Жолымды қиындатса дабыра-шу,
қойғанда әрi асырмай не бiр асу,
болар деп бiр көмегi, бала кезде
құйған ем талайлардың қолына су.
Шайылар едi-ау онда қол әр түрлi!
Өзiнше әр түрлi қол болар құнды.
Жымсық қол, жарылған қол, ақсаусақ қол,
ептi қол шотқа есебiн соғар түнгi.
Қол созды шал да талай боп баладай,
керiлiп жуды қолын жатқан ағай.
Ақ қол да, кеулi қара, харам қол да,
кездестi қол да не бiр қап-қара май.
Балада ажырату бола ма онда:
кездестi адал қол да, арам қол да.
Солардан алған алғыс тигiздi ме
пайдасын мен алысқа барар жолда?
Бiлмедiм. Тiрлiгiң жоқ қайта сүрмек,
бүгiнде сол iсiммен шайқасым көп.
Әлде әкем әдейi су құйғызған ба,
қолынан кiсi қалпын байқасын деп?
Соңы оның — кеулiңдi бiр құшпақ қылаң.
…Мiне, iнiм, келiп тұрсың, ұстап құман.
Күнәсiз талай кiтәб жазған қолым,
қалмасын ақ кеулiңде қыстап күмән.
Жай осы. Мен iшiмнен тұрмын күлiп,
қояр ма су құюды бұл күнгi жұрт?
…Жүр менi қолдап, жебеп адал қолдар,
жүр менi арам қолдар қылғындырып.
Кiргiзем бұл үрдiске бiр күн бүлiк…
12.06.1979