Тасқа талай соғылған маңдайымыз…

Тасқа талай соғылған маңдайымыз‚
бүгiндегi белгiлi хал-жайымыз.
Тағдыр жеңген басымды тарлан көрiп‚
неге сонша қарайсың‚ аржайы қыз?
 

Әлде мұнда… бақсаң да iзiн аңдып‚
терең сыр бар еместей бiз ұғарлық?
Көзге түспес қоңторғай қалыбымда
не кәрәмәт бар дейсiң қызығарлық?
 

Әлде ақтарған асылын әр астардың
дана деп пе ең? Данамен жарасқан кiм?
Әлде тұрған құлатпай жер үстiне
менi ұстыны дейсiң бе қара аспанның?
 

Бiрi де емен! Жүрместен ынжықтана‚
алға басам ауанмен жылжып қана.
Сондай сәтте кеулiмнiң жарасына
тұзын сеуiп‚ мырс еттi мыржыққара.
 

Жан жылады жексұрын тұз сепкесiн‚
дос айныды оқ қылып бiзге өкпесiн.
Бiр бау жантақ iшiнде бар шүйкебас
шығандары жастықтың iздеп көшiн.
 

Озат кiсi ондаймен оңышар ма?
Неге аласа бәндәның көбiсi‚ Алла?
Басыңа емес‚ қалтаңа қарап тиер
болады ондай не деуге тоғышарға?
 

Жауабым жоқ. Бұл бейне түс былапыт‚
қу қармаққа жас шағым түстi қатып.
Соған Лао‚ Конфуций‚ Шопенгауэр‚
Фрейд‚ Ницше‚ қарайды мысқыл атып.
 

Соны көрiп‚ кеңес ап тұстас құптар‚
деймiн: өмiр емес қой құс жастық дәл.
Қай кезде де бақсыздар арасында
айнымайтын‚ о тоба‚ ұқсастық бар!
 

Соны деп ем‚ қарағым‚ бiлер сенi‚
бақсыздықтың бар ма осы шын өлшемi?
Байқаусызда басына бақ қонғанда‚
неге адамның дiрiлдейд тiлерсегi?
 

Бақ етедi нелiктен бiздi бiр ит?
қайда қашқан мүршидтен iзгi мүрид?
Әйәл азған заманда зинақордың
кеулi — тұман‚ қабағы — мұзды мұхит.
 

Тақ-тақ етедi ондайға таңдайымыз…
өлшенбейдi Баспенен қандайыңыз…
Хауа Анаға қарайды кiм ұялмай‚
күнә болса жасырын әр жайыңыз?
 

Өзiн демей ерiнiң далбайымыз‚
жақсарды ма‚ жұптылар‚ жағдайыңыз?
Бiле алмадым. Ақтардай нәсiлiңдi
жауап ұстар қаншама бар жайыңыз?
 

…Күлкiң рентген сәулесi сияқтанып
барады өтiп… жас Хауа‚ аржайы қыз.
 

1976 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *