Мұңымды кiмге бүгiн айтам барып…

Мұңымды кiмге бүгiн айтам барып,
шын сөздi тыңдайды ма шайтан халық?
Кеудемдi керiп шыққан керiм сырды
ол неге тыңдамайды сайқалданып?
 

Бұ не өзi? Елдiң қара ау-жайына?
Жармасқан жөн бе жұрттың шалғайына?
Тыңдайды ел өтiрiкшiнi неге сонша,
қонғандай бұлбұл оның таңдайына?
 

Бұл әлдә бұрынғыдан қалған үрдiс?
Алады неге сонша жалғаның күш?
Аузына алдаушының қоймай қақпақ,
дұрыс па бұ бәледен болғаның тыс?
 

Оларды осыншама кiм жебейтiн?
Бұ не әдет бүлдiргiге үндемейтiн?
Халықты теңестiрем деп көпiрген
көрсетiп болған жоқ па мүлде кейпiн?
 

Аңқау ма жұрт шынымен сенген соған?
Жұмақты жалықпай ма көргенше адам?
Соны айтып, неге ерекше жеймiн таяқ,
бұ халық жетер ме екен жерге аңсаған?
 

Ақырын осы гәптiң бiле алмадым,
бiледi бiзде бүгiн ұран жағын.
Көрмедiм көптiң оны құп алғанын,
жақын тұр iске аспауға ұлы арманың.
 

Дауасын соның бүгiн кiмдер таппақ?
өзгенi оңар ма екен жүрген даттап?
Көрiндi мың құбылған дүния түбi,
аузыма қоям ендi үлкен қақпақ…
 

25.12.1980

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *