Мен үшiн басталған ба мизам айы‚
қинаған не мынау бiр күй жабайы?
Көзiмнiң кiрден аршып көк әйнегiн‚
жарқ еттi кенет бұлттың найзағайы.
Жыртылды жәнә аспанның көк таңы да‚
жармасты күн күркiреп шоқпарына.
Аңғарып алғаш рет‚ шын қуандым
iшiнде тымырсықтың… леп барына.
Маусымның әлде мұным жаңа таңы‚
дағдырдың сипар әлде алақаны?
Емшегi саулы iнгенше кеткен дертiп‚
кеулiмнiң күңiренгендей кәрi атаны‚
ой дөреп‚ барам әлден мен исiнiп.
Сiңгендей кең кеудеме жер исi нық.
Көкжалдың жотасынша күдiрейген
қалпына келеатқандай белiм сынық.
Бұ не өзi? Қуат қонып бүгiн ерен‚
келдi ме кемел күзiм шыныменен?
Былдыры бала шақтың қалып аулақ‚
болашақ көрiндi ме жүгiменен?
Секiрiп әлде алға бұл түскенiм бе?
Жұрт үшiн бiр жақсылық iстедiм бе?
Жасқанбай жайылғанда көп кiтапқа‚
мәуелеп‚ түйнек салып пiскенiм бе?
Өстiм бе сонда боп дарақ белгiсi бар‚
қайратты шатқалаң шақ келдi сынар?
Кептелген ащы өрiкке аш өзегi
шабдалым болғаны ма елге ұсынар?
Кiм бiлген? Кiргiзетiн жер реңiн
дән болып әбден анық себiлерiм.
Көремiн бұрынғыдан айқын жұртты‚
айқыдау бұрынғыдан төңiрегiм.
Жәнә анық жүргендердiң көбi налып‚
ақпанға апарам ба соғым арық?
Жан-жаққа қарамасам болмайды ендi
көзiм мен бұла басты… қолыма алып.
1976 жыл