Кiм қардар өмiр жайлы шатпағыңа…

Кiм қардар өмiр жайлы шатпағыңа,
кiм көнбек соған айып таққаныңа?
Даңғыл деп мен тiрлiктi ойламаймын,
ұжмақтың топ еткiзер бақтарына.
 

Оны ылғи мен көремiн жер үстiнен,
таппаймын жәнә күмiс кенiштi мен.
Соқпағы ойлылардың ойқы-шойқы,
ойсыздың жүрген жолы тегiс бiлем.
 

Куә оған зуылдаған талай заман,
ну сурәт өштi уақыт — шарайнадан.
Қайық қып тәуекелiн ойлы да өттi,
бас бағып, ойсыз да өттi, абайлаған.
 

Қалды оның бiрi құл боп жерошаққа,
зымырап барды бiрi болашаққа.
Омалған от басында шыңжау соны
түсiнбей, теңейдi өмiрдi аласатқа.
 

Үңiлем ал мен болсам iшiме көп,
тiрлiктi талап қылам түсiнем деп.
Ол — құрдым түбiне ешбiр жан жете алмас,
ол — мұхит шет-шегi жоқ, сұсы бөлек.
 

Кеме боп бар ма бiр жан соны кешкен?
Жетем деп кiм шегiне өлiп-өшкен?
Қаншама қинаса да, қажаса да,
тiрлiктен жүрмiз неге жерiместен?
 

Ол әлде мойнымыздан қашпас құрық?
Шошынып, кеуде керген басқа асқынып
Қараймыз неге? Бiздер жүре алмаймыз
аспанды отбасымен астастырып?
 

Өзiңше өмiр сүру елге бүлiк
салады? Содан, мықты, көр көрiнiп!
…Жабысып Жер мен Көктiң жағасына,
арқанша тұрмын әлi мен керiлiп.
 

19.01.1980

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *