Сұрапыл сойқан долданды,
ысқырды көктi жығардай.
Борасын жапты жолдарды,
иреңдеп, жылжып жыландай.
Алысты көзден жасырып,
ақ түтек сыртта азынаған
сабалайды үйдi ашынып,
сексеуiл шоғы маздаған.
Отырсың үнсiз тыстағы
дүлейдiң тыңлап жырларын.
Қалшылдап жеткен қыс кәрi
қуғасын күннiң нұрларын,
көп ойға салқын берiлiп,
жастықты еске алдың ба?
Қызық сәт жалт-жалт көрiнiп,
томсарып кенет қалдың ба?
Қалқам-ау, ашшы қабақты,
дүлей де долы басылар.
Түнектен аршып алапты,
ертең-ақ аспан ашылар.
Бөлмеге бiздiң аядай
күн нұры жалт-жұлт құйылар.
Ойынға шыққан баладай
көп құрбы күлiп жыйылар.
Сұрапыл тағы долданды,
ысқырған дүлей өшiктi.
Жапқаныаздай жолдарды,
жұлқиды қатты есiктi.
Қалқам-ау, саспа, тұра тұр,
ұмтылсын, дүлей, бұлқынсын!
Сұстансын, соқсын сұрапыл,
күңгiрттеу көңiл сiлкiнсiн!
1962