Қу дағдыр жан дүниямның хошын алды,
қыянда көңiлiмнiң досы қалды.
Барасың, қимасам да, өзге жаққа,
дәриға-ай, айрылудың осы ма алды?
О достым, мәңгi жанды iзгi етермiз,
бiр күнi бұ дүниядан бiз де өтермiз.
Сағынсақ, бейнемiздi көңiлдерге
бойынан ескерткiштiң iздетермiз.
Жүрмеспiз тiршiлiкте құр бекер бiз,
бiр күнi бұ дүниядан бiз де өтермiз…
02.09.1963