Қабдештің қырық қалталы қытайы қулығы немесе ол президент Н.Ә.Назарбаевті қалайша қаралауға тырысты?

Бүгiндерi өзiнiң тiкелей мiндетi — қазақ әдәбиятының неше түрлi өзектi мәсәләларымен айналысуды қойып, қолында мөрi мен қаржысы көп кейбiр бастықтың жүрген-тұрғанынан хабар-ошар берiп, “ойбай, көшеде қаңғып жүрмiз” деп үй-жай сҮрауды әдетке айналдырып алған, шын мәнiнде, баяғыда Кеңес заманында болған қабырға газетiнiң деңгейiнен де төмен түсiп кеткен “Қазақ әдебиетiнде” Қ.ЖҮмадiловтың жарияланған “Аспанға тас лақтырма,— төбеңе түседi” дейтiн жауабын оқып шығып, шынында да,  “қытайы қулығы” жоқ алаңғасар, аусар кiсi аспанға қарай тас лақтыра ма деп қайран қалып отырмын. Бiрiншiден, мақаланы жазған жiгiттiң ешқандай да аусарлығы сезiлмейдi, ол барынша мәдәниятты, ибалы, әдептi. Ең бастысы Қабдеш Жәди Шәкеннiң: “Сонау 50-60 жылдар iшiнде Қытай жерiндегi “Үлтшыл, оңшылдарға” қарсы қара қҮйын үйiрген тҮста Шыңжаң университетiне түсу, шетелге оқуға шығу, “Шыңжаң газетi” сынды саяси қарудың басында отыру — Қытайдың жылым саясаткерлерiнiң көзiмен қарағанда, ешқандай “Үлтшыл қаїарманның” орны емес”, — деген өзiне таққан ең ауыр айыбына жауап бермей, қҮр босқа байбалам салып, жҮртшылықтың назарын басқа жаққа аударуға тырысыпты. Шындығына келгенде, 1956-ыншы жылы Шыңжаң университетiнде оқып жүрген кезiнде Қытай мен Кеңес үкiметiнiң келiсiмi бойынша Алматыдағы ҚазМУ-дың филология факультетiне кеп түсiп, 2 жыл оқыған (мҮндай студенттердi қай елдiң де барлау органдары тексермей, “өңдемей”, шетке жiбере қоймайды!), 1958-iншi жылы “шетелде оқып жатқан Қытай студенттерiн саяси жақтан шыңдау үшiн” деген желеумен Қытайға қайта кеткен Қабдештiң жаднамасында селкеу тҮстар жетерлiк. Осы екi арада төрт жыл бойы “қуғын-сүргiн” көрген ол 1962-iншi жылы Қазақстанға “Қажытай екеуi 150 мың кiсiнi бастап, шекарадан өтiптi (сонда қытайдың шекарашылары мен барлау мекемелерi шекара маңында жиналған осыншама көп кiсiнi қалай көрмеген? ). Жәдидiң де сҮрап отырғаны осы. Қалай дегенмен де бiздегi әдәби қауымның арасында атам заманнан бермен қарай қылаң берiп жүрген осындай бiр күдiкке толы сауалға Қабдештiң күндердiң күнiнде жауап беруiне тура келедi. Екiншiден, ол тас аспанға қарай қалай, кәйтiп лақтырылған, оның траекториясы қандай,— ол жөнiнде Қабдеш тiс жармапты. ¶шiншiден, аспанға лақтырылған тастың жерге қарай түсуi өзiн “аспанмын” деп астарлап сездiрiп отырған Қабдештiң қҮдiретi емес, ол жердiң тартылу заңына байланысты шаруа ғана. Төртiншiден, жасы жетпiстен асқан Қабдештiң өзiнiң баласынан да кiшi Жәди Шәкендi “рушылдықпен ауызданған(?) қызылкөз белсендi”, “үрген ит” “ел iшiн iрiтуге кiрiскен жiкшiл”, “қайтсем де атымды шығарсам деп жүрген пысықай, шатпақ жазғыш бiреу”, “мақаласының iшi толған Үсақ-түйек, мүңкiген, борсыған бiрдеңелер”,  “пiлге үрген қанден” т.б. деп балағаттағыны аздай, Кеңес заманында қазақ халқының тағдыры мен ана тiлiнiң т.б. өзектi мәсәләларын көтерген, соларды әлге дейiн көтерiп келе жатқан “Ана тiлi” газетiн “БҮл тiпте Үлт газетi емес қой”, “Үлт жазушысына қастық ойлап, қара күйе жағушы”, “С.Қышқашевты айдап салушы”, ақырында “өздерi мат болып, жертезек болып жеңiлдi т.б. деп астам-астам сөйлеуi менiң есiме сонау дүрбелеңi көп отызыншы жылдарды ерiксiз түсiре бередi. Ол замандарда да дәл осылай Қабдешшiлеп байбалам салғандар көп болған. Оның үстiне Қабдештiң мына мақаласындағы лексика, интонация, астамшылық, мақтангөйлiк, өзiн Үлы А.Пушкинмен теңестiрiп, “Менiң қаламымнан туған “Соңғы көш”, “Тағдыр”, “Дарабоз”, “Таңғажайып дүние” атты романдарың әрқайсысы — әдебиет әлемiндегi (?) бiр-бiр алып жартас(?) тәрiздi. Оларды орнынан қозғау ешкiмнiң де қолынан келмейдi”, — деп астамси сөйлеуi, басқаға қайдам, маған асқан әдепсiздiктей боп көрiндi. Бiр кездерi “Жазушы” баспасында бiрге қызмет iстескен, әлем әдебиетiндегi үздiк үлгiлердi түпнҮсқасынан оқып-үйренуге дайындығы жетпейтiн, тiптен, кириллицамен газет бетiнде үш бағанада басылған жәй мақаланың өзiн үш күн ежелеп шаққа дегенде оқып тауысатын, “Абай жолының” алғашқы екi томымен  Шыңжанда араб әрпiмен басылып шыққан нҮсқасымен танысқанда, “оны онша түсiне қоймаған”, орыс әдебиетiнiң үздiк үлгiлерiмен  аударма арқылы шала-пҮла “танысқан” Қабдештiң  жалпы бiлiмi мен рухани өресiнiң қандай дәрәжәда екендiгiн жақсы бiлетiн маған оның бҮлайша мақтанып, сҮс көрсетуi, шынымен де, әлем әдәбиятының “аспанында тҮрған озық үлгiлерге тас лақтырғанмен” бiрдей боп сезiлдi. Кезiнде әлдекiмдердiң Үйымдастыруымен жабыла дардайта мадақтаған, Үлықтаған, “қолдан қомпитып қуыршақ классик жасауға” тырысқан қарадүрсiн Қабдештiң әлгi кiтәбтарын мен де оқығанмын. Олардың ешқайсысы да исi Европа мен күллиїи Шарқы әдәбияттарын зерттеп-оқыған кiсi үшiн ешқандай да ауыз ашып, таңғаларлықтай дүниялар да, “ешкiм орнынан қозғалта алмайтындай алып жартастар” да емес, оның бәрi де бар-жоғы орыс әдәбиятының 18-ыншы ғасырдың аяғы мен 19-ыншы ғасырдың бас жағында, әдәбияттың балаң шағында жүрiп өткен жолы кезiнде жасалған нәрселердiң деңгейiндегi, шын мәнiнде, көркемделген шынайы үлкен әдәбиятта берiк қоныс теуiп қала қоймайтын шалағай туындылар ғана. µлы А.Пушкин сондай өткiншi кезеңнен көп кейiн барып келген.

Мен бҮл жерде Қабдештiң жалпы жазғандарын талдап, саралап, бағалап жатпаймын, тек қана оның соңғы кезде жазған “Қыл көпiр”, “Таңғажайлып дүние” дейтiн шығармалары мен мақалаларында халқымыздың бiр туған дарабозы, көсемi, Елiмiздiң көреген де сҮңғыла басшысы, Кеңес үкiметi қҮлап, қиын кезең туғанда, халықтың басын iрiтiп алмай, өзiнiң iскерлiгiмен бiрiктiре алған, орысшаға да, қазақшаға да судай ағып тҮрған, саясат, иқтисад-экономика, өндiрiс, шаруашылық, мәдәният, әдәбият, өнер т.б. салаларына келгенде терең бiлiмi мен талғамы барлығын талай жерде анық көрсетiп жүрген, шын мәнiнде, бҮрынғы Үлы билерiмiздiң Үлы қасияттарының бәрiн де тал бойына жинақтай алған, бүгiндерi күллi әлемдегi мемлекеттердiң бәрi де жақсы бiлетiн, олардың басшыларының ешқайсысынан да кем түспейтiн, тiпте талай жерде олардың алдарына түсiп кетiп жүрген, басқасын айтпағанда, күллi қазақ тарихында болмаған ересен уақиға — Үлан-байтақ жерiмiздiң шекарасын белгiлеп, екi өкпеден қысып тҮрған екi Үлы империямен тiл табыса бiлген, үлкен саясатшы, үлкен мемлекет қайраткерi, ертеңдерi ғайыптан тайып, ана теке сақал Кофи Анандтың орнына қоя салса, ООН-ның өзiн оңқай асықша басқарып кетуге қабiлетi мен ақыл-ой өресi артығымен жететiн, қазақ халқы шын мәнiнде билiктi сенiп тапсырып отырған Қадырданды Президентiмiз Н.Назарбаевқа, оның отбасына, елi-жҮртына тiл тигiзгенi аздай, өзiмен әдәбиятта бiрге жҮмыс жасап келе жатқан, iлгерiлi-кейiнгi замандарда тiрлiк еткен қаламдастарын, шайыр-жазушыларды қалайша қытайы қулықпен “қаралауға” тырысқаны, сүйтiп өзiн өзi “классик, данышпан” етiп көрсетiп, қалайша “аспанға қарай тас лақтырғандығы” жайында ашық айтқалы отырмын.

Қабдеш 2005-iншi жылы “ҚазығҮрт” баспасынан алтынмен апталып, күмiспен күптелiп (Үлы жазушымыз М.Әуезовтың көптомдықтарының өзi өмiрi мҮндай боп әсемделiп нәшiрияттан басылып шыққан емес!)  жарық көрген 12 томдығында үнемi өзiн өзi Қытайда да, Қазақстанда да “қуғын-сүргiн көрген”, жазғандары  шаққа шыққан, қатты сыналған кiсi ғып” көрсетуге тырысады. Шындығына келгенде, қазақ әдәбиятына сонау 65-70-iншi жылдардан бермен қарай араласып келе жатқан, бүгiндерi пайғамбар жасына жақындап қалған менiң Қабдештiң қудаланған, оның шығармаларының баспасөз бетiнде қатты сыналып, “талқандалған”, жазғандарының басылмаған, мақталмаған, Жазушылар Одағы берiп жататын үй-жай, сыйлық, шен-шекпен, кеудеге тағар шылдырмақ — орден, медаль, атақ т.б. деген “сыбағалардан” кем қалған кезiн көрген де, естiген де емеспiн. Керiсiнше, Кеңес заманында, бiр кездерi әр түрлi себептермен Қытай асып кеткен қазақтардың балалары Қазақстанға қайтып кеп, жоғары оқу орындарында оқып жүргенде, орысша түгел, қазақша шыққан кiтәбтарды оқи алмайтын шәкiрттерге Үстаздар кешiрiммен қарап, “степендиядан қағылмасын” деп, жоғары бағаларды қоя салатын. Оларға дәл осындай кешiрiммен қарау әдәбиятта да болды, — Қабдештiң алғашқы жазған өлеңiн 1963-iншi жылы “ЖҮлдыз” жорналының жастарға арнаған атақты N6 нөмiрiнде сол кезгi Бас редактор Ә.НҮрпейiсов оның кем-кетiгiне қарамастан  жариялаған да едi. Одан кейiн, әсiресе, Есенберлин “Жазушы” баспасының директоры боп тҮрған кезiнде, Қабдештiң әлi жазбаған нәрселерiнiң өзi баспаның алдын ала жасалатын iс-жоспарына енiп, кезектен тыс жеке кiтәп болып шығып жүрдi (12 томдық, 10 т. 475 б.). Ал ол кездегi тәртiп бойынша, қолжазба баспаға тапсырылып, пiкiр айтылып, әбден сүзгiден өткеннен кейiн барып жоспарға енетiн. Қабдеш мҮндай қиыншылықты көрген жоқ. Мәсәлән, оның “Көкейкестiсi”, баспаның редакциясына қолжазбасы түспей жатып-ақ жоспарға енiп, 1969-ыншы жылы жарық көрдi. Бiр жылдан соң ол орыс тiлiне аударылып шығарылды. Одан кейiнгi жылдарда да оның  шығармалары Алматы мен Мәскеуде  орысшаға аударылып жарық көрдi. Бiрақ ондай шалағай, дүмбiлез, әдәбияттың балаң кезiнде ғана болатын дүнияларға орыстың озық ойлы сыншылары назар аударған да жоқ. Қабдеш мҮны өз шығармасының нашарлығынан деп бiлмей, үнемi осының бәрiн бiреулер Үйымдастырып жүргендей көредi. БҮған тағы да Қабдештiң өзiн өзi зорайтып, болмағанды болғандай ғып көрсетуге тырысуы, оның үстiне жалдамалы сыншыларымыздың Қабдештi өтiрiк мадақтап, қолдан қомпайтып бағуы бiрден бiр кiнәлi. Осындай өтiрiкке етi үйренiп кеткен Қабдештiң кеулiнде келе-келе өзiн “әлдебiреулердiң кемсiтiп, бағаламай, шеттетiп, қудалап” жүрген дейтiн қолайсыз бiр комплекс пайда болды. Ол жөнiнде Қабдештiң өзi: “Ендi бiреулер Қытайдағы қазақтарды Кеңес өкiметiне бағынбай қашып кеткен, кiлең баскесер басмашы, жабайы бандылар деп есептедi. Бiздi көргенде олар хайуанаттар паркiне қойылған әлдебiр аңды тамашалағандай үймелесiп” қарайтын”(10 том, 195 бет), “Кiрме деген атымыз бар. Саяси жақтан сенiмсiз, екiншi сорттағы адамдармыз. Осы кемсiтушiлiктi Шыңжаңнан келген қазақ зиялылары түгел дерлiк бастан кешiрдi”,— деп жазады. (10 т. 435 б.). БҮл барып тҮрған өтiрiк! Оны айтпағанда бҮл ендi Кеңес заманында әлдекiмдер қҮсап шетелдерге қашып-пысып кетпегеен, туған топырағында табаны аумай қалып, төңкерiс, қауымдастыру, ашаршылық, 37 жылғы қырғын, соғыс, одан кейiнгi қиын кезеңдердегi барлық ауыртпалықты нағыз қаїарманша басынан кешiрген, қандай жағдайда да өзiнiң дiнiн, тiлiн, мәдәниятын, әдәбиятын сақтай бiлген, орыстанып кетпеген, шынайы отаншыл Үлы қазақ халқын қорлау, кемсiту, оның намысына тию ғой! Егерде сол кездерi қазақ халқы, Қазақстан үкiметi  Қабдешке, өзi жазғандай, “шетелге қашып кеткен кiлең баскесер, жабайы банды, хайуанаттар паркiне қойылған аң” т.б. деп қараған болса, онда ол бiзде жоғары бiлiм,  тегiн үй-жай, қызмет, шен-шекпен ала алар ма едi? БҮл деген нағыз “асыңды iшейiн, табағыңа қҮсайынның” керi емес пе? “Ана тiлiнде” жарияланған мақаланы жазушы Жәди Шәкеннiң де айтып отырғаны да дәл осы,— “Қазақстанға келiп, Қытайдағы елдi, Қытайға барып, Қазақстандағы халықты жамандайсың”, “шындықты бҮрмалап”, “бiр руды бiр руға қарсы қойып”, “су iшкен қҮдығыңызға түкiрiп отырсыз” дегендiк. Оған Қабдеш нақтылы, мәдәниятты түрде жауап берудiң орнына, жас жiгiттi балағаттап, қорлап, сөгiп бағыпты. Сонда бҮ нағылған, өзi жазғандай, “қырық қалталы, жымысқы” қытайы қулық? Ендi мен осы “жымысқы қытайы қулықтың” “қырық қалтасын” бiрiнен соңын бiрiн сыртына қайырып көрсетiп көрейiн.

Қабдеш өзiнiң жаңа шығармасы “Қыл көпiрдi” “роман” деп дардайтып атапты. Ал шындығына келгенде, бҮл ешқандай да көркемделген әдәбияттың ауқымына кiретiн роман да, хикая да емес. МҮндағы бас кейiпкер жазушы Айжарықтан бастап, қосалқы қаїармандарға дейiн ешқандай да дараланбаған, сомдалмаған, әдәби бейне ретiнде жерiне жеткiзiле қашалмаған. Кейiпкерлердiң психологиясы, сөйлейтiн сөзi, мiнез-қҮлқы, iстейтiн iс-әрекетi, ой-пiкiрi, тәндестiру т.б. дегендер мҮнда атымен жоқ. Ол күнделiктi тiрлiкте жҮртшылық айтып жүрген, баспасөзден баяғыдан белгiлi, әбден мылжа-мылжасы шыға таптаурын болған жәйттердi кейiпкерлерiнiң ауыздарына талғамсыз сала бередi. Көп жерде оның қаїарман мен автор ретiндегi ара жiгi жымдасып кетiп отырады.  Бiрақта оны сана-сезiм тасқыны деуге мүлдем болмайды. Оның үстiне қара дүрсiн публицистикадан, жадағай очерктердiң дәрәжәсынан аса алмай қалған “Қыл көпiрге” танымал мемлекет, қоғам қайраткерлерi, жазушылар тура сол күйiнде көшiрiлiп, аттары сәл-пәл өзгертiлiп, жексҮрын, Үнамсыз кейiпкерлер ретiнде кiргiзiлiптi. Оларды түстеп-тану онша қиын емес. Осылайша өш алу мақсатымен өзiнiң жек көретiн кiсiлерiн қаралап, балағаттап, даттап, мазақтаған бҮл пасквильдi көркемделген әдәбиятқа қоятын үлкен талаптардың тҮрғысынан еш қарастыруға болмайды. Тiпте ол мүмкiн де емес. Жалпы Қабдеш қай кiтәбiнда болмасын, өзiн өзi басты кейiпкер етiп алуға қҮмар. Мәсәлән, М.Әуезов өз романдарында Абайды басты қаїарман етiп алса, Қабдеш өз жазғандарында өзiн өзi Абай дәрәжасына көтерiлген қаїарман етiп алады. Онысын өзi де жасырмайды. Ол өзiнiң “Соңғы көшi” жөнiнде: “ Бас кейiпкер Естайдың артында автордың өзi тҮр. Әкем ЖҮмадiлден — Қанағат би, шешем Қанипадан — Балжан бейнесi бой көтердi. Аймақ бастығы Жасыбай деп отырғанымыз — Башбай, ел ағасы, Жағфардың прототипi — Жағда Бабалықов…,”—деп жазады (10 том, 490 б.). Көрiп отырсыздар, Қабдеш өзi мен өзiнiң әке-шешесiн романдағы ең Үнамды қаїармандар етiп алған да, қалған Үнамсыз кейiпкерлердiң санатына жаңа ғана өзi боқтап, балағаттап отырған Жәди Шәкен сияқтыларды кiргiзе салған. Мына “Қыл көпiрде” де осы iз, осы шарт анық аңғарылады. Сонда бҮған себеп болған не нәрсе? МҮның сырын түсiну үшiн Қабдештiң басқа жазғандарына үңiлу қажет.

Мен оның ешқандай да “әдәбиланбаған”, “көркемделмеген”, жамиғатнаманың тура шартымен жасалған, нақтылы деректерге қҮрылған жаднамасы (әсте роман емес!) “Таңғажайып дүние” мен әр кездерi жазған мақалаларын оқып отырып, ерiксiз өз жағамды өзiм Үстадым. Қабдештiң жамиғатнамасында да өзiн өзi Үлықтау, жоқ жерден жау iздеу, бiр кiсiнiң қыр соңынан қалмау, әлдеқандай қытайы ыза-кек, өшпендiлiк, үнемi қудаланып жүрген кiсiдей боп көрiнуге тырысу, көре көзге өтiрiк айту, жалпы адамды бiр түрлi қолайсыздау күдiкке шомдыра беретiн бiр қызық комплекс басым. Ең бастысы, ол өзi басынан кешпеген, көзiмен көрмеген Кеңес заманы жайлы еш қысылмай жаза бередi. Оның жазуынша, ол: “Өзiнiң өмiрлiк достарын да, қырық жылғы кегiн Үмытпайтын қызылкөз жауларын (?) да осы газетте жүрiп тауыпты” (10 т. 461 б.). Оның мҮндағы ақ пен қара, дос пен дҮшпан деп әдәбиятшыларды екiге қақ бөлуi тегiннен тегiн емес. Ол үшiн әдәбияттағы ой-пiкiр таласы, әр түрлi көзқарас, плюрализм т.б. дегендер мүлдем түсiнiксiз бiрдемелер. Мiне, осы шартты жасы жетпiске жеткенше дейiн қатты Үстанып келген Қабдеш  мемлекетiмiздiң тарихына болған, өзiнше орындары бар қайраткерлер мен атақты жазушыларымыз жөнiнде былайша жазады:

  • “МҮқановтың бҮлай қҮлдырау себебiн Қонаевтың билiк басына екiншi рет келуiмен байланыстырады… Сәбең… жоғарының нҮсқауымен Қонаевқа қарсы сөйлеген көрiнедi… Қонаев билiкке оралған соң, “сыншыларына” қырын қарай бастайды” “10 т. 461-462 б.б.). “Менiң МҮқановқа жаным ашығаны сонша, Кеңес үкiметiнен түңiлiп кеттiм” (10 т.505 б).
  • “Шығармашылық Одақтарға Орталық Комитеттiң идеология жөнiндегi хатшысы, үгiт-насихат және мәдениет бөлiмiнiң бастықтары тiкелей басшылық(?) еттi. Саттар Имашев, Михаил Есенәлиев деген кiсiлер Үзақ жыл дәуiрлеп тҮрды. Жазушыларға берiлетiн мансаб пен марапат та, орден мен медаль да сол бастықтардың қолында(?). Өзгесiн қойшы, жазушының қоғамдағы орнын (?) да солар белгiлейдi… Имашев… әдебиеттегi белгiлi бiр топтың сойылын соққанына күмән жоқ(?)… Аузын шымшып буған қаптай(?), төртпақ келген Имашев…” “Орталық Комитетте отырған Имашев пен Есенәлиев оларға жерлес(?) көрiнедi”.(10 т. 462, 463, 504, 542 б.б.).

Сол заманды көрген, оның қыр-сырын жақсы бiлетiн бiз сықылды кәриялар үшiн мынадай тағылған келеңсiз айыптардың орынсыз екендiгi айдан анық. Рас, коммунашылдар партиясының өз идеологиясын насихаттату мақсатымен жазушыларға қыруар ақша бөлгенi, газет-жорналдар шығарғаны т.б., басқаша айтқанда, “кiм пҮл берсе, соның айтқаны болады” деген шартты Үстанғаны белгiлi. Ендi кәзiр коммунашылдар партиясы жоқ кезде, сол шарт Үсталынбай отыр ма? Қай заманда пҮл берген кiсi өзiне қарай қарсы шапқанды Үната қойған? Сонда әлгi шарт Кеңес заманында да сақталса, онда оның не айыбы бар? БҮл бiр. Екiншiден, Орталық Комитет ол замандарда Жазушылар одағына тiкелей басшылық етiп, оған тiкелей бҮйрық бермейтiн. ¶шiншiден, хатшы Имашев пен бөлiм меңгерушiсi Есенәлиевтердiң қолдарында ондай шексiз билiк болған да емес, болып көрген де емес. Одан тыс, “жазушылардың қоғамдағы орнын белгiлеу” деген не сөз? Төртiншiден, Имашев қашан “белгiлi бiр топтың сойылын соғыпты”?  Ондай сойыл соқпақ түгел, сондай ыңғайының барын бiлдiрiп алған кiсi ол кездерi үлкен орындарда отыра алмайтын. Бесiншiден, Ресейде туылып-өскен, балалар үйiнде тәрбиеленген т.б.  Имашев пен Есенәлиев Қабдеш айтып отырған НҮрпейiсов, Ахтанов, Қабдолов, Шәймерденовтердiң ешқандай да жерлестерi емес. Әлгi жазушылардың өздерi де Қазақстанның әр түрлi облыстарынан. Сонда өмiр бойы Қытай қазақтарына тән белгiлi бiр ру мен тайпаның психологиясының ауқымында қалып қойған Қабдештiң бҮлай деп өтiрiк айтқанына жөн болсын? Оның Сәбит МҮқановты қҮлдыратып, қудалады деп Қонаевқа жала жабуының себебi неде? Егерде Қабдеш шынымен батыл болса, “Кеңес үкiметiнен түңiлiп кетсе”, онда неге осы жайлы сол кездерi ашық айтпаған? Неге өзi соншалықты жек көретiн Кеңес үкiметiнiң университетiнен бiлiм алмаймын деп, Қытайға тартып отырмаған? Әлде бҮл қырық қалталы қытайы қулықтың бiр қыры ма?

  • “МарқҮм М.Әуезов… Есмағамбет Ысмайыловқа жазған хатында, өзiнiң үмiт күтер шәкiрттерi ретiнде төрт-бес адамның атын атапты ғой. Олардың iшiнде Ә.НҮрпейiсов, Т.Ахтанов, С.Шәймерденов, З.Қабдоловтар бар…. (Олар) жаңағы хатты жалаулатып(?) өздерiн МҮхаңның мҮрагерi санап жүрдi. Қалам Үстаған жастар алдымен солардың көңiлiнен шығып(?), оң назарына iлiгуi керек…” (10 т. 463 б.).

Қабдеш бҮл жерде де қытайы қулық iстеп, шындықты жасырып отыр. Анығына келгенде, Үлы жазушы сол кездерi әдәбиятта жақсы көрiнген, үлкен-үлкен дүниялар жазған жоғарыдағы аттары аталған төрт-бес жазушымен шектелiп қалған емес, ол кезiнде Ә.Тәжiбаев, Ғ.Орманов, Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, Т.ӘлiмқҮлов сықылды қаламгерлер туралы да өз ой-пiкiрiн бiлдiрген. Одан тыс, М.Әуезов ҚазГУ-де сөйлеген атақты соңғы сөзiнде бүгiндерi қазақ әдәбиятының негiзгi Үстындары болған, сол кездегi жас дарындар Ғ.Қайырбеков, I.Мәмбетов, Е.Ибраїим, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, З.Шүкiров, С.МҮратбеков, Ә.Тарази, Қ.Ысқақов, Р.Тоқтаров, орысша жазатын Ә.Әлiмжанов, М.ЖҮмағҮлов, О.Сүлейменовтер жайлы да жылы пiкiр айтқан-ды. Кейiнiнен қазақ әдәбиятында әдәби процеске белсене араласқан да, қазақ қарасөзiнiң қабырғалы қаламгерлерi болғандар да осылар едi. Мiне, осы бiр қуатты толқын өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары қазақ әдәбиятына жаңа леп, жаңа мазмҮн, жаңа форма әкелдi. Өкiнiшке орай, кейiнiнен қазақ әдәбиятына ойда-жоқта бастық боп келе қалған әлдеқандай алаяқтардың арамза әрекетiнiң арқасында, Үлы МҮхаңның назарына iлiнбей қалған жолбикелердiң гуiлдеген қоштауымен әлгiндей қуатты топтың арасына iрiткi түстi, әдәбиятты айналшықтап жүрген алаяқтардың аласапыран бiр дәуiрi орнады. Олар ендi қолдарына Жазушылар Одағы мен баспалардың билiгi тигеннен кейiн, жоғарыда Әуезов шәкiрттерiм деп, өсиет айтқан қаламгерлерге “жiкшiл, топшыл, жершiл” т.б. деген сорақы айып тағып, оларды iштен iрiтiп, әдәбияттағы сапа үшiн күрескен, бiрақ қалай күресудiң тәсiлiн жақсы бiлмей, “жалаңтөстiкпен” алғалап, Үран тастап шаба беретiн шынайы дарындардың тас-талқанын шығарды. Сол кездерi әдәбиятта болған айтыс-тартыс кезiнде оларға Қабдеш “жерлестерi едi” деп жала жауып отырған Имашев та, Есенәлиев те еш көмек бере алған жоқ. Мен оны өз көзiммен көрген  кәриямын. Одан тыс, “қалам Үстаған жастардың олардың көңiлiнен шығып, назарына iлiгуi тиiс” деген не сандырақ? Ау, үйтетiндей әлгi жазушылардың қолдарында қандай билiк, қандай мөр бар едi? Олардың өздерi кезiнде талай рет таяқ жеген жоқ па?

Мiне, әдәбияттың табалдырығынан аттамас бҮрын осылайша Әуезов аттарын атаған жазушыларды “жауларым” деп бiлген Қабдештiң көп нәрсеге екi өкпесi қара қазандай екен. Ол кiтабының мақталмағанын да, орден, медаль т.б. ала алмай қалғанын да әлгiлердiң, соның iшiнде, НҮрпейiсовтiң Үйымдастырып жүрген “қастандығы” деп бiледi. БҮл арада, менiң бiр таңғалатыным, әлi әдәбиятта жоқ, қазақша айтсақ, “боқмҮрын” Қабдешпен ол кездерi танымал, сақа жазушы, жiгiт ағасы боп қалған, Мемлекеттiң сыйлығын елуiншi жылдары “Курляндия” деген романы үшiн алып үлгерген, өзi “ЖҮлдызда” Қабдештiң алғашқы өлеңдерiн жариялаған НҮрпейiсовтiң не Үстасатын жөнi бар? БҮл тiпте қисынға сыймайды емес пе? БҮл арадағы тағы бiр қытайы қулық, — өзiн өзi зорайтып көрсетуге тырысып, үнемi жоқ жерден жау iздеп жүретiн Қабдештiң “көрдiң бе, мен кiммен шайқасып жүрмiн” деп оқушы жҮртшылықты алдасам деген бiр оңаза талабында жатыр. Содан да болар, Қабдештiң НҮрпейiсов жөнiнде айтпайтын лас сөзi, өтiрiгi, жаппайтын жаласы жоқ.  Ондай нәрселер мына 12 томдықтың кез келген бетiнде бықып жүр. Мен солардың кейбiреулерiн ғана келтiрейiн:

  • “НҮрпейiсов бастаған “үш мушкетер”… мҮндай қастыққа (?) барады деп кiм ойлаған?… НҮрпейiсовтер тобы маған маза берудi қойды… НҮрпейiсовтi… Әуезовтiң бос тҮрған орнына отырғызбақ” (10 т. 469, 472, 485 б.б.)  “НҮрпейiсовтiң қойқаңдап басынуы(?) жаман едi”. (10 т.486 б.). “Соның бәрiн НҮрпейiсов астыртын Үйымдастырғаны мәлiм” (12 т.334 б.). “Қан мен тер”…МҮндай шығарманың халықты улағаннан(?) басқа берерi жоқ” (10 т.469 б.). “НҮрпейiсов… Компартияның сүйiктiсi…Кезiнде Қонаевпен көңiлдес (бҮл ойнас деген сөз?) едi. Колбинмен де достасып(?) үлгердi… Абай қорына аударған 100 мың доллар ақшаны пенклуб қағып кеттi… НҮрпейiсов… 1994 жылы мемлекеттен жарты миллион АҚШ долларын алыпты… Балқаштан бес жүз мың тонна мыс алса керек… президенттен 865 тонна мыс сҮрап алғаны рас екен… Ол мысты түрiктерге сатып, ақшаның қҮнды кезiнде 650 мың АҚШ долларына айналдырыпты… бiреулермен жемтiктес(?) болдыңыз… Мiне, сiзге бизнес керек болса! Ағамыз шынымен-ақ алжиын(?)деген шығар…” (12 т. 547, 561-562, 570-573 т.б. б.б.).

Осындай намысқа, шамға тиетiн өрескел, дөрекi сөздер мен қатынөсектердi оқып отырып, жаның түршiгедi. БҮ не деген қытайы кекшiлдiк, бҮ не деген ызақорлық, бҮ не деген өшпендiлiк, бҮ не деген қытайы қыжыл, бҮ не деген пәлеқорлық? Ау, үйтетiндей немене Әбдiжәмiл Қабдештiң әкесiн өлтiрiп пе? Әрi-берiден соң ол Отан соғысына қатынасқан, талай қиыншылықты қазақ халқымен бiрге өз басынан кешiрген, қиын-қыстау кезде бас сауғалап, Қытай асып кетпеген, жақсы болсын, жаман болсын, қазақ әдәбиятында Үзақ жылдан берi жҮмыс iстеп келе жатқан жасы үлкен ақсақал кiсi емес пе? Оған қоса Қабдеш неге бiр регионнан, бiр аймақтан шыққан мемлекет қайраткерлерiне, жазушыларға, басқа да азаматтарға оларды халық жауындай көрiп шүйлiге бередi? Өзi мына 12 томдықтың соңғы кiтәбында кiлең Қытайдан келген қаламгерлердi мақтап мақала жазады да, Кеңес заманында қазақтың үлкен әдәбиятын жаратқан қабырғалы, атақты жазушыларымызды “бодандық әдәбияттың” жағымпаз өкiлдерi, орыс империясының қолшоқпарлары болғандар деп, нелiктен қайта-қайта қаралауға тырысады? Олай деуге өзi әлi де толық түрде қазақстандық болып кете қоймаған Қабдештiң қандай хақысы бар?

Қабдеш мҮндай сҮрақтарға пысқырып та қарамастан, “халық жауы” Ә.НҮрпейiсовтi  “жермен жексен етiп” болғаннан кейiн қазақтың басқа да марғасқа жазушыларын талқандауға екi бiлегiн сыбана кiрiседi:

  • Мүсiрепов танауын желге тосқан кәрi қҮлжадай(?)… бҮрынғы бәйбiшесi қайтыс болған соң, өзiнен қырық жас кiшi қыз алып, ел-жҮртты бiр таңырқатып едi. Кейiн… сҮлу, жас әйелдi екi баласымен шығарып, өзiнен сәл кiшi, талай тақымнан(?) шыққан кемпiрдi алғанда, өсекшiлердiң өзi жiп таға алмай шатасып қалды. (10 т.551-553 б.б.) (Ғабиден Ғабитке)— Ана-мына шаруаға шамаң келiп жүр ме?— деп сҮрапты. БҮл сөздiң астарында көп мағына(?) бар едi. Қазiр қарт жазушы қай жағынан да (?) бҮрынғы айбыны(?) жоқ едi… Шал… (Ғабит) мен туралы (Қабдеш туралы) не жиналыста, не баспасөзде ештеңе айтқан емес. (552 б.)
  • “…Ахтановтың шығармасын мақтап диплом жазар ма едiм? Сол үшiн Қаратаевқа жақпай (қалдым)” (10 т.471 б.).
  • “НҮрпейiсовке қарағанда Ахтанов әлдеқайда талантты едi… Ол қымс етсе, Ресеймен қорқытатын. Ол жазған шығармаларында империяға шаң жуытпай өттi”. (10 т. 545, 546 б.б.).
  • “Бiздiң жағымпаздар… (НҮрпейiсов, Ахтанов, МҮхамеджанов. МҮртазаев т.б. деп түсiнiңiз), қҮстардың тобына ғайыптан қосылған Гаршиннiң “Саяхатшы бақасы” (сонда қазақ жазушылары бақа ма?) тәрiздi, Айтматовтың “ракетасына” тiркелiп, бiраз жерге барып қалуды армандаушы едi”. (10 т. 546-548 б.б.).
  • “Жамбыл — бейне заказбен жыр шығаратын фабрика (?) тәрiздi” (10 т. 524 б.).
  • “Кеңес жазушылары” кешiре алмады. Ғ.Мүсiреповтiң өзi Есенберлинге қырын қарап жүрдi” (10 т. 478 б.).
  • “Бiрiншi хатшы Ә.Әлiмжановқа барсаң (арыз деп түсiнiңiз!), жҮмысының бастан асып жатқанын айтып, өзiңе мҮң шағады” (10 т. 514 б.).
  • “Баспасөз комитетiнiң төрағасы Ш.Елеукеновке барып едiм, менi сыртымнан әбден жамандап тастаған ба, ол кiсi оң қабақ таныта қоймады” (10 т. 514 б.).
  • “Менiң… екi томдық таңдамалым да жаңағы қарақшының (?) қолынан мерт болыпты. (Ол) баукеспе Үры, ауыр қылмысқа барған маньяк… “жазушы” деген атпен танымал болған Дүкенбай Досжанов!  Дүкенбай әлге дейiн арамызда жүр… Оның асылып өлмей, қалай жер басып жүргенiнетаңым бар.(?) (10 т. 623 б.). “Басы ашық қаїарманымыздың бiрi — Президент(?) қой. Президент жайында Д.Досжан жазып та қойды. Бiзге ¶кiмет басшысы Д.Ахметов қала ма деп едiк, ол туралы да Дүкенбай жазып үлгерiптi. Демек, кейбiр жазушылар сарай тақырыбын игере(?) бастады”. (12 т. 540 б.).(Сонда Елбасы туралы роман жазған кiсiлер жағымпаз қарақшылар ма? Абылай жайлы жазған Қабдештiң өзi сарай тақырыбынан алшақ жатыр ма?)
  • 1980-жылы… Тәкен ӘлiмқҮловтан хат алдым. Оспанхан екеумiз… психтар ауруханасына тарттық. Тәкенге жолықтық. Медицина саласында iстейтiн жеңгемiз “мен жоқта ләйлiп кетесiң” деп сенбей, дәл жүрерде осында өткiзiп кетiптi”. (508 б.).
  • “Қадыр жҮртты (естелiктерiнде) сүмiрейтiп, өзiн көтерiп көрсетедi”.(12 т.552 б.) (Қабдештiң өзi қалай жазып жүр екен?)
  • (Баспаға) “Ә.ЖҮмабаев келдi. Туған жерi Арал маңынан, НҮрпейiсовпен ауылдас…(өтiрiк, ЖҮмабаев Аралдан емес, Тереңөзектен!). Менiң үстiмнен қарайтын проза редакциясының бастығы М.Сүндетов, партия Үйымының хатшысы С.Жиенбаев, кәсiподақ төрағасы Қ.ЖҮмағалиев… бәрi де ЖҮмабаевтың жерлестерi(?) (бҮ да өтiрiк, олар Қызылордадан емес, Орал мен Ақтөбеден!), бiр тҮтас “команда”(?). БҮлардан не қайыр күтуге болады?” (10 т. 488, 514 б.б.). (Олар Қабдешке не жаманшылық жасапты? Болса, соны ашық айтпай ма?)
  • “Бас редактор — КГБ әскерiнiң майоры Есет Әукебаев. Сол кiсi орта мектептi толық бiтiрдi ме екен? Әукебаев болмаса, “Жазушы” баспасы мүлде қараң қалғандай… Мiне осы адам он бес жыл бойы (1970—1985) “Жазушы” баспасында бас редактор боп отырды. БҮл тҮста оның қазақ әдебиетiне келтiрген зиянын айтып жеткiзу мүмкiн емес… (Әукебаевтың руы жайлы) Есеттiң әкесi Әукебай шал “ҚарабҮлақ” колхозында тҮратынын естiп, әдейi iздеп бардым. —Ақсақал, сүйегiңiз кiм болады! — дедiм. (Оның Керей екенiн естiгенде)… керемет қуанып кеттiм. Әукең ақсақал ат мiнгiзсе мҮндай қуанбаспын”. (10 т. 513—515 б.б.).( ЖҮрттың бәрiн “рушыл”, “жiкшiл” деп айыптайтын Қабдештiң өз сиқы осындай! )
  • “Қаратаевтай үлкен сыншы қатардағы студентпен (Қабдештiң өзi!) кектеседi деуге аузың бармайды… Қаратаев бейне тас қҮдай тәрiздi”.(10 т. 450 б.). “М.Қаратаев… мен туралы мәлiмет жинаса керек. — Қабдеш, мен сенi Ахтановтың сойылын соғып жүргенге, Ақтөбенiң не Оралдың жiгiтi ме десем, өзiмнiң бауырым екенсiң ғой дедi (ол). МҮнысы “екеумiз де найман екенбiз ғой” дегендi бiлдiретiн едi… Қаратаев осыдан кейiн өзiнiң шолу мақалаларына менiң атымды да тiзiмге қосып жүрдi”. (10 т. 453 б.).
  • (М.Балақаев туралы) “Мына кiсi… өзi армян ба, еврей ме?… Академик Iсмет Кеңесбаев… Академиктiң шектен тыс ақкөз белсендiлiгiне қайран қалдық… Кеңесбаевтың мына қылығы өзiнiң пендешiлiгiн әшкерелеуден басқа ештеңе емес…” (10 т. 442-443 б.б.).
  • М.Мағауин таяуда “ЖҮлдызда” басылған “Сүрлеу-соқпақ” атты мемуарында: “Көк мҮнарға” қол қоярда редактор солқылдақтық байқатты. Iштарлық па, әлде баспа басшыларының ығына жығылды ма” дегендей емеурiн бiлдiрiптi… “Көк мҮнар” — үлкен әдебиетке барар жолдағы тәжiрибелердiң (?) бiрi ғой… “Көк мҮнарға” пiкiр айтқаным рас. Автор… оған бола тарылмауы керек едi. МҮхтардың:“Редсоветте Тоқтаровтан өзге жылы сөз айтқан ешкiм болмады” дегенiн оқып, ерiксiз езу тарттым.( 10 т. 497 б.)
  • Рамазанның редсоветте қалай сөйлейтiнiн бiлетiнбiз. Ол жиналысты тезiрек бiтiрiп, дастарқан басына (жууға!) жеткенше асығып отыратын. “Кiмнiң асын iшсең, соның сөзiн сөйле” деген де — Рамазанның ғақлиясы. (10 т. 498 б.)
  • “Атамекендi” оқта-текте (?) көмiр кендерiнен кiтап жазатын бiр қаламгерге (Ахат Жақсыбаевқа) берген екен. Әлгi менiң романымнан көптеген “идеялық ақаулықтар” тауып, “мына бетiнде ештеңеге жарамайды” деп пiкiр жазыпты… Жаңағы сандыраққа(?) көз жүгiртiп…  (10 т.541 б.)
  • (Ж.ТҮрлыбав туралы) Жариялылықтың алғашқы жылдарында өз ата-бабасын дәрiптейтiн жазғыштар көбейiп кеттi… Азаматтары (Албандар жайлы) “көкпарға қҮнан өгiз тартатын сол ауылдар қырық-елу жыл бойы Жоңғарға неге бодан болғаны түсiнiксiз. (10 т. 579 б.)
  • Кәрiбай (Ахметбеков) бетi бүлк етпестен:“ЖҮмадiловке сыйлық беруге болмайды. Ол баяғыда “Саржайлау” деген повесiн менiң “Ақдала” деген романымнан көшiрiп алған” дептi… Содан берi неге үндемей  келгенi белгiсiз… ( Шынына келгенде, Кәрiбай осы Үрлық туралы баспасөзде ашық жазған едi!) (10 т.583 б.)
  • (Қабдеш сутенер, жеңгетай деп отырған Берқайыр Аманшин ) — Қазiр оның (Ә.Қозыбаевтың қатынының) қасында (СССР Халық әртiсi Фәрида Шәрiпованың төсегiнде) бiздiң бiр ағамыз жатыр. (Сол ойнастардың үстiне түсiрмеу үшiн) — Ойбай-ау, сол иттi (Фариданың күйеуi Ә.Қозыбаевты айтып отыр) мен таңертеңнен берi әдейi суарып (араққа) жүрген жоқпын ба? — дедi. Сонан соң ол… одақта басшылық ететiн, майдангер бiр ақынның (әлгi ағасының!) атын айтты” (10 т.215-216 б.б.).

Ендi бҮған не деуге болады? МҮндай масқара жәйттiң рас, өтiрiгiне Қабдештiң келтiретiн қандай куәсi бар? Қабдеш оған пысқырып та қарамайды. Бiр қызығы, Қабдеш айыптап отырған кiсiлердiң барлығы да бүгiндерi о дүниялық боп кеткендер, оған “мынауың өтiрiк қой” дей алмайтындар. Сонда оның ойына әруақтан ыңғайсыз-ау деген бiр нәрсе кiрiп шықпайды ма екен?

Қабдеш естелiгiнде өзiнiң қызмет жағынан өспегендiгiн, шен-шекпен ала алмағандығын, өзiне мемлекеттiң сыйлығының оп-оңай берiле салынбағанын Үзақ-сонар “жыр” қылады. Оның бҮ жерде де “қасы” мен “дҮшпандары” жыртылып айрылады:

  • “Алпысыншы жылдары… Қазақстанда мемлекеттiк сыйлық тағайындалды. ТҮңғыш рет бҮл сыйлықты 1966-жылы Т.Ахтанов пен Х.Есенжанов… МҮқанов пен Мүсiреповтен бҮрын алды ( МҮқанов пен Мүсiреповтың о кездерi жазған жаңа шығармалары жоқ едi, сыйлық жаңа дүниеге берiлетiн)… М.Зверев, Х.Ерғалиев, Т.Молдағалиев үшеуi дайын тҮрған сыйлықты алды да жүре бердi. Иә, өзге жҮрттың тiреп тҮрған ағайыны бар. Сыйлық қажет болса, сҮрап та алады… Жинақты айтасыз… Ф.Оңғарсынова облыстық газетте басылған бiр топ өлеңдерi үшiн де Мемлекеттiк сыйлықты алды. Өзiмен бiрге Үсынылған Мақағали(ға)… жол берейiн демедi. Оның қасында менiң кiтәбым бiр дәуiрдiң айнасы емес пе?… Сүйтiп, сыбағадан (сыйлықтан) қағылдық…Қазақстанның “өз еркiмен” Ресейге қосылуының 250 жылдығына арнап роман жазған Ә.Кекiлбаевқа (Қабдеш оны бiр жерде жағымпаз дейдi) қалай сыйлық бермей отырасың?… Егер Димекең (Қонаев) ықылас танытпағанда, Есенберлиннiң “Айқас” романына Мемлекеттiк сыйлық берейiн деп тҮрған ағайын жоқ едi (сол кезде онымен бiрге Үсынылған қазақ әдәбиятының классигi Ғ.Мүсiрепов бҮл сыйлықты ала алмай қалды!)… “1990-жылдың 5 қазанында… “Тағдыр” романыма Мемлекеттiк сыйлық берiлдi… БҮл Қазақстан тарихында бҮрын-соңды болмаған жағдай едi!” ( 10 т. 466, 474, 532, 533, 556, 584 б.б.).

БҮдан кейiн әдәбияттың атқаратын Үлы қызметi жайлы бiрдеңе дей қоюдың өзi қиын!

Осылайша қазақтың үлкен-үлкен жазушыларына, академик ғалымдарына, өз қатарларына әбден қара күйенi баттастыра жағып, олардың шығармаларын iске алғысыз еткеннен кейiн Қабдеш “осыдан бiрер жыл бҮрын өзi С.Қышқашевтың сынынан “арашалап” қалған, қол Үшын берген Есенберлиннiң қолтығына барып паналадым”,— дейдi (10 т.472 б.). Оның жазуынша “қазiр киностудияның бiр бөлiмiнде елеусiздеу қызмет атқарып жүрген” Есенберлин “елуiншi жылдары қуғынға Үшырапты”( Шындығына келгенде, Есенберлин ауыр қылмыс жасап, сотталып, түрмеде 12 жыл отырған! БҮл ешқанадй да саяси қуғын-сүргiн емес! ). Соған қарамастан Қабдеш үшiн: “Есенберлин — немiстiң Эссен және Берлин ( БҮ не мазақ?) дейтiн екi қаласының атын бiрiктiрiп тҮрғандай”,— боп көрiнедi (10 т.464 б.). Сүйтiп жүргенде… бiр күнi ақ түйенiң қарны жарылады да қалады. Есенберлинмен ертеден таныс Қонаев оның өз өтiнiшi бойынша, оның бҮрындары iстi боп сотталғанына, әдәби қауым арасында ешқандай салмағы да, беделi де жоқтығына қарамастан, Есенберлиндi сол кездегi жаңғыз iрi баспа “Жазушыға” директор етiп тағайындайды! Соны естiп-бiлiп, бүгiндерi “демократ” боп жүрген Қабдеш: “Шiркiн, кейде шексiз билiктiң де қажет болатын кезi бар-ау!” — деп, (10 т. 474 б.), қатыны Үл тапқаннан бетер қуанады. Содан қызыметi ойламаған жерде күрт өскен Есенберлин директор боп келiсiмен “төңiрегiне кiлең жастарды топтай бастады. Менен сәл бҮрынырақ МҮхтар Мағауин баспаға ауысқан. Ол — қазiр бас редактордың орынбасары. Проза бөлiмi Р.Тоқтаров, Т.Иманбеков, Т.Тiлеухановтармен толықты. Сөйтсек, Iлекең өзiнiң болашақ редакторлары(?) мен кеңесшiлерiн (?) жасақтап(?) жүр екен”(10 т.476 б.). Содан кейiн Қабдеш өзiне “қамқоршы” болған, жақсылық жасаған Есенберлиндi қытайы қулықпен былайша кеп “Үлықтайды”: “Iлекең… өзiне қол Үшын берiп көмектескен, әсiресе, “Көшпендiлердi” жазу барысында тарихи деректер жинасып(?), бағалы кеңестер(?) берген үш адамды айрықша бөлiп атайды. Олар — Мағауин, Бақбергенов, ЖҮмадiлов. Жазушы миллиондардың алдында мҮндай сөздi жайдан-жай айтпаса керек…. С.Бақбергенов Iлекеңе бiраз тарихи материалдар берсе керек. Ал хандар дәуiрiнiң бiлгiрi М.Мағауин “Қаїардың” қапысыз шығуына тiкелей ат салысты. Қолжазба машинкадан өткен соң менiң қолыма тидi. Шығарманың жҮмырланып, ширай түсуiне өз үлесiмiздi қостық” (10 т.477 б., 12 т. 536 б.). “Өз басым 1968-жылы жарық көрген “Ғашықтар” романынан бастап, Есенберлиннiң бiраз кiтаптарына редактор болдым. “Көшпендiлер” бастан-аяқ қолымнан өттi. Iлекеңнiң редакторлыққа менi таңдауында гәп бар… Iлекеңнiң шығармаларында стильдiк ақаулықтар аз болмайтын… (Оның бiрде) “Тiл жағынан ақсайтын жерiм бар. Қолжазбаны батыл түзетуiңе болады, қолыңды қақпаймын,” — деп өтiнгенi әлi есiмде. “Жақсылыққа жақсылық” деген бар. Мен Iлекеңнiң осы сенiмiн ақтауға тырыстым. Есенберлиннiң төңiрегiне топтасқан бiздер… қолдан келер көмегiмiздi аяғамыз жоқ. Мен iлекеңнiң қолжазбаларын көбiнше үйде жатып қараушы едiм. Ал қолжазба оқылып болған соң, пайда болған алуан сҮрақтарды оның өз үйiнде отырып шешетiнбiз. Автордың архивiн қайта ақтарып, әр жерде әрқалай боп жүрген жер-су, адам аттарын, оқиғалардың өткен мерзiмiн бiр iзге түсiретiнбiз. Сонан соң қалам iзi көп тиген қолжазба қайта басылатын… Қазiр қарап отырсаңыз, “Көшпендiлер” мен одан кейiн жазылған “Алтын Орда” трилогиясының стильдiк қҮрылымында едәуiр айырмашылық бар. Себебi автор бiреу болғанмен, кiтаптар редакторлары (?) әр басқа” (10 т. 477, 478 б. 12 т. 331-332, 535-536 б.б.). БҮл қырық қалталы қулықтың бiр қалтасы ғана. Осы арада әңгiме, шын мәнiнде, Есенберлиннiң “маңайына топтасқандардың” бiрiнiң тарихи деректердi “жинап бергенi”, екiншi бiреулерiнiң Есенберлин үшiн “жазғандары”, Қабдешше сипақтатып айтсақ, “редактор болғаны”, “қазақшасынан гөрi орысшасы жатық” (10т.477б.) Есенберлиннiң шикi қолжазбасының қатты қопарыла жөнделгенi, сүйтiп оның “жҮмырланып, ширай түскенi“, оған әлгi Есенберлиннiң маңайына “топтасқандардың өз үлестерiн қосқандықтары” туралы болып отыр! БҮл астары көп сөздерден қытайы қулықты сылып алып тастағанда, мҮның қазақшасы, “Көшпендiлердi” бiздер жазып бердiк”  болып шығады! Оған дәлел ретiнде Қабдеш Есенберлин директор болып тҮрған кезде шыққан  “Көшпендiлер” мен Есенберлин қызметтен қуылғаннан кейiн өзi жазған, ешкiм “көмек берiп, үлестерiн қоспаған” “Алтын Орданың” екi арасында “стильдiк қҮрылымында едәуiр айырмашылықтың барлығын”, басқаша айтқанда, өздерiнiң соңғы кiтәпқа “редактор” болмағандықтарын келтiредi. Ал бҮл ешқандай да күмән келтiрмейдi. Кейiнiректе Сәуiрбек пен ТҮтқабайдың “Көшпендiлерге” “өз үлестерiн қосқандықтары” жөнiнде ашық айтып жүргендiктерiн әдәби қауым жақсы бiледi. Ендi соны Қабдеш те ашық түрде мойындап отыр. Оны көзi тiрiсiнде Есенберлиннiң өзi де телеайнада сөйлеген кезiнде мойындаған! БҮл аз болса, мен “Жалын” жорналында қызмет iстеп жүрген кезiмде 1975 жылғы жарияланған Есенберлиннiң “Айша” деген бiр поэмасын Ж.Әбдiрашевтiң жазып берiп, сол “қызметi” үшiн Одақтан (ол кезде Есенберлин Одақтың екiншi хатшысы болатын!) оның үй-жай алғанына куә да болғанмын. Одан тыс, Есенберлиннiң “Көшпендiлерге” дейiн жазғандары кейiнгi жазғандарына мүлдем Үқсамайды. Жалпы оның кiтәптарынан әр түрлi жазушының қолтаңбалары анық сезiледi. Сонда Есенберлин бастық боп тҮрған кезде, Үжым болып “көмектесiп”, топтасқандар “өз үлестерiн қосып” жазылған шығармаларды жеке кiсiнiң жазғандары деуге бола ма? Әрине, жоқ! Қабдештiң осы арада “үлес” деген сөздi бiрнеше жерде қайталауында жатқан тағы бiр қытайы қулықтың қалтасы бар. Оның айтып отырғаны, ретi келсе, “үлес”—“акцияны” қайтып алам дегендiк. Сонда басқа да “топтасқандардың” мүшелерi өз “үлестерiн”—“акцияларын” қайтып алса, “Көшпендiлерден” Есенберлинге тиесiлi не қалар екен? Қалай дегенде де, күндердiң күнiнде осы шындықтың бетiнiң бiр ашылуы керек. Оның үстiне Есенберлин директор боп дүркiреп, аузымен қҮс тiстеп тҮрған кезде, “Жазушы” баспасында қызмет iстеген мен жаңағы Қабдеш айтып отырған “коллектив боп кiтап” жазып берудiң қалай “Үйымдастырылғанын”, осы қылмысқа қарсы шыққан Ахтанов, НҮрпейiсовтердiң қалайша “жiкшiл, жершiл, рушыл” деген атаққа таңылып, тас-талқан болғандықтарын, одан тыс, Қабдештiң өзiнiң сол кездерi жасаған қылмысын бiлдiрмеу үшiн, масқарамды шығарар деп, соны бiлетiн НҮрпейiсовтiң (Тахауи тiрi болса, оны да қаралап бағар едi!)  қыр соңынан әлге дейiн қалмай, оны даттап, балағаттап, әбден қаралап, “алжыған” деуге дейiн аузы барып жүргендiгiнiң негiзгi сырын т.б. өте жақсы бiлемiн. Әрине, Қабдеш бүйтiп қаншама қырық қалталы қытайы қулыққа басқанымен, өздерiнiң Есенберлиндi қолдан жасап, “қуыршақ классик” қылғандықтарын, оған “Көшпендiлер”, “Ғашықтар” т.б. деген кiтаптарды Үжымдасып жазып, жөндеп, түзеп, “редакциялап” бергендiктерiн, тағы да өзiмшiлдiгiне басып, қалың оқушы жҮртшылықтың көзiнше ашық айтып отыр! БҮдан кейiн Есенберлинге  бастық кезiнде жағынып, оның қызметiн пайдаланып, өз кiтаптарын шығарып алғандығын, оған аты шулы кiтаптарды жазып бергендiгiн көпе-көрiнеу мойындап, сүйтiп әдәби қылмыс жасағанын Есенберлин о дүниялық боп кеткеннен кейiн ашық түрде айтып отырған Қабдештiң әдәбияттағы адалдық түгел, жалпы мына тiрлiктегi ар-Үят, ар-Үждан тазалығы, адамгершiлiк т.б. жайында сөз айтып, басқаларды қаралауға, айыптауға қандай хақысы бар екен?  Егерде Қабдеш шынымен адал, таза болса, бҮл сөздi Есенберлиннiң көзi тiрiсiнде неге ашық айтпаған? Неге сол кезде соавторлыққа таласпаған? Әлде бҮл арада да қырық қалталы қытайы қулықтың басқа бiр қалтасы жатыр ма?

Кезiнде С.Қышқашевтың сынаған рецензиясына қарсы Есенберлиндi қорғаған боп мақала жазған Қабдеш оның аяғын жерге тигiзбей Үлықтай бередi. Оның ойынша, Кеңес заманында Сәкен, Бейiмбет, Iлияс, Сәбит, Ғабит, Ғабиден, Хамза, Қасым, Әбдiлдә, Әбдiжәмiл, Тахауи, Сафуан, Тәкен, Бердiбек, Әзiлхан, Сайын, Қалихан, Әкiм, Нәсiреддин, Әбiш, Дүкенбай жәнә басқалар жасаған әдәбият орыс империясының сойылын соққан, жағымпаз “бодандық әдәбият” та, Әуезов, Есенберлин мен өзi жазған кiтаптар ғана нағыз “Үлт әдәбиятына” жатады-мыс. Ол осы ғылыми жағынан мүлдем негiзсiз, ешқандай да қисыны жоқ пiкiрсымағын дәлелдеу үшiн өтiрiктi соғып бағады! Оның жазуынша, Есенберлин ертеректе саяси жақтан қудаланған, көзi тiрiсiнде таяқты оңдырмай жеген, арызқойлардың қырсығынан Ленин сыйлығын ала алмай қалған бiр тiрi әулие! Ал шындығына келгенде, мен бiлетiнде Есенберлиннiң жазған шығармаларын сынаған үш қана мақала бар. Оның алғашқысы С.Қышқашевтың рецензиясы, екiншiсi 1966-ыншы жылы “Лениншiл жаста” жарық көрген “Әдiлiн айту —әдәби сынның Үраны”, үшiншiсi 1970-iншi жылдары “Социалистiк Қазақстанда” жарияланған З.Серiкқалиевтiң “Көшпендiлер” жайлы мақаласы. Одан кейiн Есенберлиндi сынаған бiр де бiр нәрсе басылған емес. Мiне, осы соңғы мақала жайлы Қабдеш қып-қызыл өтiрiктi соға бередi: “Бiрде Есенберлиннiң “Көшпендiлерi” мен оған қарсы жазылған мақалалар(?) Жазушылар Одағында талқыланатын болып, газетке хабарландыру берiлген. Амал не, жиналыс өтпей қалды(?) … қала жҮртшылығы бар, арнайы автобус жалдап (?) жақын маңдағы ауылдан келгендер бар, Жазушылар Одағының үш қабатты ғимаратына халық сыймай(?), кептелiп қалды. Егер мақала авторы З.Серiкқалиев қолдарына түссе, түтiп жеуден тайынар емес. Ақыры жиналысты басқаруға келген(?) Ғ.Мүсiрепов бүгiн ешқандай талқылау болмайтынын айтып, жҮртты зорға таратты(?)” (10 т. 480 б.). БҮл да қып-қызыл өтiрiк! Ал мҮның шындығы былай. БҮл кезде “Жазушы” баспасында директор болып тҮрған кезiнде топ қҮрып, кiсi жалдап, кiтаптарын жаздырып алғаны Орталық Комитетке жеткеннен кейiн, Есенберлин Одақтың екiншi хатшысы боп қызметке ауыстырылған едi. Дәл осы кезде, не түлен түрткенiн бiлмейiн, әдетте қақ-соқпен онша жҮмысы жоқ, партияның басты газетiнде әдебиет бөлiмiнiң меңгерушiсi боп қызмет iстейтiн (бҮл үлкен қызмет болатын!) сыншы З.Серiкқалиевтiң “Социалистiк Қазақстанда” “Көшпендiлердi” таза әдәби жағынан қаттырақ сынаған бiр мақаласы жарияланды. Ол дүние жарық көргеннен кейiн, Түркияның бiр газетiнде соны тiлге тиек еткен “Кеңес Одағында тарихи тақырып жабық” деген бiр мақала жарық көредi. Социализм мен капитализмнiң арасында саяси күрестiң қызып тҮрған кезiнде партияның Орталық Комитетi Серiкқалиевтiң мақаласын “жөнсiз” деп тауып, оны талқылауды Жазушылар Одағына Үсынды. Мiне, соны пайдаланған Есенберлин өзi жүгiрiп жүрiп, Серiкқалиевты талқандаған жиналысты бүгiнгi бiрiншi хатшының кабинетiнде өткiздi. Мен ол жиналысқа қатынасқанмын, оның қалай өткенiн жақсы бiлемiн. Ол талқылауға Ғ.Мүсiрепов те, бiрiншi хатшы Ә.Әлiмжанов та келген жоқ, жиналысты Одақтың сол кездегi хатшысы О.Сүлейменов басқарды. Сол жиында сөйлеген Р.Бердiбаев, I.Жарылғапов, Олжастың өзi жәнә де басқалар Зейнолла марқҮмның жеке басына тiл тигiзiп, боқтап, балағататап, “саяси кәте жiбердiң” деп, оның жер жебiрне жеттi. Соған шыдамай, қарсы сөйлеген I.Мәмбетовты Олжас ертеңiне Одақтағы қызметiнен қуып жiбердi. Ол жиналысқа З.Серiкқалиевтiң өзi қатынасып отырды. Жазушылар Одағында өткен осы талқылауға “халық боп көтерiлiп, автобус жалдап” келген, “одақтың үш қабатты ғимаратына сыймай кептелiп қалған” ешкiм де болған жоқ. БҮл кәдiмгi Одақта әдеттегiдей болып жататын көп талқылаудың бiрi ғана едi. Содан көп Үзамай З.Серiкқалиев қызметтен қуылды. Оны мiсе тҮтпаған Есенберлин  1971-iншi жылы үш кiтәбы толық шыққан “Қан мен тердi”, Одақта арнайы талқылау өткiзiп, жалдамалы сыншыларға… талқандатты! Одан кейiн өзiне, Қабдештiң жазуынша, “қырын қарап жүрген”, Ленин сыйлығы жөнiндегi комитеттiң мүшесi, “Көшпендiлердiң” ол сыйлыққа Үсынуына қарсы болған, оған Мәскеудегi комитетте қарсы дауыс берген Ғ.Мүсiреповтiң өзiн… талқандатты! Осы екi арада Одақта өткен жиналыстардың барлығында да ақкеуiл, аңқылдақ, қызба Ахтанов Тахауи… талай рет талқандалды! Ақыры оны Есенберлин “ЖҮлдыздың” Бас редакторлығынан аластап қуды! Содан кейiн НҮрпейiсов пен Ахтанов Одақтың жанынан да жүрмейтiн болды! Оларға ешқандай қызмет берiлген де емес. Ахтанов о дүниялық болғанынша дейiн осы таяқтан  арыла алмады. Ал НҮрпейiсов болса, сол таяқты әлге дейiн жеп келедi. Оны Есенберлиннiң нағыз “сенiмдi қолшоқпары” Қабдеш жала жауып, боқтап, балағаттаудан әлге дейiн танар емес. Мен осының бәрiн көзiмен көрген куә кiсiмiн. Қабдеш нағыз шыншыл болса, осылар жөнiнде неге расын айтпайды?

Мен бҮл арада, ертеңдерi Қабдеш “жершiл”, “жiкшiл” т.б. деп жала жауып, байбалам салмас үшiн, өз мақалаларымда қазақ әдәбиятының көрнектi өкiлдерi, оның алтын дiңгектерi Ә.Тәжiбаев, Ж.Молдағалиев, Ә.НҮрпейiсов, Т.ӘлiмқҮлов,  Т.Ахтанов, Ә.Кекiлбаев, С.Мәуленов, Х.Ерғалиев, С.МҮратбеков, Ә.Тарази, Н.Серәлиев, Қ.Ысқақов, З.Шүкiров, Т.Молдағалиев, М.Мақатаев, Б.Әбдiразақов  және басқаларды сынап та, мiнеп те, ретiне қарай мақтап та, жақтап та жүрген  битарап кiсi екендiгiмдi ашық айтқалы отырмын. Өткен ғасырдағы қазақ әдәбиятының нағыз жәуїарларын жасаған жоғарыдағы шын дарынды жазушылардың қатарына өз басым Қабдештiң шалағай да тайыз, халтура деудiң өзi артық, макулатура деген орынды, шикi “дүнияларын” бҮрында да, бүгiнде де қосып көрген емеспiн. Тiпте олай болуы еш мүмкiн де емес. Турасын айтқанда, қиыншылық замандарда қазақ сахрасына сырттан төнген қауiпен қара басын қайттап Қытайға қашып кетiп, бiздер аштыққа Үшырап, қырылып, атылып-асылып, фашистермен соғысып, шәїид болып жатқанда, шекараның сырт жағында қымыз iшiп, гөләйттап, шалқып жатқан, әлге дейiн ру мен тайпаның сана-сезiмiнiң аясында қалып қойған, бүгiндерi қой үстiне бозторғай жҮмыртқалаған мамыражай жақсы заман орнағанда аяқ астында Үлтшыл бола қап, “отаным” деп омырауын тоқпақтап жүрген екi талайлы елде емес, сырттан қандай пәле төнсе де, қандай  дҮшпан келсе де, өмiрi туған жердiң топырағын қиып, сыртқа қарай қашып кетпеген, тiпте ондай ойы да болмаған, өлсем туған жерiмде қалам деген, нағыз отаншыл, нағыз патриот темiржолшының отбасында туылып-өскен, жастайынан орыс әдәбиятын, одан әрi Европа мен Шарқы әдәбияттарын оқып, зерттеп өскен маған қарадүрсiн қытайы, екi аяғымен өткен ғасырларда қалып қойған “қабдештердiң” ой-түсiнiктерi де, сана-сезiмi мен тайпаға тән психологиясы да, 19-ыншы ғасырға тән менталитеттерi де мүлдем жат. МҮндай сөздi бүгiндерi шеттен келген ағайынға да,  соңғы жылдары әдәби қауымның iшiне iрткi салып жүрген әрекетшiл әзәзiл топқа да ашық айтатын уақыт әбден жеттi! Мен ендi мҮның себебiн дәлелдеуге көшейiн.

Мiне, осылайша баяғыда о дүниялық боп кеткен атақты мемлекет қайраткерлерi мен жазушыларды қаралап, масқаралаған Қабдеш қыза келе өзiн сынаған танымал жазушы, сыншы µ.Доспамбетов, Қ.БалғабекҮлы, Б.НҮржекеев, Ж.ТҮрлыбаев, К.Ахметбеков  жәнә басқалар жөнiнде аузына не келсе соны айта бередi. Ол тiпте бiр арада Халық жазушысы, Мемлекеттiң сыйлығын алған, өзi үнемi “достым” деп қытайы қулыққа сап бҮлталақтата беретiн МҮхтар Мағауиндi де арандатуға тырысады. Ол баяғы Қазақстанның Ресейге қосылғанына 250 жыл толған датаға орай жазылған романдарға үлкен сыйлық авторлардың орысқа жағымпазданғаны үшiн берiлдi деп, ол шығармаларды “бодандық әдәбият”, “жағымпаздардың ” жазғандары т.б. деп, Әбiштi келтiредi де, соңына көп нүкте қойып, М.Мағауиннiң “Аласапыраны” тiлiнiң Үшында тҮрғанын, бiрақ оны кәзiр уақытша айтқысы келмейтiндiгiн… қытайы қулықпен аңғартады. Ол мҮнысын да мiсе тҮтпай, келесi бiр тҮста 1936-ыншы жылы туылған Қабдеш өзiнен 4 жас кiшi, 1940-ыншы жылы туылған М.Мағауиндi 1940-ыншы жылы туылған Н.Ә.Назарбаевтың “қҮрдасы” ете сап, аяқ астында кейiпкер боп кеткен (оған келтiретiн дәлелiм көп!) кiсiнiң аузына Президенттi, оның отбасын, С.Назарбаеваны мазақтаған, кекеп-шенеген, сықақтаған қайдағы бiр қҮдай атқан сөздердi қысылып-қымтырылмай сала бередi, сала бередi!  Жәнә де Қабдеш осындай көпе-көрiнеу арандатуын, провокациясын Мағауинге деген “Үлы достығым” деп лепiредi. БҮл жерде тағы бiр айтарым, “Қыл көпiрдегi” Айжарық бейнесiне прототип ретiнде Қабдеш көбiне өзiн, ал арандататын тҮстарында Мағауиннiң биографиясын ерiксiз еске түсiретiннiң кейбiр жәйттердi жымысқыланып алған. Онысы аз болғандай, ендi кәзiр Қабдеш қартайған шағында арызқой атанған Қ.Қайсеновпен тiзе қосып ап, М.Мағауиндi Бас редакторлықтан тайдыру үшiн неше түрлi жымысқы әрекет жасаудан тайынбай-ақ жүр!

Жазушыларды талқандап болғаннан кейiн, Қабдеш ендi: “Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысына әкiм болып тҮрған кезде Жайық жағасына үй салдырып, қаламгерлерге, өнер адамдарына көп жағдай жасады. Осыны көрiп, басқалар да дәметедi ғой. Өкiнiшке орай, қаламгерлердiң бәрi Жайық жағасынан емес”, — деп, Иманғалиға “рушылсың, жiкшiлсiң” дегендi тҮспалмен бiлдiрiп, дөңайбат жасайды (12 т. 556 б.). Содан “қатты қаймыққан” интернационалист Иманғали Қабдештiң ненi дәметкенiн айтпай-ақ аңғарып, мына 12 томдықтың жарыққа шығуы үшiн қыруар ақша бөледi! Осы қаражат қалтасына түскеннен кейiн, Қабдеш тағы да қытайы қулығына басып: “Осыдан үш жыл бҮрын Иманғали Тасмағамбетов 100 кiтап шығарып бердi. Керемет резонанс тудырса керек едi. Жоқ, шыбын шаққан қҮрлы болған жоқ, ”— деп, (12 т.556 б.) Иманғалидың бүткiл еңбегiн мансҮқ етiп шыға келедi! МҮндай қырық қҮбылған қырық қалталы қытайы дипломатияны көрiп тҮрып, таңғалғаннан аузыңды аңырайта, кере ашып: “Па, шiркiн, яшанг, яшанг, Қабдәш әкә!” — дегiң келедi!

Мен жоғарыда келтiрген мысалдар Қабдештiң “көркемделген” дүнияларынан емес, мақалалары мен өзi жайлы жазған мемуарынан алынды. БҮл арада жазушы кiсiнiң қандай нәрсеге де кез келген тҮрғыдан қарап, қалай баға берем десе де еркi, хақы барлығын тағы да айта кеткiм келiп отыр. Ол бағалардың дҮрыс-бҮрыстығына жазушының ар-Үяты жауап бередi. Ендiгi мәсәлә — сондай жеке бастың қамын күйттеген бiржақты сыңар езу бағаларды әдәби кiтаптарға кiргiзудiң қаншалықты орынды, орынсыздығында болып отыр. БҮл жағынан келгенде де Қабдеш әдеп, Үят, жҮртшылықтан қымсыну, жәй ғана қарапайым адамшылық т.б. дегендердi табанының астына таптап кете бередi. Өзiн “көзi тiрi классик”, “Үлы жазушы”, “данышпан” т.б. санайтын Қабдеш жоғарыдағы дүнияларында жҮрттың бәрiн қаралап, жамандап, қатынөсек таратып болғаннан кейiн, “Қыл көпiр” дейтiн “романына” солардың барлығын еш қысылмастын тоғытып кiргiзе берген. Ол  осы жолы басқалардың бәрiн қойып, ендi анау-мынау емес, тура… халқымыздың көреген басшысы, Үлы саясатшысы, көсемi Президент Н.Ә.Назарбавтың өзiне әлдеқандай қытайы кекпен, ызамен, өшпендiлiкпен өршелене бас салады. Осының алдында ғана: “Қазақта балалары шетiнен батыр боп туатын бiр ғана ру бар. Ол — Шапыраштылар!” — деп, (10 т. 602 б.) бiр мысқылдап алып, iзiнше: “ Мына қызықты қараңыз, сөйтсем, президент НҮрсҮлтан Назарбаев — Шапырашты руынан екен ғой!” — деп, ( 10 т.604 б.) өтiрiк таңғалған болған ол жәнә бiр қытайы қулыққа басып: Әттең, президентке дҮрыс ақпарат жетпей жүр ғой!— деп, (“Қыл көпiр”, 11 т. 604 б.) кiжiнедi. Содан кейiн патша мен екi араға делдал болатын кiсiлердi кезiнде Қытайдан Қазақстанға келген кiсiлердiң арасынан iздестiре бастайды. Өзiн өзi Әуезовпен теңестiруге үнемi қҮмар боп жүретiн Қабдеш оны қапысыз табады да. Шынында да, Абайды қатты қолдаған, кезiнде Түркстаннан келген Бердiқожа Әуезовтiң арғы атасы болса, онда сол төңiректен “кiшi әуезов” Қабдештi қолдайтын бiр қожа неге табылмайды? Осы арада “рушыл” емес Қабдеш: “Тоғыз таңбалы Найманды… соншама қор санайтындай Найман далада жатқан Үлыс па екен? Қара ағаштай қалың Найман Шыңжаң қазағының үштен екiсiн қҮраса, Қазақстанның төрт облысын алып жатыр! ”— деп, (10 т. 575 б.), шамасы аз ру болса керек, бiр мықтыны тапап тастайды да, М.Әуезовтың:

“Тобықты елiне менiң үшiншi атам Бердiқожа, бiрталай туыстарын ертiп Найман iшiне келiптi”,— дегенiн есiне алып: “Демек, Аягөз маңына бiрге келген Бердiқожа мен ҚҮл-МҮхаммед Үзаса төрт-бес атадан қосылуы ғажап емес”, — деп, (10 т. 165 б.) кереметтей қуанып кетедi. Ол ендi шежiреге үңiледi.“…Жазушының (Қабдештiң) бабасы Смайылмен достасып, Шәуешекке көшiп барған ШейхҮл Сейiттiң Үрпақтары… Олардың кейбiреуiн жазушы бҮрыннан жақсы бiледi. ҚҮл-МҮхаммедтiң Сейiт-Ахмет деген Үлынан тарайтын бiр немересi Сейiт-МҮхаммедпен Шәуешек гимназиясында бiрге оқыды... Абрар — ҚҮл-МҮхаммедтiң қазақ әйелiнен туған кенжесi Сейiт-Әкрамның баласы. Абрардың… Үлдары — көкжал бөрiдей, қыздары — қызыл түлкiдей… Балаларының iшiнде бөле-жара мақтаныш етерi — ортаншы Үлы МҮхтар. Кәдiмгi исi қазаққа танымал МҮхтар ҚҮл-МҮхаммед!”. “Мен… сахна төрiнде отырмын (60 жылдығы кезiнде). Жиналысты “АтамҮра”корпорациясының президентi МҮхтар ҚҮл-МҮхаммед басқарды. 1962-жылы Шәуешектен ел ауғанда, МҮхтар аяғын ендi басқан екi жасар бала екен. Ел кенелдi, төл теңелдi деген осы. ҚҮдайдың мҮнысына да шүкiршiлiк!” (10 т. 264, 630 б.б.) Сонымен, Айражық-Қабдештi қолдайтын “1960-жылы… дүниеге келген, бүгiндерi исi қазаққа танымал, мәдениеттiң белгiлi қайраткерi МҮхтар ҚҮл-МҮхаммедi” бар екен! (10 т. 165 б. 11 т. 264 б.). Қабдеш ендi МҮхтарға: “Әттең, президентке дҮрыс ақпарат жетпей жүр ғой!”— деген өкiнiшiн жеткiзуге тырысады. Бiрақ қалай? Оның ойынша, Шәуешектен 1962-iншi жылы 2 жасында, сәби кезiнде ата-анасымен бiрге Қазақстанға өткен МҮхтар ҚҮл-МҮхаммедтiң қырық қалталы қытайы қулықты бiлмеуi мүмкiн.  Дегенмен де бҮл арада ол сезбейтiндей басқа бiр түбi терең жымысқы қалта табу керек! МҮндайға келгенде алдына жан салмайтын Қабдеш оны оп-оңай тауып ала қойды. Өзi Үнатпайтын адамдарды өз шығармасына ешбiр қысылып-қымтырылмастан жағымсыз кейiпкер етiп ала беретiн ол жаңадан жаза бастаған “Қыл көпiрiне” МҮхтарды Мәулен деген қаїарман етiп енгiзедi де, ендi кеп оның басын шатады! Қабдеш оны “Үзын шашы желкесiн жауып тҮрған, сҮңғақ бойлы, ашаң жүздi, аққҮба” деп, өте дәл етiп суреттейдi де: “Осы жiгiт бҮрын Орталық Комитетте iстейтiн сияқты едi. Қазiр қайда екен!” — деп, (11 т. 314 б.) қатты ойланады. Содан бiр кезде: “Е, неге танымайын, Мәулен емессiң бе?… Жаңылмасам, Орталық комитет… то есть президент аппаратында iстейтiн сияқты едiң ғой. Қазiр сондасың ба?” — дейдi “шҮрқырай тiл қатып”. “Жоқ. Ол жерден кеткенмiн, — дедi Мәулен. — Қазiр университетте саясаттанудан сабақ беремiн”. (11 т. 372-373 б.б.). Содан “шҮрқыраса тiл табысқан” екеуi Президенттi; “Қазiр жауапты кадрлар көбiнше президент шыққан өңiрден iрiктелетiн болған”, “Сонда кадрларды Елбасының өзi iрiктей ме?”, “Сол үшiн тҮтас бiр аппарат жҮмыс iстейдi. Жағрафиясына, жүзiне қарап, аппарат Үсынады. ¶лкен кiсi бекiтедi”, “Өткенде әлдебiр қҮрылысшы-прорабты мәдениет министрi етiп қойған”, “Көсемдi қолдан жасап аламыз да, кейiн оны түсiре алмай әлек боламыз”, — деп (11 т. 372,373,374 б.б.) Президенттi талқандауға көшедi. Сол арада Мәулен-МҮхтар: “Ана Ғабдул-Жаппар ақсақал Балқаштан бес жүз тонна мыс алатын болды, осы жақында үкiметке қол қойғызып алды”,— деп Айжарық-Қабдештiң осал жерiн бiр тырнап өтедi. Себебi Айжарық-Қабдеш “жаңағы Ғабдул-Жаппар (тағы да баяғы Әбдiжәмiл!) деген жазушыны суқаны сүймейдi. “империяның қолшоқпары”, “қҮлдық өмiрдiң жаршысы” деп иттiң етiнен жек көредi” (11 т. 318 б.). “Жетпiстен асқан Ғабдул-Жаппар… майдангер, пенклуб жетекшiсi, жасы келген ақсақал… Бүгiнгi президенттi майлы iшекше айналдырып, бес жүз тонна мыс сҮрап алды… (Ол) Қаныңды теспей соратын түйекене секiлдi, қҮлқыны тойғанша жабысқан жерiнен айрылмайды… шалдың жайын аузына жирене көз салып…” Сол арада Айжарық-Қабдеш Елбасының қабылдауында отырған “Ғасыр халтурщигi” — Сәбит Досановты көрiп, әбден ит-жыны қозады. (11 т. 423-424 б.б.). Содан кейiн Айжарық-Қабдеш пен Мәулен-МҮхтар КРАМДС-банк, Президенттi тағы да талқандай жөнеледi. МҮндай “ашына” айтылған айыптаулар мына кiтәпта толып жатыр!

Қабдеш өзiнiң “Қыл көпiрiне”, тек қана қара басының өшiн, кегiн алу мақсатымен, өзi жек көретiн жазушыларды қара ниет, Үсқынсыз, жағымсыз кейiпкер етiп енгiзе берiптi. Оларды түстеп-тану онша қиын емес. Мына кiтапта Үнамды кейiпкерлер Айжарық—Қабдеш, Мәулен—Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қажiкен Атабаев—Қажыгелдин мен Қабдештiң Мақаншы ауданындағы жерлес бастықтары ғана!? Ал қалған кейiпкерлер Терещенко—Тимошенко (11 т.394 б.), “қалтасы қалың мҮнай алпауыты” Балғынбаев (458 б.), Атымтай—М.Шаханов, Көпесбай—Мырзатай Жолдасбеков, Бас режиссер Ноғайбек—Ә.Мәмбетов, “әдебиетшi академик”, “кездескенде аузын шүршитiп сүйiсе беретiн Зеке”— З.Қабдолов (372 б.), Танымал жорналшы Т.Квятковская—“Катовская” арыз жазып, Мәжiлiс тараған кезде “талып қалып, ауруханаға түскен “байғҮс төраға“, жағымпаз жазушы Ә.Кекiлбаев”, “Ғасыр халтурщигi”—С.Досанов, “комсомолдан өскен қала бастығы”,“қай жерде қалай сөйлеудi жақсы бiлетiн” И.Тасмағамбетов жәнә басқалар барып тҮрған алаяқтар, жағымпаздар, итаршылар, Елбасының табанын жалап жүрген “кейқуаттар”, “қара табан қҮлдар”!

Ендi осы айтылған сөздерiме “Қыл көпiрден”, ешқандай да тәпсiрсiз, комментарийсiз, оқушы жҮртшылықтың өзi-ақ толық түсiне алатын нақтылы мысалдар келтiрейiн.

Қадырданды ЕЛБАСЫМЫЗ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ туралы:

“Империяның жалдамалы малайлары әлi тақтан түскен(?) жоқ… Президент аппараты орналасқан Ақ сарай мен алаңдағы мiнбердi жалғастыратын жер асты жолы бартҮғын. Осыдан бес жыл бҮрын Желтоқсан дүрбелеңi кезiнде үкiмет адамдары ( iшiнде бүгiнгi президент те бар) сол жерасты жолымен келiп, жастарға сес көрсетiп, бiрақ тiлдерiн алдыра алмаған (11, 186 б.) Осының бәрiн алдын-ала ойлап, үйлестiрiп отырған бiздiң елбасы қандай сҮңғыла, үкiмет неткен көреген?! (288 б.) Министрлер Кеңесiнiң төрағасы (Н.Ә.Назарбаевты айтып отыр?!.) мен Орталық комитеттiң идеология жөнiндегi хатшысы анау мiнбеге көтерiлген екен, студенттер оларды қармен атқылап, қуып тастапты (296 б.). БҮрынғы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетi деген бiр қора жазудың орнына “президент аппараты” деген екi сөз iлiнiптi. Бәрi де Колбин заманындағы номенклатура. Күнi кеше империяның тiрегi болған балшабектер әлi күнге дейiн билiк басында сiресiп отыр (308 б.). Кешегi Компартия басшыларының әлi күнге дейiн ел басқарып отырғаны да өтiрiк емес (310-311 б.б.). (Айжарық-Қабдештiң әйелi айтады) Елдiң сендей еркегi қазiр бiр елдiң президентi болып, жҮрт билеп отыр. Бiр айда туған қҮрдасың. Қазiргi Елбасы Айжарықпен түйдей қҮрдас болатын. Туған жылы ғана емес, айы да ортақ. Аралары — он бес-ақ күн. (388 б.)— Президент болу үшiн мен сол жылы орта мектептi алтын медальмен бiтiрмеуiм керек едi. Бiрден университеттiң филология факультетiне оқуға түспеуiм керек едi. Егер сол жылы оқуға түсе алмай, қҮрдас секiлдi Темiртауға жҮмысшы боп кетсем, бәлкiм, менен де бiрдеңе шығар ма едi… Ал сен…(әйелiне) Темiртаудағы жҮмысшы жатақханасында буфетшi (С.Назарбаеваны айтып отыр?!) болып жүрмейсiң бе? Сол жерде таныспаймыз ба? (389 б.) (Әйелi) — Ешбiр жоғары оқу орнын бiтiрмей-ақ, “академик” атанар едiм. Тастай суға шомылатын “Ивановтың әдiсiн”  (тағы да С.Назарбаева!) Қазақстанға уағыздар едiм! (Айжарық) — Бiздiң қҮрдастың алғырлығында дау жоқ. Небәрi он бiр айлық училище бiтiрiп, мына дәрежеге жету деген…— Бiздiң қҮрдас университетте оқымаған ба?— Заводтың қасындағы техникалық институтта оқыған. Кешкi бөлiмiнде… Оны Көпесбай секiлдi жағымпаздар бҮзды…(389 б.)(Сонда Қадырданды Елбасы Н.Ә.Назарбаев та “бҮзылған” бiреу болып шықпай ма? БҮ не деген қытайы қулық, а! ) (Президенттiң аппараты мен оның қабылдауында болатындар) Бейне жағымпаздардың ансамблi iспеттi (371 б.) Осы елде жойдаусыз көп қаламақы табатын бiр ғана адам бар. Ол — бiздiң қҮрдас (Н.Ә.Назарбаевты айтып отыр!). Ол кiсi жаңадан ашылған “Абай қоры”, “Бөбек қоры”, “Даму қоры” сияқты бiрнеше қорға жүз мың доллар ақша атады. Өзi “қаламақы” тапқанды керемет жақсы көредi Бiздiң қҮрдас қазақтың тҮңғыш президентi ретiнде тарихқа алтын әрiппен жазылады…(390 б.). Бiздiң басшыға сөгiс жоқ. Көз майын тауысып, Үзақ оқымаған кiсi ғой! Оның үстiне өзi өндiрiстен, жҮмысшы табынан шыққан адам. Ауылдың жай-жапсарын бiлмеуi мүмкiн ( 405 б.). Мемлекет басшысы — компартияның бҮрынғы бас хатшысы. Өзiн өсiрген партияға опа қылмаған адам басқаны жарылқайды дегенге сенбеймiн… Әлде партбилеттерiн сейфке салып қойып…(416 б.). Айжарықтың “қҮрдасына” (Назарбаевқа!) жаны ашып кеттi. “Ту-у, мына кiсiнiң әдебиетшi қауым туралы ешбiр түсiнiгi жоқ екен-ау!” (424 б.) Ақмоланы уақытша жай ғана “Астана” деп атай тҮрмақ. Сөйтсе, бҮл қалаға адам аты қойылуға тиiс екен. “Вашингтон” деген сияқты. Ол адам өмiрде бар. (Назарбаевты тҮспалдап отыр?!) Аты қазiрдiң өзiнде тiл Үшында дайын тҮр (491 б.). Ол кiсiнiң таққа отырғанына да он бес жылдан асып барады. Лента қиятын жалғыз қайшы — сол кiсiнiң қалтасында. Қазiр Елбасы өз саясатын қолдайтын партияларды төңiрегiне тiзiп тастады. Солар сап түзеп тҮрғанда, ол кiсiнi тақтан тайдыру (?) оңай болмас (484 б.).

Көпесбай-Мырзатай Жолдасбеков туралы:

“Премьер-министрдiң мәдениет жөнiндегi орынбасары Көпесбай екен. Баяғыда университеттiң филология факультетiнде қатарлас оқығаны бар. Бертiнде университетте декан, оқу министрлiгiнде бөлiм бастығы болып жүрушi едi. Мынадай үлкен қызметке қалай секiргенi таңғаларлық (365 б.) Көпесбайдың киiм киiсi, шаш қойысына дейiн өзгерiп кетiптi. БҮрын бет әлпетi қара бҮжырлау, мҮрны қоңқақтау, түрi Үсқынсыздау сияқты едi. (Оны көрiп тҮрып Айжарық) “Мынау мас па, әлде есi ауысқан жынды ма?  — деп ойлады” (368 б). Мына Көпесбайдың өзi де қҮл ғой. Мына Көпесбай да ғайыптан таққа отырып қалған Кейқуат қой( 370 б.). Көпесбайдың… белгiлi бiр топтың, бiр ғана жүздiң сойылын соғып отырғаны ашық…(372 б.). Көпесбай… бейшара, өзiнше жҮртқа жол-жорық көрсетiп, нҮсқау берген болады. Дүниенiң қорлығы — дүмшенiң зорлығы екен ғой (377 б.). Патшаның маңайы(?) қашанда Көпесбай сияқты жағымпаздардан босамайды(390 б.). “БҮхар жырау” Көпесбай көлеңдеп өттi. Кеңесшi уәзiрдiң сиқы сол ғой (405 б.). Қазақы Кейқуаттар — Көпесбайлар келдi билiк басына” (425 б.).

Атымтай-М.Шаханов туралы:

“Атымтай — жай ақын емес, депутат. Жазушылар одағы iшiндегi етi тiрi пысығымыз, әрi Желтоқсан қозғалысының басы-қасында жүрген жiгiт… (11 т. 277 б.) Атымтай — тарысы пiскен үйдiң тауығы ғой. Желтоқсанды қажет кезiнде бiраз пайдаланды. Ол ендi басқа Үранға көштi. (Ондай) жолбикелерден ертерек қҮтылғанымыз жақсы (305 б.). Шри-Ланка (Қырғызстан) мемлекетiне елшi боп кеттi ғой. Атымтай орысшаның өзiн жарытпаушы едi… Сатқын серке Атымтай салған жол бар (382 б.). (Лонданда кездескенде) БҮрылып қараса — Атымтай! Тойға баратындай жасанып киiнген. Ақсары өңi кекселене баржиып, жонынан жарылардай семiрiп алыпты(471 б.). “—Атымтай, орысшаға шорқақ едiң, ағылшын тiлiнде қалай кiтап жазып жүрсiң? (475 б.).“—Юнеско арнайы қаулы шығарып, кiтапты жетекшi тiлдерге аудартуды қолға алып жатыр…(475 б.) “… түйекенеше iсiне бастаған Атымтай”( 476 б.). Айжарық:“Мына дүмшенiң ақымақтығын бетiне шыжғырып бассам ба екен?” (476 б.). Жақында “Алау” журналы… (“Жалын” жорналы) (ашып бердi). Атымтайтың Шри-Ланка жазушысы, “адамзаттың жазушысы” Кришан Раджимен (Ш.Айтматов!) бiрiгiп жазған “Адамзаттың адасуы” (“цивилизацияның адасуы”) деген қазақ және орыс тiлдерiнде басылып шықты (488 б.). (Атымтай Шри-Ланка—Қырғызстаннан) Алматыға келiп, республика сарайында шығармашылық кешiн өткiзiп қайтты” (488-489 б.б.).

Ноғайбек-Ә.Мәмбетов туралы:

“Театрдың бас режиссеры Ноғайбек (Әзiрбайжанды Ноғай деп өзгерткен) бастатқан артистер тобы. Отырыстан шыққан…Қызара бөртiп, булары бҮрқырап тҮр (295 б.). Бас режиссер депутаттық белгi тағылған омырауын ашыңқырап тастап…(296 б.). Бас режиссер Ноғайбек екен. Қасқа маңдайында қатып қалған қан дағы бар. — Сiз… Жоғарғы Кеңестiң депутаты емессiз бе? Сiздi… қамауға қандай хақысы бар?” (300-302 б.б.) (Ақырында Ә.Мәмбетов Айжарық-Қабдештi “жау қолында” тастап, бас сауғалап қашып кетедi)

Қажiкен Атабаев-Қажыгельдин туралы:

 

“Қажiкен Атабаев… төрт-бес ай депутат болып, бiрден премьер-министрдiң орынбасарлығына тағайындалған екен. Арада небәрi бiр жыл өтпей, таяуда премьер-министрдiң тағына қонжиыпты. Аяқ алысы сҮмдық. Президенттiң бiрден-бiр сүйiктiсi…(364 б.) Атабаев келесi Президент сайлауына түсем дептi. Ол келсе сайланып кетуi де ғажап емес” (486 б.). (Оның Президент болуына Айжарық-Қабдеш өте-мөте тiлектес!)

Айжарық-Қабдеш  өзi туралы:

“Екi томдық тарихи романын әркiмге қол жайып, демеушi тауып зорға шығарды (386 б.). ¶лкен жазушыға (өзi туралы айтып отыр) ондайды… Классиктi (бҮл да өзi жайлы) кiтап жазуға жалдап алмақ…(446 б.). Жақында шыққан дүниелерiн том-томға бөлiп, реттеп қойды. Он екi том” (491 б.).(Мына 12 томдық!) (Айжарық-Қабдештiң арманы) Баяғы Кеңес заманы болса, мен қазiр ақшаның астында қалғандай-екем-ау!.. Екi роман — елу баспа табақ. Әр баспаға тиражымен қоса санағанда — 800 сомнан төледi дейiкшi. Сонда 40 мың сом бола ма? Оны сол кездегi валюта қҮнына шақсақ, — 60 мың доллар! Яғни бүгiнгi бiздiң ақшамен есептегенде, тоғыз миллион теңге болады екен. Амал не, қаужаңдап-ақ қалады екенбiз (387 б.).

Мiне, Қадырданды Елбасы Н.Ә.НАЗАРБАЕВтан бастап, жҮрттың бәрiн жағымпаз, алаяқ, тоғышар, қара ниет қаскүнем, жершiл, жiкшiл, топшыл, халтурщик, “бодандық әдебиеттiң” өкiлдерi, “орыс империясының қолшоқпары”, “600 тонна мыс сҮрап алатын алжығандар”, әдебиятқа қатысы жоқ “жолбикелер” т.б. деп “қатты” айыптап, боқтап, балағаттайтын, өзiн өзi “алып”, “көзi тiрi классик”, “Үлы  жазушы” деп санайтын, кезiнде қызметi өскен Есенберлинге жалданып (оған дейiн кiтәб жазып берсе, қайда жүрген?), оған “Көшпендiлердi” жазып бергенiне өз ар-Үжданының, жалпы маманданған әдәбияттың алдында Үялып-қызарудың орнына, оны өзiнiң артықшылығым деп бiлетiн, Кеңес заманында әдәбиятымызда қҮнды дүниялар жазған ең дарынды да талантты сақа қаламгерлерiмiздi талқандауға, төмпештеуге, қудалауға белсене ат салысқан, оларға қара күйенi баттастыра жаққан, сол арам пиғылынан, өтiрiк, қатынөсек айтудан, жала жабудан әлге дейiн бiр де танбаған, тек қана шен-шекпен, төске тағар шылдырмақ, лауазым, атақ-абырой, Мемлекеттiң сыйлығын алуды, мал тауып, “қаужаңдауды” ғана көздейтiн, Кеңес заманында ақшаны артығымен қарпып қалып үйренген, бүгiндерi өтiрiк мiскiн халге түскендей боп, тағы да қытайы қулық жасап отырған, шынайы көркемделген әдәбиятқа қатысы аздау көк жасық шығармаларын жақтастарына дабыралата мақтатып, бүгiндерi қолдан жасалған “қуыршақ классик” боп отырған  Қ.ЖҮмадiловтiң ой-арманы осындай 60 мың доллардың айналасында ғана болып келедi! Менiң осы арада бiр таңғалатыным, кәзiр Қазақстанда берiлетiн шен-шекпен, атақ, лауазым, сыйлық дегендердiң бәрiн де Қабдеш алып болды. Оның Кеңес заманында-ақ, Есенберлин дөкей боп тҮрғанда, жыл сайын шығарған кiтәбына алған ақшасының өзi қап-қап! МҮның бәрi аздай, өткен жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қабдештiң 70 жасқа толуының алдында елiмiздегi ең үлкен орден “Парасатты” бердi! Соған қарамастан ата сақалы аузына түскен қытайы Қабдештiң парасатсызданып, мынадай боқ-соқты, қатынөсектi, қып-қызыл жаланы, өтiрiктi екi бетi шiмiрiкпестен алтынмен апталып, күмiспен күптелiп шыққан кiтабына тоғыта бергенi несi? МҮндай пасквильге, арзанқол шығармасымақтарға толы 12 томдықты тәжiрибелi баспагер қызметкерлерi жоқ, профессионализмi мүлдем жетiспейтiн, қалталарына ақша түскенге мәз болатын “ҚазықҮрт” баспасы қалай шығарып отыр? Олардың редактурасы қайда қараған? Олар тым қҮрымаса Қадырданды Президентiмiздiң атақ-абыройына нҮқсан келтiру үшiн қасақана жазылған жолдарды, беттердi неге қысқартып тастамаған? ¶йту цензура емес қой! Және бiр айтарым, мҮндай редактура демократиясы орныққан басқа да елдерде бар емес пе? Осыдан кейiн бiр кездерi “Жазушы” баспасында редактор боп қызмет iстеген Қабдештiң Кеңес үкiметiнiң идеологиясына зиян келтiру үшiн өзi редактор болған кiтаптарда әдейi, қасақана саяси кәте жiберiп, арандатуды көздеген арамза әрекетiне қарсы күрескен, оны талай рет әшкерелеп, ақыры маза бермеген соң жҮмыстан қудырған Совет Армиясының офицерi, өз идеясына берiк сенген коммунист, адал азамат, кезiнде академик Ғ.Мүсiрепов мақтап мақала жазған, қазақтың атақты шайыры, жорналшысы Е.Әукебаевты Қабдештiң өз естелiгiнде нелiктен аямай қаралайтындығын  толық, жақсылап түсiнуге болады.

БҮл жерде мен аса Қадырданды Елбасы, көреген саясатшы, көрнектi мемлекет қайраткерi, жас мемлекетiмiздiң негiзiн қҮрушы Н.Ә.НАЗАРБАЕВқа жағынып, оның көзiне түсiп қалайын, оны басқалардан қорғайын т.б. деп отырған жоқпын. Ол кiсi менсiз де қытайы қарадүрсiн, көргенсiз оспадарсыздардан артығымен қорғана да алады, ондай арамза пиғылды әулекiлерге барынша тойтарыс та бере алады, өзiн өзi жалпақ жҮртшылықтың алдында толығымен ақтай да алады! Мәсәлә бҮл жерде мәдәнияты өскен, өнген iргелi елдiң азаматтарының өз падишасын, халық билiгiнiң символы ретiндегi ол отырған алтын тақты сыйлай алатын, алмайтындығында жатыр. БҮл жөнiнде атақты “Кабуснаманың” (Тошкент, 1973 жыл, өзбек тiлiнде) бiр жерiнде “Хар бир одом подшо билан мунозара қилса, ажалидан илгирироқ улади. Уткир тиғнинг дамига мушт уриш хаддан ташқари ахмоқлиқдир” деп жазылған. Одан келесi бiр бетте: “Эй, фәрзәндәм, кузни емон назардан, қулни емон ишдан, тилни емон суздан сақлагил”,—деген “бир қанча панд-насихатләр” бар. Осында айтылған үш нәстеден — көздi жаман жаққа салудан, қолды жаман iс-шаруа жасаудан, тiлдi жаман сөз айтудан қырық қалталы қытайы қулық қылам деп босқа арамтер болған қарадүрсiн Қабдеш мүлдем сақтана да, оларды ескере де алмапты. Соның салдарынан өзiнiң астамсына аспанға қарай лақтырған таяғы, қҮдды бумеранг сияқтанып, өз төбесiне кеп тақ етiп түсiптi. БҮл жөнiнде “Кабуснамада”: “Харнә эксанг, уни урасан вә хәр қандай суз десанг, унинг жавобини эшитасан” — “Не ексең, соны орасың, қандай сөз айтсаң, сондай жауабсөз естисiң”,— деп жәнә бiр дана нақылият келтiрiлiптi.

Мен осы Үлы жолдардың растығына тағы да бiр рет артығымен куә болып отырмын…

04.06.2006 жыл.

Милиция мҮндай бҮзықты 15 күнге қамай салады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *