Не жәйттi алып еске кеуiлге аян…

Не жәйттi алып еске кеуiлге аян,
жазыңыз, дейсiң маған, өмiрбаян.
қағазға не тәйiрi сүйкей салу,
ал жаздым, соңына оның қолым қоям.
 

Жетедi менiң бiрақ бүкпелерiм,
жасырып, ол жайында түк демедiм.
Сен қалдың қарап соған қоңырайып,
шамадан шықпағандай күткен ерiң.
 

Көзiң де қадалады қанжар сынды,
шыдамай, ол ақыры жамбарсыды.
Түсiншi, айналайын, бәндәмыз ғой,
қалайша жазам жасырын қалған сырды?
 

Ондайда сен кетерсiң шошып менен,
құпиям көп тiрi бәндә есiтпеген.
Бақытты болсам дедiм мен де жұрттай,
даңқты мен де ойладым кешiкпеген.
 

Мен дағы қағып жастық қоңырауын,
сипадым не сылқымның омырауын.
Мен дағы таласқанды терiс теуiп,
бастадым бұ дүнияның долы дауын.
 

Қалмауды мен де ойладым қатарымнан,
дәметтiм шенеунiк шапанынан.
Көрсеттiм кей кездерi жұдырығымды,
болғанға қалдырмақшы сапарымнан.
 

Болмастай бiлiм қуған ғұлама түк,
жiгiт боп, жүрдiм кейде сыралатып.
Қақпақшы болғандарды бақайымнан
тастадым талай рет тұралатып.
 

Көрсетiп кейде көпке белсендiлiк,
қайбартсын, дедiм, топқа келсем кiрiп.
Шығатын тауым заңғар болсын дедiм,
ойладым болса екен, деп, еңсем де ұлық.
 

Сол талап дауға не бiр ұрнықтырды,
қу кеулiм не пәлеге құлдық қылды.
Он рет оңаза арман ойды бөлiп,
жел иген жас қоғаша дүрлiктiрдi.
 

Сөйлеттi ол кейде өзгеден астамдатып,
қолыма, лақтыр, дедi, тас қарматып.
Кей күнi қалтама кеп кiрiп кеттi,
талақ қып талайларды қашқан бақыт.
 

Кен көрiп одан бәндә ақымағын,
мiнетiн өссiн, дедiм, сатыларым.
Айтамыз ендi кәзiр жүргенбiз деп
жанымыздың жайып тастап жапырағын.
 

Жерiмдi жәнә бiлем ненi бұлдар,
айғаққа таққан төске темiрiм бар.
Шын айтсам, өттi өмiрiм осылайша,
сенiң де осылай өтпек өмiрiң дәл.
 

Осы едi алғашқыда торынғаным,
керек пе айғақ қылу оның бәрiн?
Не ойлайды бiздер жайлы кейiнгiлер,
көп жазсақ бастың неге соғылғанын?
 

Қой, жетер! Назар салып бұл күндерге,
не жетер жықпыл жағын шын бiлгенге?
Жылмиған қандай жақсы өмiрбаян,
жылмиып, жақсы көрiнiп тұрмын мен де.
 

05.01.1981

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *