Қалайша күндер зыр қақты…

Қалайша күндер зыр қақты,—
өткенiн мүлде бiлмедiм.
Бiр ару келiп ұрлапты,
балалық шақтың гүлдерiн.
 
Бiлмеймiн, кiмдi аңсаймын,
жүрме әлде ол қыз қатарда?
Соны ойлап, күнде шаршаймын,
төсекке мұздай жатам да.
 
Жанымды менiң мол ұқпай,
сол ар шермен жырлатты.
Қойды ғой бiрде жолықпай,
аңсаған жаным қымбатты.
 
Көңiлiмде кейде жылатам,
бiлмеймiн, қайрат әлi аз ба?
Жанымды жырмен жұбатам,
жасымды құйып қағазға.
 
Онымды, достар, сөкпегiн,
сөкпегiн кездi жас алған.
Махаббат ойңай деп пе едiң,—
ол мұңнан, нұрдан жасалған.
 
Кiнәла менi сен мейлi,
кiнала жасты парлаған.
Ескер тек, күле бiлмейдi,
өмiрде жылай алмаған. 
1963

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *