Сын айтып ем, — үйiрiлiп…

Сын айтып ем, — үйiрiлiп
жүрер мiнiн таптырмай,
ала құртша жиырылып,
қалды достым жақтырмай.
 

Мақтап едiм, құбыл деп
сен құлатқан шалқамнан, —
қара құртша күлiмдеп,
қақты достым арқамнан.
 

Болды-ау соным балалық,
сөз кемiрдi сабырды.
Ала құрт пен қара құрт
жеп жүр кәзiр жанымды…
 

22.03.1982

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *