Қарай гөр мына ғажапқа…

Қарай гөр мына ғажапқа:
алып ем сатып қылқалам,
арты оның соғар азапқа
зор уайым болды бұл маған.
 

Қарындашпенен мен бұрын,
көз, басы, қолын адамның,
шамасын бұзбай белгiнiң,
көрiнер көзге не бардың
 

пормысын дәл ғып көшiрiп,
салушы ем жылтыр қағазға.
Қылқаламды алдым кешiгiп,
көктем, қыс, күз бен не жазда,
 

аспан мен жердiң ажарын
өзгерер жиi бақылап,
тұмансыз тұрса таза күн,
қалғыса жасыл жапырақ,
 

салбырап тұрса бұтақтар,
зыпылдап торғай қонса оған,
оқыған сынды кiтәб дәл,
бiр сәтiм болмай шаршаған,
 

суретке осы үңiлдiм,
келдi оны салғым бояумен.
Ажарсыз шықты. Түңiлдiм,
салғандай болып сояумен.
 

Бояуды сосын баттасқан
тазалап, қалың оның бiр
жөндеп ем жерiн, — жатты аспан
кенеттен терең, көгiлдiр!
 

Содан соң қызыл қызғалдақ,
күлтелi оның жапырағы,
боз жусан өскен дүзде андап,
ажарлы Сырдың атырабы, —
 

айнымай түстi кенепке.
Барлығы өлi бiрақта.
Жөндедiм әрлеп мен ептеп,
құлады бәрi сынақта.
 

Онымен қоса даланың
жоқ исi жусан аңқыған!
Бiлмеймiн қалай саламын,
ағысты арлап шалқыған?
 

Дыбыс пен иiс, көрiнiс
қинады солай тоғыспай,
Шамасы, қиын не бiр iс
бимәлiм сыры қорыстай.
 

Қараймын қайта күнде оған,
өшкенiң жанбай, тым жаман.
Сықақтай күлiп тұр маған
тiкiрейген мұрты қылқалам…
 

1963 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *