Әдемi айтқан өтiрiк,
құртып ойын керемет,
жатса бiреу өкiнiп,
өз маңдайын төбелеп,
сұрақ берiп сорлыға,
жанымақ боп жiгерiн,
қоса жылау орнына,
мен азаптап күлемiн.
Шат көңiлi ту алып,
құшаққа алып дос-жарын,
жатса бiреу қуанып,
өй, шапаттап қос санын,
мақтанышы зор мына
жанға шаққа шыдаймын.
Қоса күлу орнына,
мен мазақтап жылаймын.
Күлетiнім азаптап, —
жылар сәтте, шырайлы ол.
Жылайтыным азаптап, —
күлер кезде, жылайды ол.
Содан болар, шырайлы,
тұрсын сәт пен түнегiң,
күлiп тұрып, жылаймын,
жылап тұрып, күлемiн,
1973 жыл