Ойнаған сынды баламен…

Ойнаған сынды баламен
қандай деп фәни адамы‚
бiреуге күле қарап ем‚ —
ол маған күле қарады.
 

Содан соң кеуiл күйiмен
көрсетiп қылық оңбаған‚
бiреуге қабақ түйiп ем‚ —
қабағын түйдi ол маған.
 

Таңғалдым жұртқа сол сәтте‚ —
кiм дейдi мiннен тазамыз?
Өнеге‚ үлгi көрсек те‚
бiз неге бетке қожамыз?
 

Бiз неге алдап күлгенге
алданбай қабақ түймеймiз?
Бiз неге қабақ түйгенге
жадырап‚ жарқын күлмеймiз?
 

Мен бұдан қатты шошынам‚
кетердей жанға жат енiп.
Шынында‚ кетер осыдан
қаншама дейсiң кәтелiк?
 

Әлде бұл сылтау бөспеге?
Бұл салған жазмыш әуре ме?
Кешегi жаулар дос неге‚
кешегi достар жау неге?
 

Құпиясын оның кiм бiлген‚
сарқылмас бiр сыр секiлдi.
Қатты аяп кәзiр жүрмiн мен
қыдықсыз‚ құбыл бетiмдi.
 

22.03.1982

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *