Шеңгелге гүл де бiтедi…

Шеңгелге гүл де бiтедi,
қарайсың бiр сәт iркiлiп.
Қыздардай бойын күтедi,
қызылды-жасыл құлпырып.
 
Жұрт кетер бiрақ қарамай,
кәдеге ол ешбiр аспайды.
Ал жақындасаң, аямай,
денеңдi тырнай бастайды.
 
Кейде iнi болып үлкенге,
кейде ұқсар туған ағаңа.
Көзiңше жарқын бiр пенде,
болатын жан көп арада.
 
Сондайлар улы сөзбенен
сыртыңнан күндеп, шулайды.
Пайдасы тимей өзгеге,
өзгенiң жанын қинайды.
 
Өмiрдi майға теңгерген,
бағалай бiлмес еш құнын,
олардың сонау шеңгелге
ұқсатам түрiн, кескiнiн.
 
1962

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *