Шалабай

Шалабай бала кезiнен ұяң едi. Екi сөздiң басын құрастыра алмай, жоқ нәрседен қысыла беретiн. Аздап мұрнынан сөйлейтiн әдетi де бар болатын. Бойы сорайып, жасы отызға жақындап, мұрты тебiндеп қалса да, Читать далее Шалабай

Мақтау қағазы

Бертай биыл төртiншi класқа көшкен едi. Алғашқы үш класта өте жақсы оқығаны үшiн оған жылдың аяғында мақтау грамотасын берген болатын. Читать далее Мақтау қағазы

ӨМIРБАЯНЫМ


Мен Сыр бойынанмын. Мен 1946-ыншы жылғы апрель айының 3-i күнi №103  разъезде‚ темiржолшының отбасында дүниеге келгенмiн. Содан болса керек‚    қазақтың дағдылы кәсiбi малға қарағанда‚ темiрдiң жай-жапсарын жақсы бiлемiн.    Оның үстіне әкем (бiз оны — аға‚ шешемiздi — апа дейтiнбiз) Әйдiлдә әрi жырау‚ әрi  ұста‚ әрi қолының мiсекерi бар жан-жақты кiсi едi. Оның үстіне атамыз Алдамжар  ескi ақ патша мен Совет кезiнде 25 жыл бойы ел басқарып жүргенде‚ әкем  мұсылманша бiраз жерге дейiн оқыған‚ өте дiндәр кiсi болатын. Ол маған  жастайымнан “Құранның” сүрелерiнен аяттарды жаттатып‚ жатарда кәлима    қайыруға, т.б. үйреттi. Өзi үнемi: “О дүнияға барғанда‚ аллатағала бәндәдан жер  бетiндегi iсi туралы араб тiлiнде сұрайды екен. Ал бiз арабша бiлмеймiз”‚ — деп      кәдiмгiдей уайымдап отырушы едi. Содан бастап менiң бала кезде аса бiр сиқырлы  тiлдей көрiнген арабшаны‚ фарсышаны үйренсем деген арманым көкейiмнен кетпейтiн болды. Кейiннен осы екi тiлдi өз бетiммен үйренуiме‚ негiзiнен‚ сол бала кездегi жағдай себепшi болды. Әкем маған үнемi Фирдоуси‚ Саади‚ Хафиз‚ Науаи‚ Жәми‚ Мақтымкули және де басқа Шарқының шайырлары‚ олардың кiтаптары туралы әңгiме айтып отыратын. Оның үстіне бiздiң елдi ерте заманнан бермен қарай “Сыр елi — жыр елi” дейдi. Шынында да‚ бiздiң елде бiр ауыз өлең шығармайтын‚ бiр ауыз терме айтпайтын кiсiнi кездестiре қою қиын. Оның Читать далее ӨМIРБАЯНЫМ