Сияқты пiскен қауын қыздар кенет
бөлсе ойды‚ бұл ниетiн бұзған ба деп‚
қызғанып ұрысасың. Iшiм жылып
тұрса да соныңа‚ айтам қызған ба деп.
Жiгiттер ертесiне ызғарға ерек
кеулiңдi бөлсе‚ ниетiн бұзғанба деп
мен де ұрысам. Соныма сәл iшiң жылып
тұрса да‚ сен айтасың қызғанба деп.
Соңы оның… Бiз сүлiкше қадаламыз‚
жүйкенi бiр жапырақ жеп аламыз.
қылымсып құрсыншы деп қараған қыз‚
жiгiттер жойылсын деп жанары арсыз‚
тынған боп дауымыз бен далабамыз‚
қайтадан бiз сабырға ораламыз.
Тек ертең… қыз бен жiгiт бөлiп ойды‚
тағы да қасып сөйлеп‚ кек аламыз.
Бұ не өзi? Бiз әлде бiр даманамыз?
Осылайша бiздер неге жараламыз?
Кеуiлдi жеке-дара билеймiз деп‚
кетедi алшақ тартып неге арамыз?
Себепшi әлде соның барлығына
жаныңа қызғаныш па жамар арыз?
Қарауыл ол кеуiлге болмасыншы‚
құрсыншы жылмаң жiгiт‚ қараған қыз!
Қоялық қызғанғанды. Қызғанбасаң
бағыңды… ау‚ сонда бiз не боламыз?
1973 жыл