Ау, қара қыз, жан едiң бiр көшелi…

Ау, қара қыз, жан едiң бiр көшелi,
оңыша алмай өзiңдi жүр деседi.
Тозған жүзден таба алмай жастық iзiн,
тани алмай қойдым ғой мүлде сенi.
 

Қарақаттай көзiңе кiрiптi уайым,
тоң-торыссың түнерген құлыптайын.
Қашырды ма ақыры қайратыңды,
өлеңдетiп хат жазған шiрiк байың?
 

Өзi қайда? Көп әуес далаға тым?
Дейдi сенi қаншырдай қара қатын?
Кейиiн бе? Бiр кезде хатын тасып,
арқалап ем “поштабай” жаманатын.
 

Ол уақытта байғұстың жаны қалмай,
телмiретiн iзiңе табынардай.
Ақ қағазға тiзетiн сөз тәттiсiн,
құрбандыққа, көнбесең, шалынардай.
 

Ендi ол сол бiр пейiлiн тауысқан ба,
айналған ба жын қуып, дау ұстарға?
Жақсы шағын жырқылға айырбастар
болады екен не деуге ауыштарға?
 

Кешiрер ме мұндайда мұлтыңды уақыт,
оралар ма үрiккен, шiркiн, бақыт?
Әне, немең келедi ашып құшақ,
қойнындағы жартысын жылтыңдатып.
 

Көн тулақтай бiр кезгi шырайлы адам,
көзi жiпсiк сұм нәпсi ылайлаған.
О дариға, кейiннен бақытты жас
болады деп бақытсыз кiм ойлаған?
 

Тұра бердiм бiлместен не дерiмдi,
сенбесiмдi, бiлмедiм, сенерiмдi.
Жәутеңдеген ана үш-төрт қарағыңа
мына қасқаң қаншалық бередi үлгi?
 

Тоқтар ма екен жөн сөзге мына арысың,
ау, қара қыз, сен шыға тұрамысың?
Мен қуандым бикүнә “қылмысыма”,
мен қиналдым бикүнә “күнәм” үшiн.
 

1974 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *