Жек көрiп жарандарды, жақсы көрiп…

Жек көрiп жарандарды, жақсы көрiп,
бiреумен жақсы болып, бақсы болып
жүргенде, қу тiршiлiк кiнәлайды,
сенi ылғи жүрмейсiң деп басты қорып.
 

Көп кiсi үйткiзбедi сенi бiрақ,
сақтансаң, сардар дейдi кеуiлi жат.
Биiкке бабын тауып шыққандардың
кенеттен қиын да емес беруi мат.
 

Содан соң… сен қаласың мұзға айналып,
қажисың көкiрегiңе сыз байланып.
Қарайсың келгендерге алып дүрбi,
сөйлейсiң ысқаяққа ызбайланып.
 

Тiрлiкте татар кейде сиқыр ас көп,
оңдырмайд, дейсiң, өмiрде шикi мас боп.
Бiреудiң бос сөзiн де айта салған
қарайсың алып қолға микроскоп.
 

Көресiң сонда сөздiң қатпарларын,
ойлайсың жасырынып жатқан жағын.
Кей кезде аңқылдаған аңқаудың да
боласың аңғарғандай артқы аңғарын.
 

Содан соң жан болмастан сенен керiм,
арам, деп, әйәлдың да бөгелгенiн,
тұрғандай әзәлында тәрiзденiп,
жек көру, жақсы көру дегендерiң,
 

құйттай, деп, қалың халық көргендi алып,
көрердей көп кiсiден менмендi анық,
ойыңмен бiр оңаза отырасың,
қаптаған кiсiлерден… сен қорғанып.
 

Қолдайды дана мұны қызармастан,
бар-жоғы бiр ұрпақпыз бiз алмасқан.
Қорқамын кейбiр кезде кетем бе деп,
қорқынышты қорғанышты бұза алмастан…
 

25.07.1993

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *