Жастықпен жаңа танысқан…

Жастықпен жаңа танысқан
арманшыл, албырт кезде едiм.
қадалды көзiң алыстан,
қадалды неге, — сезбедiм.
 
Кенеттен бұзды сол шақты
бөлмеме енген ақ парақ.
Махаббат — маржан моншақты
жолдапсың маған хатқа орап.
 
Толқытар жанның дiрiлiн,
апырау, жан ба ем көрiктi?
Сол сәтте сенiң жылы үнiң
бимәлiм жаққа ерiттi.
 
Шашыңды сонда он тарап,
үстелге төне он барып,
көңiлiң сенiң қолқалап,
жаздың ба хатты толғанып?
 
Кiм бiлген? Нұрдай шартарап!
қысылам ендi мен неден?
Жан сырын сонда арқалап,
лебiзiм шықты бөлмеден.
 
Жыл өттi. Жылы сөз қалды,
жарамай шықтың серiкке.
Жаң көңiл неге қозғалды,
ауытқып, көнгей ерiкке?
 
Содан соң қойдың хат жазбай,
зулады ұшқыр алға күн.
Жаным бiр шыңды Кавказдай,
таусылмас теңiз — арманым.
 
Өтемiн сыйлап сол айды,
iнiнi бiр ой бөлесiн:
махаббат — алтын сарайды
ыластады ешкiм демесiн.
 
26.03.1963

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *