Бар уақтын қысыр сөз бен кеңес ұтқан…

Бар уақтын қысыр сөз бен кеңес ұтқан
көп едi ой-пiкiрiм сере шыққан.
Күн iзiн айқабақша болса бағар,
ол шiркiн пiсуге ерте неге асыңқан?
 

Жоқ, әлде шуақ болып зор несiбе,
нұр жиып, қоймаған ба көнбесiне?
Табағы айқабақтың ашылды ақыр,
көнбестен жапырағы — пердесiне.
 

Сонысын жүрсе де жұрт бағаламай,
реңi оның самсаған бiр самаладай.
Сөлi оның сықсаң, — суы шын тiрлiктiң,
ал дәнi — бас бармақтай, баданадай!
 

Бiлген бе соның сырын жаңа жасық?
Кiм мұндай айқабаққа қарамасын?
Дегенде берсем жемiс, Күнге қарай
ерiксiз иiледi неге басым?
 

Не деймiн бұ дүнияның мынасына?
Шашам ба ой — дәнектi шығасықа?
Дәметкен түннен емес, күннен шуақ
көретiн айқабақтың күнi осы ма?
 

Ол неге өсе алмайды өз бетiне,
қарайды Күннiң неге келбетiне?
Шоқиды пiскен дәндi… қара қарға
айналып бау-бақшаның жендетiне.
 

Дегенше пiскен ойды текшелетем,
не болмақ оны арамдап кетсе бұтен?
Қарға атар қайда менiң қосауызым?
Кiм құртқан? Ендi, апырмай, не етсем екен?
 

1977 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *