Ең алғаш тебiренiп жап-жас жаным…

Ең алғаш тебiренiп жап-жас жаным,
есiмде әндерiңе ән қосқаным.
Сағындым сол бiр балғын кездерiмдi,
келiңдер, сырласайық, жан достарым.
 
Әлi есте алысқан кез тайталасып,
қалушы ек болмашыға жәй таласып.
Алайық сол кездi еске, отырмын мен
сарайын көңiлiмнiң айқара ашып.
 
Ассақ та адырынан бiр белестiң,
ортаңда жабырқамай, гүлдеп өстiм.
Жүгiрдiм қой соңында сендерменен,
шалшықты шалпылдатып бiрге кештiм.
 
Дайрада өздерiңмен бiрге жүздiм,
жарысып, кең далада гүлдер үздiм.
Қалатын сәл нәрсеге өкпелесiп,
не жетед сол бiр балғын күнге бiздiң?!
 
Шаш қойсақ бiреуiмiз, күлiп келiп,
мазақтап, бәрiмiз де жiгiт дедiк.
Өмiрдiң тұрмайтынын бiр орнында,
дәриға, сол кездерi бiлiп пе едiк?!
 
Алдымда бар арманым, не тiлегiм,
өткенге жоқ ешқанадй өкiнерiм.
Келiңдер, жан достарым, сырласайық,
достыққа кең сарайдай көкiрегiм.
 
Сөз деген сел-тасқынша құйыла ағып,
әлемнiң бар құдiретiн жыйып алып,
келiңдер өлең жазып отырсам да,
жаныма сағынышты құйып алып.
 
Әлi есте алысқан кез тайталасып,
қалушы ек болмашыға жәй таласып.
Достарым, келiңдершi, отырмын ен
қақпасын көңiлiмнiң айқара ашып.
 
1962

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *