Айналмай алғы ағадан‚
сақтамай кеулiн табадан‚
жортып жүр кейбiр көргенсiз‚
ағаны алып жағадан.
Кейiннен iнi келер деп‚
көргенсiздiктi көрер деп‚
сазамызды бiздiң берер деп‚
ойламайды ешбiр ол арам.
Қарпып бiр қалу — мақсаты‚
қалмасын мейлi жақсы аты‚
қойса ағаны қан қақсатып‚
жаққандай ол от шаладан.
Айламай ақыл аға да‚
айналып сотқар балаға‚
қосады шала шалаға‚
жаңғыртып дауды жаңадан.
Ойлаймын қисық сол жанды:
жәбiрлеп алғы жандарды‚
жағадан ол да алған-ды‚
бурадай болып жараған.
Солды да сондай сәулетi‚
бойында қалмай қауметi‚
келдi ендi өзiнiң нәубетi‚ —
кейiнгiлер оны талаған.
Бұ не өзi көшпес құрғырың‚
жазмыш па жазған күнi бұрын?
Жағадан алу бiр бiрiн
iндет пе бiзге тараған?
Бiтпестей бұл дау‚ байқаймын‚
әлпетi жаман айқайдың‚
болдырып‚ басты шайқаймын‚
келедi жөнiме қайқайғым‚
аспауды айлап қанадан…
25.07.1988