Алғаш сүйiп тұрғанда,
қымсынған ең қызарып.
Сол думанмен бұл маңға
келген едiк бiз ағып.
Бiрақ бүгiн нелiктен
жаныңды жас жуыпты?
Көзiң менi ерiткен
көкiрегiмдi суытты.
Сонан өшпес дат алды,
армандарға бай үмiт.
Аңдамаппын, сапарды
кетiптi өмiр айырып.
Сосын солып бекерге
қалды күмiс күн қабақ.
Аттанғай тек кетерде,
махаббатты бұлғалап.
1963