Найзағай қатты құрсанып,
семсерiн көкте серметтi.
Қабағы қатқан сұрша бұлт
көз жасын төктi, селдеттi.
Арылған жапырақ — көйлектен
бұйығып тұр бар тал үнсiз.
Тамшылар мөлдiр әйнектен
сорғалайды-ай кеп дамылсыз.
Құйып тұр нөсер далада,
сабалап, ойнап есiкпен.
Ұқсайды ол жалқау балаға
сабағына қатты кешiккен.
1962