Параны қаптап қылғытқан…

Параны қаптап қылғытқан,
көрсек те көбiн жебiрдiң,
дүния үшiн еткен ұрлықтан
ұрлығы жаман кеуiлдiң.
 

Үйткенi жеген жебiрдi
қамайсың, қарап жатпайсың.
Ал ұрлық қылған кеуiлдi
апарып қайда соттайсың?
 

1967 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *