Қаншама қыршын қырылды…

Қаншама қыршын қырылды‚
кешегi кезде дүрбелең!
Қанша жас жаннан түңiлдi‚
көз тастап сыртқа түрмеден?
 

Тағдыры қанша күштiнiң
сол үшiн десей бүлiндi.
Кiм бiлмек соның ұштығын‚ —
алдады жұртты жырынды.
 

Сол үшiн‚ тайған тағынан
ел ендi қаңырап қалмақ па?
Сол үшiн безiп жанынан
арбалды ер неге жалдапқа?
 

Тұтардай құрмет ол әлде
қазаққа қызмет еттi ме?
Дәлелiң бар-ды соған не?
Ол әлде құл боп кеттi ме?
 

Шуылдап ел-жұрт соны ендi‚
көкке кеп жатыр көтерiп.
Бұзғандай ол бiр бөгендi‚
мақтауды‚ өй‚ келiп төпедiк!
 

Не болмақ оның аяғы‚ —
аяғы оның аян Аллаға.
Хан болды қудың шаяны‚
қасап болған көп кәлләға.
 

Ел соны қалай ұмытпақ‚
тұрсын бiр тозақ тақалып?
Соны ендi жатыр ұлықтап
Шымкенттi құртқан шаһ анық.
 

Шығарып өтiрiк жанынан‚
қағажу қалып сан жақсы‚
боздақтың аққан қанынан
пұл жасап ол қу алмақшы.
 

Толтырып сүйтiп көмейiн‚
батпақшы белден арамға…
Ой‚ Алла‚ ендi не дейiн‚
тойымсыз‚ ашкөз арамға?
 

Бұрынғы өткен кезде де
мұндайлар болған‚ шамасы.
Заманына қарай өзгере
бермекшi адам баласы.
 

Осыған орай өзгерiп‚
тарих та талай түрленген.
Кiм адал‚ арам — сезбедiк‚
тыңдамай дәрiс дүрлерден.
 

Келер кезде де осылай
мәңгiлiк бола бермекшi.
Көр сосын тарихтан шошымай‚
көр сосын болмай өрмекшi!
 

Кәзiрде бас кiм‚ жендет кiм?
Кiмдер жүр жұртқа жауыға?
…өрмекшi құрған өрмектiң
мен соны тұтам ауына.
 

1989 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *