Шайырларда раһат жоқ, мен ешбiр
әлге дейiн кiрпiк iлген емеспiн.
Алыс жолдар сағымына алаңдап,
назарымды бiр бөлместен жамал пәк,
замандастың жаны қандай, өзi кiм,
ой-пiкiрiн, үмiтi мен сезiмiн,
талап қылған демей мендей жан аз ба,
түсiрем деп бәрiн қалай қағазға,
салып құлақ бiр саздарға сиқырлы,
түн iшiнде төрт бөлемiн ұйқымды.
Өлеңсөздiң келтiрсем деп ырғағын,
бас қоямын не кiтәбқа тым қалың.
Қалам оның дариясында малтығып,
қатты iздеймiн өз жолымды шарқ ұрып.
Қорқа қарап ақ қағазға тап-таза,
жырды ойлаған жанымда әлi жоқ маза.
Осылайша өтiп жатыр әр күнiм,
желдеп кетсем, тыңдап жастық жарлығын,
адамдаймын қаза қылған намазын,
тишайтпайды iште әлде бiр наразы үн.
Менiң үшiн жоқ таңсәрi, жоқ бесiн,
жоқ тиыштық… ертең, ертең өткесiн,
жазғаныма жұрт сүйсiнсе, бәһәрмен
қауышқандай, бiр рәһатқа батам мен…
1965 жыл