Қиындау болды-ау бұл тiпте…

Қиындау болды-ау бұл тiпте,
қиындау болды-ау кеткенiң!
Даңғаза мынау тiрлiкте
айрылу қиын деп пе едiң?
 

Мiнеки, тұрды сұр такси.
қарадың. Бердiң қос қолды.
Жымидың. Құдды бiр қап сый
алғандай ашу өштi ендi.
 

Қарадым мен де жымиып,
қос қолды саған тапсырдым.
Жараны кеткен дыриып
жасырып, күлкi жапсырдым.
 

Ой шапты сойқан тек iштей:
жаманнан жақсы iздеме.
Тiрлiкте тарпаң тебiспей
жүрмеймiз осы бiз неге?
 

Орлар бар неге қазылған?
қарғуға неге аз күшiм?
Әзәлдә мұным жазылған
өзгермес, өшпес жазмышым?
 

Бiз неге тегi сондаймыз,
күйттемiз неге шаруаны?
Сүйiсiп тұрып, ойлаймыз
нелiктен сардар сәруарды?
 

Жауабын мұның кiм тапқан,
адамбыз алуан әр тектi.
Қажыған жандай жыртақтан
қос көзiң кенет жарқ еттi.
 

Бар едi онда бәр-бәрi:
кiнә да, бақ та бар едi.
Сен едiң қыздың сәруары,
сен едiң әсем, әдемi.
 

Сәру ең өскен ордада,
жаныңа, мiне, өрт толып,
мөлдiреп екi көл қара,
бiр сәтте кеттi жоқ болып.
 

Зыр-р-р еттi такси. Дiр еттi
соққандай жасыл өн бойым.
Ұстатпай балғын бiлектi,
кеуiлдiң қудың бөгде ойын.
 

Мен қалдым үнсiз. Өрт керiм
жаныма жайсаң салды әуре.
Қиындау болды кеткенiң,
шамам жоқ саған қал деуге.
 

Тұрғандай ойым қауышып,
тәлкек те бұ да жолдағы.
Кетiсiп барып қауышып,
жүруге жазса, — болғаны.
 

14.03.1981

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *