Қойып ең жауаб бермей жыл бойына…

Қойып ең жауаб бермей жыл бойына,
көне сап мен де сенiң ыңғайыңа,
шығар, деп, салғаны осы маңдайыма,
жабысып жымысқы ойдың шалғайына,
 

жырақта бермей жауаб жата бергем,
қайтадан қолқылдауды кәте көргем.
Iздегем iштей жауаб бiр кездерi
жампозға бұ жолыма бата берген.
 

Оралдың оны бұзып тағы, мiне,
жаныңда бiр көргеннен жарыды не?
Мен сонша халифа ма ем, падиша ма ем,
жаққандай жақсы iсiмен тәңiрiге?
 

Тұғжымның танып әлдә өнерсiзiн,
таттың ба қу дағдырдың нелер сызын?
Жаныңды тоңдырды ма тоңдай кеуiл,
кеулiңдi қалдырды ма келеңсiзiң?
 

Жықпылын ашып не бiр жақпар саған,
жан-жақтан жұлмаланад көкпарша адам
тiрлiктiң додасында, деп бiлдiң бе?
Оныңнан таппадың ба отты аңсаған?
 

Жоқ әлдә бас дейтұғын пiспей қауақ,
кеуiлдi қалай бұрғам күштеуге жат,
бермедiм неге жауап, деп iшiңнен,
бәрiне iздедiң бе iштей жауап?
 

Кiм бiлген? Бiр жалын бар жанарыңда,
күмiлжi бiр күлкi бар қабағыңда.
Қасымнан өте шықтың қарадың да,
қалмады-ау одан басқа амалың да!
 

Болды деп ал менi сенi араны үзбек,
жатпастан жатқан едiм жаңаны iздеп.
Қайтадан бұ қылығың қылып қайран,
iшiмнен, қалдым тұрып, жауаб iздеп.
 

Қымбатты осы жауаб, бiлгендерге,
бәндәмыз бiз шуылдап жүрген жерде.
Үнемi бiз сымбатты сылқымдарға
талақша жабысамыз бiр көргенде.
 

Барлығын кейде ұмытып расында ила,
ар-ұятты басыңа етпей асыл бұйда,
келiскен кербаздардың кәрәмәттай
құмармыз бiр сипауға шашын бұйра.
 

Ақырында бар ма талап содан өнген?
Дүмдiңiз дүмше емес пе дана көрген?
Осыны оңған шаруа деймiз бе әлдә
тiрлiкке науша жасқа жаңа келген?
 

Бүгiнде тұр ма шығып сол расқа?
Жiгерiн, сүйтсе, сұм да жанымас па?
Жегеннен сатып алып, бола ма әлде,
кәмпиттiң ұрлап жеген — дәмi басқа?
 

Жақсыға жараса ма ондай ұрлық,
бiз қашан бастас болып, сел қайырдық?
Таңдайың сол ұрлықтан түк сезбейдi,
сезбейдi сол ұрлықтан таңдайым түк.
 

Таппаспыз бұ тiрлiкте жауаб оған,
таппас-ты оны емдерге дауа да адам.
Сен үшiн тәттi құмар бола қалам,
өзiмнен… кейiнiнен жауаб алам.
 

18.06.1981

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *