Тiрлiк-ай‚ би болғанда масаң арман‚
күй болдым. Ендi, мiне, шаш ағарған.
Отырмын таспа тiлген етiкшiдей
қалғанша қашан түсiп кәшәбәңнан.
Жан-жағым жаңа қауым‚ жаңа тайпа‚
қараймын көп толғанып балақайға.
Асынған транзистор тентектерiм
ұрнығып қалмаса деп қалақайға‚
жәнә ойдан безбесiн деп асқаралы‚
оқталам жасықтарды жастағалы.
Солардай мен де бiр кез дәлдiрленiп‚
не сойқан‚ жасап ем-ау‚ масқараны!
Тұрардай мәңгi-бақи тiрлiк күлiп‚
қуатты қояйын деп сұмға ұқтырып‚
зып берген зоопарктен арыстанша
бүлдiргем не жиынды дүрлiктiрiп.
Бiтпестей ой дейтұғын көкала орман‚
жасқанбай жорта бергем жан адамнан.
Аңдайды ендi аяғым басар жерiн‚
сұйылды шашым ендi додаланған.
Көп шолып кезетұғын көгәлдарды‚
санаймын қалған менен жоғалғанды.
Өмiрдiң өз дегенi бар болғасын‚
бередi деймiн‚ жасқа неге арманды?
Мақсат не? Жiгiт сонша сабылар не?
Билейдi оның неге жанын әр не?
Шығанға шығарып ап‚ топ еткiзу —
мәңгiлiк қу тiрлiктiң заңы ма әлде?
Солай-ау! Мiне, өсiп тұр қарсымда гүл‚
желiкке қой-қойлайды салқын сабыр.
Шын шайтан нәпсi дейтiн қамшың да бiр‚
ол дейдi‚ тайпала бiл‚ алқынба құр!
Берiлме‚ дейдi‚ шал боп‚ қалтылға бiр‚
алысқа соққан желше аңқылдап ұр!
Мен оған дей алмаймын жаусың кәпiр…
Кәйтейiн‚ құрғыр тiрлiк‚ таусылмағыр.
1976 жыл