Бола көрме бұ сөзiме жүдә таң‚ —
мен өмiрде ақымақты ұнатам.
Ұнатарым‚ — айтқанға олар көнбейдi‚
болмас iстi болдырып бiр көр дейдi.
Шаруаның жүргей десең оңына‚
қодырайып ол тартады солына.
Аристотель‚ Платон мен Сократ
ақымаққа жұрттан өткен ақымақ!
Сен неге‚ деп жатпай оған бек сенiп‚
тер төгесiң сөзiн соның тексерiп.
Ендi бiрде ол күмән қылып пендеге‚
деп сұрайды‚ айналады Жер неге?
Шөжелердей жинап алған жұлдызды
жүрген шығар‚ дейдi‚ айналып Күн бiздi?
Пiкiрi де пәтуасыз кейде оның‚ —
тәрк етедi Хәййәм‚ Ньютон биномын.
Кейде бөсiп‚ соққан желше гулейдi‚
токты сыммен тұрған ағып су‚ дейдi.
Осы ойымен көргейсiң бiр таласып‚
ендiгәрi сөйлемейсiң жақ ашып.
Керiсiнше бұған… пәндә ақылды
не десең де‚ басын шұлғып қатырды.
Сен сүйiнсең‚ жатады ол да сүйiнiп‚
сен иiлсең‚ жатады ол да иiлiп.
Ал ақымақ адыраяар иiлмей.
Көршi сосын қылуасына күйiнбей?
Не десең де сөз сөйлейптiн сүйкенiп‚
жүр ақымақ көштi iлгерi итерiп.
Жоқ демесе олар айқын шындықты‚
шындығыңды ит қылады бiр мықты.
Шығармаса даусыз iстi терiске‚
бәтуә не бас шұлғысар келiсте?
Сiрә, оңбайсың қисық тумай бiр атаң…
Сол себептi ақымақты ұнатам.
Ұнатарым: iсiнiң жоқ жатығы
қызық маған ақымақтың ақылы…
1966 жыл