(Р.Яковлевадан)

Қызғанамын, мен сенi қызғанамын,
iшiм жалын, орманға жүз барамын.
Онымен де жүресiң, менiмен де.
Мұның қалай? Ар жолын бұзба, жаным.
 

Сезiм саған шарап па төгiп шашар,
қыздар құс па аңшы боп жорық жасар?
Саған әлде махаббат бал сусын ба,
өрекпiген көңiлдiң шөлiн басар?
 

Жоқ, жетедi! Келме ендi, бөспе неме!
Тосам деме, клубта тос деме де?
Ұғын бiрақ: ақыры суға кетер
қулықпенен жабысқан қос кемеге.
 

Дегенменен мен сенi қызғанамын.
Iшiм жалын, орманға жүз барамын…
 

1972 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *