Қиял-ай, қандай көгенiң…

Қиял-ай, қандай көгенiң,
құтыла алмай қойдым мүлде мен.
Аулақтың сүздiм тереңiн,
анығын көзiм көрмеген.
 

Бiр мезгiл көнбей пайымға,
ынтықтым жаққа ұнаған.
Қаулаттым қауым ойымда,
жақсылық жұртты сұраған.
 

Ақыры талап дарақы
таусылды, болды шерменде.
Қиялдың қирап қанаты,
топ ете түстiм мен жерге.
 

Оңбастан түстi басым да,
көзiмнiң алды жарқ еттi.
Ұқсап бiр аққан жасылға,
аңқаулау шағым жалт еттi.
 

Мiне, ендi шалқыр сөздер жоқ.
Кәдiмгi тiрлiк. Қалды аптап.
Өлшеймiн iстi безбендеп,
қатамын тiлдi салмақтап.
 

Сұрақ жоқ ойды қинаған,
қойғандай қолмен барлығы.
Кексемiн тiзгiн жинаған,
мақсатым — жолдың даңғылы.
 

Сиямын жерге ұядай,
мен де бiр көне күйтабақ.
Ала қызып қашқан, қиял-ай,
орныңды қалдым сипалап.
 

Жырақта жастық жалтылы,
көмiлдi кезiм не керiм.
Шаршатты-ау сарап салқыны,
аңсатты-ау құрғыр көгенiң…
 

18.03.1980

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *