Шошыған нәрестедей жат ызбайдан
барады бастан заулап отыз‚ қайран!
Жыртылған отыз жазда жер сықылды
маңдайға орнай қалған атыз қайдан?
Ол әлде дағдырымның сынағы ма?
Заманның әлде қойған сұрағы ма?
Жартасқа жиырма бесте секiрушi ем-ау‚
ұқсап бiр таутекенiң ылағына!
Қалушы ем кейде ондайда тайып құлап‚
мертiгiп‚ болмайтынмын майып бiрақ.
Ол кезгi тентектiктен отыздағы
көредi артық сөздi ел… айыптырақ.
Сөз айту кәзiр қиын бек сенiп те‚
үлгердi қара-құра екшелiп те.
Тартса әгәр жындылыққа жиырма бесiм‚
отызым тартқылайды кекселiкке.
Екеуi — екi жақтағы төмпешiктей‚
отырам оның даусын жорта есiтпей.
Жындылық кекселiк пен жұлмалайды
додаға салған менi серкешiктей.
Ондайдан кейде қажыр болады сәт‚
мен сонда сықылдымын қонақ ұсақ.
Жиырма бес‚ деймiн iштей‚ жанартау ғой‚
отыз да орда бұзар оданы шақ.
Келедi сол екеуiн қызықтағым‚
тiрлiктiң тауысқан бар ма мүжiп дәмiн?
Арман не өткенiңдi өшiрместен‚
там салсаң‚ сол өткеннiң бұзып бәрiн?
Отыздың ұқсайды тек ниетi жатқа‚
кекселiк сонда жаспен атысад па?
…Тiлiндей аспалы сағат қалтақтаған
жалтақтап мен отырмын екi шаққа.
1976 жыл