсы ештеңе дей қойғам жоқ, деген кұнде де оған қарсы жазған мақаламды “Қазақ әдебиетi” баспайды, ал басқа газеттер болса, даудан қашады. Сұйтiп жұргенде ендi Жазушылар Одағы, “Қазақ әдебиетi” мен өзiм ең алғашқы қызметкерi болған “Жалын” журналы маған қарсы “әдеби антанта” дейтiн блок қҰрып, поэзия секциясының ұлкен бiр жиналысын ашып, оны бiр ғана маған арнап, менi “жерсiбiрге айдату керек, соттату керек, көзiн қҰрту қажет” деп “тарихи шешiм” қабылдады. Оны “Қазақ әдебиетi” тҰтастай екi бетiн берiп, масаттана жариялады. Сол екен, әдебиетке ауыл шаруашылығынан ойда-жоқта кеп қалған бiр боққара қарнының қабақтай боп салбырап кеткенiне қарамастан, “Алдамжаровты сойып салдық!” деп, жҰрттан шұйiншi сҰрап, Одақтың ұш қабатына бiр кұнде әлденеше рет жұгiрiп шығып, ақ тер, көк тер боп, денсаушыылығын бiраз жақсартып та алды. Соның ертесiне сол жиында сөйлеген С.Иманасов “мен олай дегем жоқ, менiң сөзiмдi өзгертiп басыпты, Бекдiлдә туралы олай десем, мҰрным аузымнан шықсын, оны Ұйымдастырған НҰрлан”, т.б. деген қарсы кiшкентай мақала жазып, оны Ұлықбекпен бiр-ай айқайласып жұрiп, бiр ай дегенде жарыққа шығарды. Ұлықбек бҰған да тоқтамады, қҰдды мен оның әкесiн өлтiргендей, газеттiң келесi нөмiрiнде әдебиетте әлi көрiнбеген екi жас қыз бен бiр жiгiттiң “пiкiрiнң Ұйымдастырды. Содан кейiн сонау Жамбылда жатқан, ондағы облыстық газетте өмiр бойы машинистка боп iстеп, пенсияға шыққан, сыртқа кiрiп-шығуының өзi бiраз шаруаға тұсетiн сырқат Г.Адамбаеваның маған “аллаң жар болмайды Алдамжаров, сөйлесетiн сөз әлi алдаң деп, менiң ата-бабама тiл тигiзiп “жазғанң ( мен Жамбылға телефон соғып, оның жазған-жазбағандығын анықтағанмын, ол жайлы болатын әңгiме әлi алда, — Б.А.) “эпиграммасың мен М.Рәшевтiң менi “қазақ әдебиетiн сызып тастадың деп жала жапқан арнауын жариялап кеп жiбердi! Ендi менiң шегiнетiн жерiм қалған жоқ, Мемлекетiмiздiң Бас сыйлығын бармақ басты, көз қыстымен алған Н.Оразалин мен Ұ.Есдәулетовтiң шикi кiтаптары туралы қатты сынаған екi мақаламды қашаннан өткiр де батыл, ешкiмнiң айдауына жұрмейтiн, өзiнiң Ұстанған позциясы бар “Азатң газетiнде жарияладым. Ендi НҰрлан оған М.Рәшев, Ә. Райымбеков және бiр аудармашыға “жауап“ жаздырды. Бiр қызығы, өзiне жағымпазданып “сiңiрген ересен еңбегiң ұшiн НҰрлан әдеби жҰртшылықтан қысылып та жатпастан, жасы сексенге кеп қалған М.Рәшевтi… көп Ұзатпай Одаққа жҰмысқа алды! Ендi оның да ертеңдерi лауреат дейтiн тәуiр атты алатынына шәгiм жоқ. Осы екi арада Ұлықбек те қарап жатқан жоқ, не бәрi бiр жарым айда менi әбден сыыбап, балағаттаған, жала жапқан табаны кұректей 5 материалды жариялағанын азсынып, араға қулықпен бiрнеше ай салып, ендi менiң жеке басыма тиетiн сөзi жетерлiк, басынан аяғына дейiн маған жала жауып, өтiрiк айтқан бiр мақаланы тағы да жариялап отыр! ( “ҚӘ“, 17.09.2004 ж.). Ол нәрсе жарық көрiсiмен, тағы да баяғы қарны қабақтай боққара жҰртан шұйiншi сҰрап, “Алдамжаровтың жындыханаға қамататын материалдарды дайындап қойдық, оны оңдырмай Ұрдық!ң деп, тағы да Одақтың ұш қабатын шарлап шықты, бiрақ бҰ жолы ол, өрге қарай емес, керiсiнше жоғарыдан төмен қарай жұгiргесiн, оның денсаушылығы онша жақсара қоймады, қайта сасып кеткен iркiт толы сабадай бөлек-салақ жатқан қарыны екi санын Ұрып, оның әбден әптер-тәптерiн шығарды. Ол байғҰстың ұйтетiн себебi де бар едi,- себебi мен оның өзiме сыйлап берген кiтабы туралы ештеңе демей қойғанмын. Және бiр қызығы, дәл сол 17-сi кұнi Н.Оразалин “Рахат“ дейтiн каналдан сөйлеп, “Азатң өзiн “тисе, терекке, тимесе бҰтаққаң деп орынсыз сынады деп ( менiң оны сынаған мақаламды айтып отыр, — Б.А.), бiраз кiнә тақты. Мен осыдан-ақ маған қарсы тағы да бiр “компанияныңң басталғанын анық сезгендей болдым. БҰдан бiраз бҰрын мен “Асар заманың дейтiн газетте маған қарсы “Қазақ әдебиетiң, “Ана тiлiң, “Жалынң дейтiн “әдеби антантағаң Жазушылар Одағының да “толық мұшең боп “кiргендiгiң жөнiнде жазған едiм. Олар бҰ жолы да баяғы ескi “мафияғаң тән ескi тәсiлiнен жаңылмапты, маған қарсы тағы да әдебиетке қатысы жоқ, қызмет жағынан жолы болмай, еш жерде тҰрақтай алмай жұрген, “Қазақ газеттерiндең менеджер боп iстеген… Қ.Бiләлов дегендi “пайдаланыптың. Оның сыры мынада едi.
Мен еш бас араздығым жоқ, өмiрiмде 1969 және 1989-ыншы жылдары екi-ақ рет сәлемдесiп, кездесiп көрген М.Шахановтың ( одан берi тiрi Шахановты бұгiнге дейiн көрген емеспiн, — Б.А.) жадағай публицистикаға толы өлеңдерi жайлы сынаған мақала жариялаған едiм ( “ЖҰлдызң, 02.2003 ж.). Сол екен, қашан да қолы Ұзын, қалтасы қалың М.Шаханов өзiнiң беделi мен қызмет бабын пайдаланып “Ана тiлi“ мен өзi басқарып отырған ңжалындаң өзiн өзi ақтатып, өзi жазған екi материалға Ж.ҚҰлиев пен Қ.ҚҰныпияҰлдарының қолдарын зорлап қойдырып, менi жерден алып, жерге салған, әбден тiлi жеткенше балағаттаған былапыт бiрдемелердi жариялады. Олар жарыққа шыққан бойда-ақ Ж.ҚҰлиев оны өзi жазбағандығын дарынды шайырлар А.ӘлiмҰлы мен Ш.Алжанбайларға қолына нан Ұстап тҰрып айтады ( “ЖҰлдызң, 02.2004 ж.). Ал Қ.ҚҰныпияҰлы болса, маған “ол мақаланы мен жазған жоқпын, оның жазған Шаханов, ол менi қол қоймасаң, жҰмыстан қуам деп, қорқытып қол қойдырды,ң- деп тұсiнiкхат жазып бердi. Мен осы екi хҰжатты негiз ете отырып, биылғы жылы М.Шахановтың ұстiнен Медеу ауданының сотына талап-арыз жазған едiм. М.Шаханов менiмен бетпе бет кездесуден тайсақтап, қазақшасы қашып, сотқа келмей қойды, өзiнiң орнына орынбасары ( әдеби журналды экономист басқарады!- Б.А.) Д.Арғымбаев пен жауапты хатшы Қ.Бiләловтi ( бҰл болса, менеджер! — Б.А.) сенiмдi өкiлi етiп жiбердi. Соттың бар мәжiлiсiнде де мен оларға менiң жеке басыма жазықсыздан жазықсыз “арсызң, “Ұятсызң, “тасбақаң, “ақыл-есi кемң, “жәдiгөйң, “киллер-қанiшер, кiсi өлтiрушiң, “диуанаң, “бәтшағар- гомосекуалистң, “сыншысымақң, “халтураның белгiлi шеберiң, “арсызң, “бетсiзң, “көргенсiзң, “ақынсымақң, т.б. ( барлығы 30- дай сөз, — Б.А.) деп тiл тигiзгенi ұшiн М.Шаханов менен кешiрiм сҰраса, талап-арызды қайтып алатынымды ашық айттым, бiрақ Бiләлов те. Арғымбаев та көнбей қойды. Олар ендi маған қарсы арандату жасай бастады, сотқа өтiрiк протокол, ведомость т.б. Ұйымдастырып тапсырды, маған қарсы талап-арыз да жазды, — мен олардың бәрiне заңды тұрде нақтылы жауап бердiм. Сосын соттан алғашқы мәжiлiсте-ақ жаңағы сөздердi экспертизаға берiп, олар кiсiнiң жеке басына тие ме, тимей ме,- соны анықтаңыз дедiм. Бiрақ олардың жағында екендiгiн анық көрсеткен сот Қ.Сырлыбаев әлгi материалды экспертизаға 2 ай өтсе де, әлге дейiн берген жоқ. Мiне, мен осыны сөз етiп, “Шахановтың шантажың деген мақала жазып, баспасөзде жарияладым (“Алтынордаң, 10-16.09.2004 ж.). Соны көрген “әдеби антантаныңң белсендi де беделдi “мұшесiң “Қазақ әдебиетiң әлгi сенiмдi өкiл Бiләловтiң “Әдеби қауымның “сотың деген материалды ( яғни, менi әдеби қауым соттайды деп Ұғыңыз, — Б.А.) тағы да, осымен мен туралы жарты жылда 7-iншi рет жариялап отыр! БҰл жерде Ұлықбектiң соншалықты “сертке берiктiгiнең, көздеген мақсатына жетiп, өш алу ұшiн неден болса да тайынбайтындығына ( Н. Макиавелли бҰл арада жолда қалады! — Б.А.), ең бастысы, арқа сұйер дұмдiлерi тақта отырғанда ешкiмнен де айылын жимайтындығына таңғалмасқа болмайды!
Әрине, мен бҰл арада қожайынының қасы мен қабағына қарап, оның берген айлығын “ақтапң жегiсi кеп, нендей лас нәрседен де тайынбай отырған Бiләловтiң тұпкi ниетiн жақсы тұсiнемiн. Бiрақ қалай дегенде ар-Ұяттан аттап өтуге болмайды. Бiләлов мына мақаласында оған пiшту деп те қарамапты. Ол әдейi менiң жұйкеме тие берейiн, өзiнiң рухани “Ұстазың Н.Муфтақовтың методымен, менi “дiңкелете“ тұсейiн деп, маған әдейi қаскөйлiкпен жаланы да, пәленi де ұйiп-төгiп жаба берiптi. Айтқан өтiрiгi де жетерлiк. Ендi соны математиктердiң “санамақң дейтiн тәсiлiмен дәлелдейiн.
1. Бiләлов менi талап-арызды 26-ыншы шiлдеде бердi дейдi. Сонда М.Шаханов әлi сотқа берiлмеген менiң арызыма қарсы жауап ретiнде өзiнiң “Анықтамасынң 16 шiлдеде сотқа қалай жазып тапсырады? Оны айтпағанда, Медеу ауданының соты Қ.Сырлыбаев 26-ысы кұнi тапсырылған талап-арызды келесi кұнi, яғни 27-iншi шiлдеде, әлi онымен таныспай жатып, қалай сот мәжiлiсiн өткiзедi? Ал шындығында мен талап-арызымды осы жылға шiлденiң 2-iсi кұнi бергенмiн.
БҰл — Бiләловтiң бiрiншi өтiрiгi!
2. Бiләлов ҚҰлиев туралы талап-арызды Әуезов ауданының соты қанағаттандырмады деп жазады. Шындығында, өзiмнiң өтiнiшiм бойынша ол iс қаралған жоқ. Себебi мен ауру-сырқау Ж.ҚҰлиевтi бiрiншi кұнi, яғни сәуiрдiң 1-i кұнi көргенде, шошып кеттiм, оған дейiн оны көрген емес едiм. Оған дейiн талантты шайырлар А.ӘлiмҰлы мен Ш.Алжанбайлардың “Ана тiлiндең жарияланған ол мақаланы өздерiне ҚҰлиевтiң жазбағандығын, оны жазған Шаханов екендiгi туралы т.б. айтқаны жайлы материал жарық көрген-дi (“ЖҰлдызң, 02.2004 ж.). Одан кейiн соттасудың қисыны болмады.
БҰл — Бiләловтiң екiншi өтiрiгi!
3. Ол менi “Алтынордадаң ҚҰлиевтi “Жалынң журналында қызмет iстедi деп жазды деп маған айып тағады. БҰл жерде де менiң кiнәм жоқ. Еш жер баспай қойған осы мақаламды, қайдан естiгенiн бiлмеймiн, “Алтынорданыңң бiр қызметкерi ұйiме де, қызметке де әлденеше рет телефон соғып, газетке жаңадан болған бас редактор Д.Қуатов жiберсiн деп жатыр дедi. Мен әуелгiде оған онша сене қоймадым. Себебi менi соттайық деп өткiзiлген Одақтың жиналысында ондай сөздi айтпадым деп “Қазақ әдебиетiнең қарсы пiкiр жазған Сәкен Иманасовты маған бiр таныс кiсiсi арқылы сол кездегi “Қазақ әдебиетiнiңң бас редакторының орынбасары Д.Қуатов “Ұрып, сойып бермес пе екенң деп өтiнгенде, мен бiрден ешкiмнiң қолшоқпары еместiгiмдi айтып, әлгi қолайсыз Ұсыныстан бас тартқанмын. Ендi ол мынадай өтiнiш етiп жатқан соң, мақаламды электрон поштамен жiберген едiм. Сөйтсем, Бiләловтың мына мақаласын оқып отырып, мҰның алдын ала ойластырылып жасалынған сценарий екендiгiне көзiм жеттi. Соның алдында ғана менi “киллер-қанiшерң деген “Алтынорданыңң басшылығы менi қҰбыжық қып көрсету ұшiн 15 бет келетiн мақаламның жұнi жҰлынған тауықтай қып ұштен бiрiн ғана жариялапты.Мақаламның бас жағындағы 8 бет тҰтастай алынып тасталыпты. Одан басқа да көп жерi қысқарып кетiптi. Сол орынсыыз қысқартудың кезiнде менiң ҚҰлиев туралы айтқан жерiм мұлдем басқа мағынаға еге боп шыға келiптi. Мәселен мен қолжазбамда: “М.Шаханов мықты болса, қатты ауру-сырқау, пәленбай жыл паралич боп жатқан, “Ана тiлiнiңң қызметкерi Ж.ҚҰлиев пен жҰмыс таба алмай жұрген Қ.ҚҰныпияҰлын “Жалынғаң қызметке алып, олардың аттарынан мақала жариялағанша, неге өзi маған қарсы сауатты, әдеби талас пiкiрi бар мақала жазып жарияламайды?ң- деп жазған болатынмын. Редакция осыны кұзеп:“ Мiне, Шахановтың шантажы ( бҰндай сөйлем менде жоқ, — Б.А.). Егер М.Шаханов мықты болса, Ж.ҚҰлиев пен Қ.ҚҰныпияҰлын “Жалынғаң қызметке алып…ң- деп, әдейi бҰрмалап жiберiптi. Сөйтiп, “Алтынордаң бұгiндерi маған қарсы Ұйым ретiнде қҰрылған “әдеби антантаң — “Қазақ әдебиетiң, “Жалынң, “Ана тiлiлерiнiңң — сапына, Қазақстан Жазушылар Одағының қосылғаны аздай, өзiнiң де қосылып кеткендiгiн байқамай да қалыпты. БҰл бiр. Екiншiден, редакция өзiнiң жазған алғысөзiнде менiң мақаламда ҚҰлиевтiң “Ана тiлiнiңң қызметкерi деп жазғандығымды ( бҰл мақаламның қысқарып кеткен алғашқы 8 бетiнде бар!-Б.А.) төлеу сөз ғып келтiредi. Соны Бiләловтiң көрiп тҰрып көрмегенi қалай?
БҰл — Бiләловтiң ұшiншi өтiрiгi!
4. Ол ҚҰныпияҰлының осы мақаланы өзiнiң жазғандығын дәледеп шықтым, оны iстен қысқарттым дейдi. БҰл да жалған. Бiрiншiден, ҚҰныпияҰлының ол мақаланы өзiнiң жазбағандығы туралы тұсiнiкхаты соттағы iсте тiркелген, ол әлi бар. Екiншiден, Бiләлов пен Арғымбаев өтiрiк жиналыс өткiзген боп, жалған протокол мен ҚҰныпияҰлы сол мақала ұшiн қаламақы алды деп жалған ведомость жасап, сотқа тапсырған-ды. Мен сот мәжiлiсiнде протоколға кiсiлердiң қолдарының сканер арқылы қойылғанын,ҚҰныпияҰлының гонорар емес, кезектi айлығын алып, ведомостьқа (ведомость заработной платы) қол қойғанын айтқанмын, жазбаша тұрде де бергенмiн, егер ол мақаланы ҚҰныпияҰлы жазса, онда оның қол қойған қолжазбасын көрсетiңдер деп ауызша да, жазбаша да талап еткенмiн. Ол сотта бар. БҰған Бiләлов қарсы ештеңе дей алған жоқ және де қолжазбаны көрсете алған жоқ.
БҰл — Бiләловтiң төртiншi өтiрiгi.
5. Ол: “Сот қанша шақырса да ҚҰныпияҰлы “Алдамжаровтан қорқып келмей қойды,ң- дейдi. Бiрiншiден, сотқа ҚҰныпияҰлын шақырыңыз деп соттың ұш мәжiлiсiнде де мен айтқанмын. Бiрақ сот оны шақыра қойған жоқ, бiрде ол шақыру қағазын Бiләловтiң өз қалтасында жұргенiн көрдiм. Екiншiден, осы жылғы ақпанның 10-ынан бастап өзiм көрмеген ҚҰныпияҰлы шiлденiң, шамамен, 23-24-i кұнi тұнде маған телефон соғып, сот туралы естiгенiн, өзiне “тұсiнiкхатыңды қайтып ал, болмаса, көресiң, т.б.ң деп Бiләлов пен Шахановтың телефон соққаны жайлы айтқан-ды. Ол жайында мен Медеу ауданы сотының төрағасы Е.Н.Тотыбайтегiне 29-ыншы шiлдеде жазған тұсiнiкхатымда ашық айтылған, ол iсте бар. Өшiншiден, тұсiнiкхатты өз еркiмен жазып берген ҚҰныпияҰлы менен неге қорқуға тиiс? Мен немене ұлкен бастықпын ба немесе жендетпiн бе? Әлде оның кұнi қатардағы қызметкер маған қарап тҰр ма? БҰл абсурд қой!
БҰл — Бiләловтiң бесiншi өтiрiгi!
6. Ол ендi Шаханов айналдырған 5-6 айда қызметтен қуғандарды айта кеп: “Ондай өтiрiктiң сiзге не қажетi болды екен!ң- дейдi. Бiрiншiден, оның маған еш қажет жоқ, мен оны Шахановтың бюрократ екендiгiн көрсету ұшiн ғана келтiргенмiн. Екiншiден, Ж.КенебайҰлы, ө.Ақжiгiтов, Қ.ҚҰныпияҰлы, Э.Төреханов ( ол қызметтен төмендетiлген) және басқалардың қызметтен қуылғаны өтiрiк пе? Оның бәрiн әдеби қауым көрiп-бiлiп отырған жоқ па?
БҰл — Бiләловтiң алтыншы өтiрiгi!
7. Ол сот мәжiлiсiнде менi Шахановты балағаттады, Аманханмен қосылып сабаймыз дедi, Алдамжаровтың мәжiлiсте аузын ашырмадық т.б. дейдi. Бiрiншiден, мен мәжiлiс тұгел, жазған талап-арызымда да Шаханов туралы бiр де бiр артық сөз айтып көрген емеспiн. Екiншiден, Аманханмен қосылып сабаймыз деп өмiрi айтқан кiсi емеспiн, оған сотқа куә ретiнде қатысқан белгiлi жазушылар Т.Сәукетаев, С.Хасан, Т.ӘсемқҰловтар куә бола алады. Өшiншiден, Бiләлов те, Арғымбаев та сотта мен қойған сҰрақтарға еш жауап бере алған да, оңдырып сөйлей алған да жоқ. Бiр ғана мысал. Мен алғашқы сот мәжiлiсiнде менi қаралап сөйлеген Бiләловке “ЖҰлдыздаң жарияланған мақалаларымды, “ШҰбар кұнң атты дастанымды т.б. көрсетiп: “Мыналарды оқыдың ба,ң- дегенiмде, ол оқымағанын ашық айтты. Мен сонда: “өзiң оқымай тҰрып, мен жайлы неге ондай жаман пiкiр айтасың?ң- дегенiмде, ол ештеңе дей алмай жерге қараған. БҰған сот мәжiлiсiне қатысқандар толық куә бола алады.
БҰл — Бiләловтiң жетiншi өтiрiгi!
8. Ол: “Алдамжаровқа бiздi былыққа араластырма дегендi айтып бағып едiк, көнбедiң,- деп жазады. Бiрiншiден, былыққа оны мен араластырып отырған жоқпын, оған Шахановтың сойылын соғып, өздерi араласып отыр. Егер олардың осы дауға араласқысы келмесе, неге өз қожайыны Шахановқа айтып, өкiлдiктен бас тартпайды? Сосын әлгi “араластырмаң сөздi Бiләлов те, Арғымбаев та маған айтқан емес. Екiншiден, ол сөздi ол екеуiне Шахановта шаруаларың қанша, ертең Ұят болмай ма, сотқа Шахановтың өзi келсiн, сендердiң нелерiң бар, т.б. дегендi мен айтқанмын. Өшiншiден, олар өкiлдiктерiнен бас тартпағандықтан кейiн мен заң бойынша олармен пiкiр таластыруға, айтысып-тартысуға тиiстiмiн.
БҰл- Бiләловтiң сегiзiншi өтiрiгi!
9. Ол: “…Шахановқа қарсы ұгiт жұргiзбек ниетте өз елiне, Қызылорда облысына аттанбақ болатын. Ол ойын сот барысында өзi де жасырмай айтқан,ң- деп ендi қып-қызыл жала жабады. Бiрiншiден, мен болған сот мәжiлiсiнiң бiр де бiрiнде елге барам, оған қарсы ұгiт жұргiзем деп айтқан емеспiн, жалпы менiң Шахановтың депутаттығында т.б. шаруам да жоқ. Екiншiден, мен Шахановтың депутаттыққа тұсетiнiн талап-арыз берер кезде естiмегенмiн, оны июльдiң 27-сi кұнi өткен сот мәжiлiсiнде Бiләловтың айтқанынан естiдiм, оны бiлгенде, талап-арызды өзiмнiң шайтаным да сескенбейтiн Шаханов депутат боп сайланған соң-ақ беретiн едiм, бiрақ жағдай осындай боп қалды.
БҰл — Бiләловтiң тоғызыншы өтiрiгi!
10. Ол ендi менi “жымысқы әңгiмең айтты, “өзiнiң қазақ еместiгiн сотта мәлiмдедiң, “өзiнiң былапыт сөздерiне (?) Елбасының атын да килiктiрiп бағыптың, “Қадiрбек “Шахановқа қарсы кұресейiкң деп маған хат берiптiң, “Алдамжаровты сотты айналдыра бiраз қуалауға тура келдi, боқтадымң, менi “22 жыл бойы емделiптi. Жазылғаннан кейiнгi тiрлiгi мынауң,- т.б. деп жазады. Бiрiншiден, мен сотта ешқандай да “жымысқы әңгiмең айтқан жоқпын, өзiмдi “қазақ емеспiнң деген емеспiн. Екiншiден, мен М.Шахановтың Елбасыны Колбин мен екеуiнiң арасына от салушы дегенiне қарсы шықтым. Өшiншiден, маған Қадiрбек ешқандай да хат берген емес, мен сотта Қадiрбектiң маған жазып берген өлеңдер жинағының алғашқы бетiнiң ксерокөшiрмесiн ғана көрсеттiм, онда Шаханов туралы жазылған бiр де бiр сөз жоқ. Төртiншiден, соттың аядай кеңсесiнде менi Бiләлов қуалаған жоқ, мен одан қашқан да, сасқан да емеспiн, бiр орнымда қозғалмай тҰра бердiм. Сөйтiп әдейi провакация жасамақ боп, өтiрiк бiр-екi рет бҰлқынған бұйенауыз Бiләловтi Т.Сәукетаев, Д.Арғымбаев пен Т.ӘсемқҰловтар Ұстап қалды. Сосын жасым алпысқа кеп қалғанда мен онымен төбелесетiндей көшенiң хулиганы емеспiн. Бесiншiден, ол менiң ауырғанымды, 22 жыл бойы емделгенiмдi қашан көрiптi?. БҰл арада менiң ауырған-ауырмағанымның сотқа қандай қатысы бар? Сонда ауру кiсi өз абыройы ұшiн өз хақын қорғамауға, сотқа талап-арыз бермеуге тиiстi ме? Олай деп Конститутциямыздың қай жерiнде жазылған екен? МҰның әр жағында Кеңес заманындағы шындықты айтқан кiсiнi ақыл-есi кем деп (Шахановтың менi мақаласында “ақыл-есi кемң деп сөккенiнiң тұп-төркiнiн ендi тұсiндiм, — Б.А.) жындыханаға апарып қамататын бiр сойқанды әрекеттi көздеу, аңсау жатқан жоқ па? Оны айтпағанда, бiздiң Конституциямызда ауырған кiсiнi Шахановше балағаттай берсiн деген заңның арнайы тармағы бар ма? БҰл жерде, мҰсылманшылап айтқанда, қҰдайдан қорқу деген қайда? Әлде қалтасы қалың олар жҰртшылық көзiнше менiң абыройымды әдейi төгу ұшiн пҰл-пара берiп, жалған қҰжат дайындап қойды ма? Ондай нәрсенiң Қазақстан Республикасының Қылмыстық iстер кодексi бойынша қатты айыпталатынын менiң оңаза оппоненеттерiм бiледi ме екен? Алтыншыдан, “жазылғаннан кейiнгi тiрлiгi мынауң дегендi қалай тұсiнемiз? Мен қашан, немен ауырып, неден жазылыппын? Әлде олар көкала доллар берiп, қандай да жалған қҰжатты жасай беретiн мына бҰйдарықсыз кеткен заманда менi ел-жҰртқа қаралап көрсету ұшiн неден болса да тайынбайтындықтарын бiлдiргiсi, сездiргiсi келе ме? Оны айтпағанда, менi 12 мың тиражбен тарайтын журналда Шаханов жазықсыздан жазықсыз сөгiп, балағаттап, ар-намысыма тиiп жатса, сонда менiң “қҰдайдан тапң деп қол қусырып, шарасы жоқ ескi дiндәрларша қарап отыра беруiм керек пе? Ау, бiз демократия шарттары орнай бастаған, хаққа негiзделген мемлекетте өмiр сұрiп отырған жоқпыз ба? Әрi-берiден соң сотқа беру, бермеуiм менiң жеке басымның шаруасы емес пе? Оған қол сҰғу жалпы адам хақына қол сҰғу емес пе? Жетiншiден, мен соттың бар мәжiлiсiнде де, егер де Шаханов менен жазбаша тұрде кешiрiм сҰраса, онда iстi тоқтатамын дегенмiн.. Мен кәзiрде де егерде Шаханов кешiрiм сҰраса, соттан талап-арызымды қайтып алатынымды қалың оқушы жҰртшылық алдында мәлiмдеймiн. Сегiзiншiден, ол Шахановтың сотқа жазған, iшiнде менiң жеке басыма тиетiн балағат сөзi жетерлiк, сотты қорқытатын тҰсы бар, менiң дастаныма жала жапқан “Анықтамасынң газетте толық емес, жал-қҰйрығын кұзеп берiп отыр. Онан Шахановтың: “ҚҰныпияҰлы менiң тапсырмам бойынша қалам сiлтеп…мақаланың атын “Әдепсiздiк пен Ұятсыздықтың чемпионың деп өзгерттiм. Ол ұшiн жауап беруге әзiрмiнң,- деген, яғни осы материалды шын мәнiнде өзiнiң жазғандығын мойындаған жерлердi Бiләлов әдейi алып тастаған. Оның есесiне менiң 4000 жолдай келетiн ұлкен дастанымдағы бар-жоғы бикұнә 5-6 жолды ( ол Шахановтың екi мақаласында да әдейi қайталанып көрсетiле бередi, ол қалған 4950 жолы туралы жҰмған аузын ашпайды,- Б.А.) өз “пiрiң пәлеқор Муфтаховтың методымен, менi “дiңкелетiпң, оқушы қауымды әдейi алдау ұшiн тағы да келтiредi. БҰл жердегi айтарым,- менiң дастаным жөнiнде атақты қаламгерлер Х.Әдiбаев, Ж.Аманов, С.Иманасовтар (“ЖҰлдызң, 02.2004 ж.) өте жақсы пiкiр айтқан, онымен келiсу, келiспеу әркiмнiң өз шаруасы, ашығын айтқанда, бҰл сотта қаралатын қылмыс емес, онда қылмысқа жатқызатын дәнеме де (состав преступления) жоқ, бҰл Жазушылар Одағында, газет-жорналдарда талқыланатын кәдiмгi әдеби дау, оны шешу соттың мiндетiне жатпайды. Мiне, осы соқырға таяқ Ұстатқандай нәрсенi әдейi мың рет қайталап, Бiләлов тағы да оқушы жҰртшылықтың назарын Шахановтың материалындағы балағат сөздерден басқа жаққа аударуды көздеп отыр! Мен пайғамбар жасына жақындап қалған азды-көптi тiрлiгiмде мынадай Ұятсыздықты, пәлеқорлық пен жалақорлықты көрген де, естiген де емеспiн. Шамасы, бҰ да капитал билеген жаңа заманның “жаңа“ бiр нышаны болар.
БҰл — Бiләловтiң оныншы өтiрiгi!
Мiне, осындай нағыз 37-iншi жылдың рухында жазылған мақаладағы бәле, жала жапқыш, сҰмпайы өтiрiктiң саны, осылайша соза берсем, 20-дан асып жығылады. МҰнда менiң жеке басыма тиетiн сөздер де баршылық. БҰл жерде оның бәрiн келтiрiп жатудың қажетi де шамалы. БҰл жердегi менi таңғалдыратыны — Қазақстанның бiр тұкпiрiнде шығатын аудандық газет те баспайтын мынадай сайқымазақ нәрсенi “Қазақ әдебиетiнiңң жерден жетi қоян тауып алғандай айқайлата көрсете басып отырғаны. Оған кәзiр әй дейтiн әже, қой дейтiн қожа жоқ (егерде кәзiр Кеңес заманы болса, осындай материалды басқаны ұшiн редактор ертеңiне-ақ тақтан таяды). Осы дауды сотқа апармай-ақ, әдеби цехтың iшiнде шешуге келгенде Жазушылар Одағы мұлдем дәрменсiз. Себебi оның басшысы Н.Оразалиннiң өзi былыққа белшесiнен батып отыр, — Бас сыйлығымызды заңсыз алған ол кiмге жөн-жоралғы айтпақшы, оны кiм тыңдайды? БҰл сөздiң Бас сыйлықты жағымпаздықпен, тамыр-танысы арқылы аванспен алған Ұ.Есдәулетовке де толық қатысы бар. Сондықтан екеуi де жҰмған ауыздарын аша алмайды. Олардың ендiгi бар мақсаты — өздерiнiң шалағай, шикi кiтаптарын ашық тұрде сынаған менi қара ешекке терiс мiнгiзiп, ел-жҰртқа делқҰлы ғып көрсету, сөйтiп менен өш алып, өздерiнiң ағаш беделi мен арзан абыройларын сақтап қалу. Әрине, бҰл шынайы әдебиетшiнiң iстейтiн қылығы емес.
Өткенде Одақтағы олақтық туралы “Жас алашң газетi бiр-екi жақсы мақала жариялады, бiрақ оған қҰлақ тұрген ешкiм бола қойған жоқ. Осы арада өзiмiздiң жазушылардың енжарлығын, белсендiлiгiнiң аздығын айта кетпесе болмайды. Шындығына келгенде, бiздiң Одақ — әдеби қауымның, қоғамның Ұйымы. Оның басшысын сайлау да, оны орнынан алып тастау да — өзiмiздiң iшкi шаруамыз. Оған ұкiметтiң араласуға еш хақысы жоқ. Мiне, соны жақсы бiлетiн НҰрлан өткен қҰрылтайда қулық iстеп, басқарма мұшелерiнiң санын 200-ден әрi асырып жiбердi! МҰндай жәйт Одақтың тарихында өмiрi болып көрген емес. МҰндағы қулықтың төркiнi белгiлi — 200-дей басқарма мұшесiн тұгелдей жинап, пленум не жиналыс өткiзе қою еш мұмкiн емес, ол өте қиын. Демек, НҰрлан өз орнында бҰрынғының патшаларынша отыра бередi! Дәл осындай нәрсенi кезiнде Одаққа басшы болғанда Ә.Әлiмжанов та ойлап тапқан-ды, — ол жеке билеп-төстеу ұшiн сол кездерi Одақта бар президиумды ( оған 12 белгiлi жазушы кiретiн, -Б.А.) таратып жiбердi. Мiне, осы, қазақша айтсақ, ақсақалдар алқасын қайтадан қалпына келтiру керек. Оларға Одақтың басшысын орнынан алуды, тағайындап сайлауды, iшкi маңызды-маңызды шаруалардың қалай шешiлiп жатқанын қадағалауды, бақылауды, Мемлекеттiң сыйлығына кiмдердi Ұсыну керектiгiн т.б. өкiлдiк берiп, сенiп тапсыру керек. Және оларға Одақ басшысы жылына екi рет есеп берiп отыруға тиiс. Және бiр айтары, бiз сырттай естiген базарлардан, Одақтың жайын жалға бергеннен т.б. тұсiп жатқан пайданың қайда кетiп жатқаны бимәлiм. Солардан тұсетiн пҰлдың шын шамасын анықтағаннан кейiн, демеушiлердi кеңiрек пайдаланып, ұкiмет тарапынан жылда болып жататын тендерге белсене қатысып, “Қазақ әдебиетiң, “ЖҰлдызң бен “Просторғаң Одақ қаражат жағынан көмектесе алатын шынайы қҰрылтайшы боп, керек десе Одақтың жанынан баспа да ашып, төл әдебиетiмiз ұшiн бiлек сыбана жҰмыс iстеуге болар да едi. Бiрақ жеке бастың қамынан әрi аспай, алқаның қамын емес, қалтаның қамын ғана ойлайтын мынадай дәрменсiз, өзiмшiл, менмен басшылар өз орындарында ортағасырлардағы билiкқҰмар патшаларша тапжылмай отырғанда, Жазушылар Одағы — Көр қазушылар Одағы, бұгiндерi қабырға газетiнiң дәрежесiне дейiн қҰлдырап кеткен “Қазақ әдебиетiң — “Мазақ әдебиетiң деген аттан жуық арада қҰтыла алмайды, мына қалпында ол мұмкiн де емес. Осы екi мекеменiң жағдайын жақсарталық десек, онда Н.Оразалин де, Ұ.Есдәулетов те өз ерiктерiмен орындарынан кетуi керек. Бiрақ олар тiстеген жерiнен өлдi айрыла қоймайды. Оларды кетiруге жазушылар жҰмыла бас қосып, инициатива жасайтын топ қҰрып, белсенiп шығуға келгенде қҰлықсыз, енжар. Осы енжарлық бұгiнде, ең алдымен, әдебиетiмiзге көп зиянын тигiзiп отыр. Оның бiр белгiсi — бұгiнде топылып шығып жатқан сапасыз дұниелер. Сол жөнiнде ұш-төрт сын мақала жазам деп, менiң боқтық, балағат естiгенiме, мiне, бiр жарым жылдан асып барады. МҰндай авантюраның әлi де созыла беретiнiне кұмәнiм жоқ. БҰл нағыз “қайда барсаң, Қорқыттың көрiң деген сөз.
… Ендi тағы да баяғы 90-ыншы жылғыдай дау-дамайдан, әдеби ортадан шығына қашып, әдебиеттi қарны қампайған боққараларға қалдырып, кұл болмасаң, бұл бол деп, шетелдiң сырты жалтырған мәшинелерiнiң моторларын ашып-шашып, жинауға көшпесем болмас деген ой менi бiраздан берi мазалап жұр.
2004 жылғы сентябрьдiң 20-сы.