Көздi арбап арман болған алыс маңдар…

Көздi арбап арман болған алыс маңдар,
жағама көп болса да жабысқандар,
бүгiннен бойды әрiге асырмақ боп,
мойныңа мiнiп тұрмын, данышпандар.
 

Бiлгенiм — тар ойлының тас қамалын
жаныма көп жолатпай жасқағаным.
Ұнайды кейде ескiге болмай әуре,
сендерден жаңа жолды бастағаным.
 

Бiр кезде… қу өмiрдiң ойынына
арбалмай, көнбей дағдыр сойылына,
бүгiнге ғасырлардан қарадыңдар,
мiнiп ап алдыңғының мойынына.
 

Шыңда тұр жол кәзiрде шыққан содан.
Соны ойлап, қойсын келмей тiптен шамам,
алдыңғы жаққа көздi салсам деймiн,
жетпек боп қиялдағы жұртқа аңсаған.
 

Ойлайды жұрт лақуа деп мұны бiрақ,
жөн сөздi жаратпайды сiрi құлақ.
Сонда да шыңға дүрбi тарпақ ой бар,
сендердiң рухтарыңнан жылынып ап.
 

Сықылды сараң тартқан ғасыр маған,
шынында, сыр көп кәзiр ашылмаған.
Ақылын адамизаттың шақтағандай,
құпиясын аз ашады жасыл ғалам.
 

Көп ойсыз соны бiлмес жеркенер деп
жүрмекпiн неге жерде мен төмендеп?
Бүгiнгi бiлгендерiм аз ертеңге,
келер шақ өз шаруасын ерте келмек.
 

Сондықтан қара жердiң қойынына
барғанша болмайды ешбiр тойынуға.
Келгенде өз кезегiм, шола алсын деп,
жас төлдi мiнгiземiн мойыныма.
 

1977 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *