Қанiшер әр кез iшер қан‚
iшер қан әр кез қанiшер.
Ұлыққа ондай ұсар да‚
жеген боп жанын намыс‚ ел‚
сайрайды не бiр жиында‚
қулықпен алдап қаншаны.
Сайраған сайын миында
тұрады оның шенi‚ мансабы.
Кей кезде жасап қамқорлық‚
бiреудi қояд қолпаштап.
Ұнамас жанын аң-таң иып‚
дәрiптеп кенет жорта асқақ‚
көпiртiп‚ көкке апарып‚
шыңырауға тастап жiберер.
Бишара‚ еткен қаталық‚
күйрейдi… Соған күледi ел.
Басқа да iсi көп мүлде‚
түседi ол иiскеп iзге еппен.
Алдынан кесiп өттiң бе‚ —
қуады ол күлiп қызметтен.
Кейде қол берсең иiлмей‚
болмаса дұрыс сәлемiң‚ —
қарайды ол саған шүйiлмей‚
тосары артта бар оның.
Соңы оның соғып ылаңға‚
көрсетер жұртқа жат сенi…
Майданға ашық мұнан да
қанжар ап шыққан жақсы едi!
Қанiшер деуге жоқ хақың‚
ешкiмдi ол жоқ қой сұлатқан!
…құлағандардың отқа ақыр
кетпей жүр даусы құлақтан.
1974 жыл