Елiм менiң, сөз жинап асылдардан…

Елiм менiң, сөз жинап асылдардан,
сақтай бiлiп елдiгiн басынғаннан,
жырақ жолда жүгi ауған керуендей
келiп жеттiң бүгiнге ғасырлардан.
 

Ендi, мiне, ұзақ жол жатыр артта,
ұмытылды «Сал-сал» да, «Шәкiрәт» та.
Тiрi жанға берместей егеленген
игерiлдi кең байтақ атырап та.
 

Бүгiн дала өзгеше нұрланады,
қайта келдi көлдiң де тырналары.
Тiреп тұрған сияқты көк аспанды
зiңкиедi зауыттар тұрбалары.
 

Тiреп тұр ма? Шындықты бiлгем бiрден,
қымталғандай ызғардан iргем мүлдем.
Елiм менiң, қарғыдың зымырандай
бұл дәуiрге қой бағып жүрген күннен.
 

Сөз жоқ, кенет алысқа қарғығасын,
сағанағым деп жүрген салдырасын,
ескi өмiрдi, дәстүрдi қыл шiдердей
еншiсiне тарихтың қалдырасың.
 

Сен ұмтылдың бәрiне қарамастан,
жаңа тiрлiк iшiне араласқан
шақта ғана сезiндiң сен өзiңдi
жас баладай аяғын жаңа басқан.
 

Оның бәрi жаднама бүгiндерi,
ормандаймыз қозғалмас түбiрлерi.
Кең сарайда жүргендей жарқылдайды,
кешегi жұрт қалған құр сiңiрлерi.
 

Замана осы. Жаңалық күнде-күнде,
көз тоймайды бүгiннiң суретiне.
Елу жылда елiмдi ерен еткен
таңғаласың уақыттың құдiретiне.
 

Әрине, уақыт қалмайды дөңгеленбей,
адам жүрмес ырзығын жерден ембей.
Елiм менiң, отырдың дөңгелекке
өмiр-бақи ат мiнiп көрмегендей.
 

Ол болашақ ақыры жоқ алдаған,
бар ма кәзiр бұрынғы сораң далам?
Сырттан сенi кемсiтiп күңкiлдейдi,
кесапатшыл көп дұшпан көре алмаған.
 

Айта берсiн, Шарқышыл — iлiм ұлы,
даламызға дарыды жылы нұры.
Жадыңда әлi төреңдi тұмсыққа ұрған
төңкерiстiң темiрдей жұдырығы.
 

Сықылды едi сонда орнар жарық деген,
сыннан өттi қажыры халық берен.
Молла менен байларды қуып жүрiп,
тез айрылдың араби әлiппеден.
 

Латын соңы болды да орыс әрiп,
өзге жақтан iздедiң соны шабыт.
өнер-бiлiм алмақ боп оза шаптың,
келген жұртпен дедiң де оңышалық.
 

Әлi айнымай келемiз сол дәстүрден,
жолдан шығу бұрылып болмас мүлдем.
Елiм менiң, достыңа төрiң дайын,
көтерулi көк атты жолдасқа iргең.
 

Ұрпақтар да — мұрагер асылдарға —
жеткiзер ме бұ жолды ғасырларға?
Кең далада көк аспан мейiрленiп,
маржандары бұлттардың шашылғанда,
 

ойланамын, балаша жүгiрмеймiн,
нұрдың суы құйылды-ау бүгiн деймiн.
Елiм менiң, сен бар да, дала бар да,
бақыттымын деп iштей күбiрлеймiн…
 

1975 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *