Талға мiнiп шапқылап‚
ала шаңды атқылап‚
жүгiрмектен жалақ ап‚
қос борбайды сабалап‚
суға сүңгiп үйректей‚
бетiмiз боп түйнектей‚
жасанғанда дала бар‚
жүрушi ек-ау‚ балалар!
Таса қылып жақпарды‚
сол алаңсыз шақ қалды.
Болмайды үйтiп жүруге‚
ұят талға мiнуге.
Шаш қоюға қарадың‚ —
жетiм қалды жалағың.
Суға сүңгу жоқ бүгiн‚
о дарих‚ сол өттi күн!
Жiгiт болдық арда бас‚
жан табылды пардалас.
Отарба боп боздаған
жүр шапқылап өз балаң.
Қашпаса да тал мiнiп‚
әне допты қалды ұрып!
Ендi бiрде дүрлiгiп‚
көбелектi жүр қуып.
Дау тумастай аса түк
торғайға тұр… тас атып.
Соған iштей күйiне‚
күлем‚ аздап сүйiне.
Балалыққа кiм ие?
Егелерiн таптырып‚
тал мiнгiз де ат қылып‚
дөңгелей бер‚ дүния,
дөңгелей бер‚ дүния…
1975 жыл