Берiлмей ойға бәкене…

Берiлмей ойға бәкене,
ақылмен тарпаң тебiсiп,
қараңғы күңгiрт кафеде
отырмын шарап мен iшiп.
 

Қиялға айтып армасын,
шалқимын осы күйiмде.
Ал менiң жадау жолдасым
тер төгiп жатыр үйiнде.
 

Жатқан жоқ менше ол өбiсiп,
мәңгiртер басты ертекпен.
Жүргенде кеше ол iшiп,
үйiмде мен де тер төккем.
 

Ажыратар осы бiздi анық,
ол кеше, өйдөй, шалқыған!
Қарағам сонда қызғанып,
жолдасқа сонша паңқыған.
 

Ақыры жеттiм ниетiме,
отырмын қыртқа мен балап.
Қызғаныш теуiп бетiне,
жатыр ғой маған ол қарап.
 

Осы ғой дағдыр тәлкегi,
жаралған бақ пен қапыдан.
Шықса оның ертең жан терi, —
мен паңқып мұнда отырам.
 

Осы бiр безбен түскен тең,
пәле жоқ мұнда қорқар түк.
Жан терiм менiң шықса ертең,
отырмақ жайда ол паңқып.
 

Шамасы, осы тәлкекте
бiр сыр бар айтар түйiп ап.
Теңдiктiң болар ертекте
түсуi жерге қиын-ақ!
 

Әрине, оны құп алам,
алшақ тек бәндә татары:
қуанып жатса бiр адам,
бiр адам жылап жатады.
 

Осыны бұзған жоқ ешкiм,
ұқтық бiз кештеу, бiз — алғаш.
Мен оны бұзбақ емеспiн,
ұрпақ та оны бұза алмас.
 

Ол қиын, бiтсiн жал тiпте,
тек қана шақта ақперен,
бұзбақ боп сол бiр тәртiптi,
бұзыла бiлсем деп келем…
 

19.03.1981

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *