Бегілдә АЛДАМЖАР. Ұлы сел

Бегілдә Алдамжар

 ҰЛЫ СЕЛ

 Төрт кітапты рәуәййат-роман

Бірінші кітабы

Бірінші дәптер

— Ойбай, құрыдық!

Қуаңдарияның шыбын-шiркейi аз, қамысы жоқ жайпауыт жағасында отырған ауыл кiсiлерi шошынып, үйлерiнен атып-атып шықты. Жаманшылықты көп көрiп, зәрелерi ұшып, запы боп қалған үлкендер жағы әлден тiксiнiп, астындағы атын басқа-көзге қарамай сабалап, қақпа шекпенiнiң шалғайы далпылдап шауып келе жатқан кiсiге абыржи қарады.

78965

1 томын оқу үшін шертіңіз!

 

Бегілдә Алдамжар

 ҰЛЫ СЕЛ

 Төрт кітапты рәуәййат-роман

 Екінші кітабы

  Бірінші дәптер

1

Биыл Сыр бойында сары күз ұзақ айналатын сыңай көрсеттi. Тамыз айының аяғына таман күн қатты ысып, ала жаздай аңқасы кеуiп, тулақша қатып жатқан сайын даланың бетiндегi құлпырып жатқан қалың түктi мүлдем күйдiрiп жiбердi. Тек ұлы дарияның жағасы ғана салқын сабат. Қауындар қақ-қақ айрылып, пiсiп жатыр. Әсiресе, биыл Тұрғалидың Сыр жағалауындағы кең алқапты тұтастай көмкерiп жатқан тарысы аузы-мұрнынан қақалып, бiтiк боп шықты.

78965

2 томын оқу үшін шертіңіз!

Бегілдә АЛДАМЖАР.

Ұлы сел

Төрт кітапты рәуәййат-роман.

Үшінші кітабы.

Бірінші дәптер

— Уһ‚ мына күнi құрғыр жанып кеттi ғой!

Таң азаннан атқа қонып‚ еш жерге тiзе бүкпестен салқа жортып келе жатқан бес жүздей кiсiнiң ешқайсысы Елдестiң сөзiне елең ете қойған жоқ. Бәрi де қамшы со-зым жерде астаубас атының сауыры төңкерiлген қазан-дай боп бiр қалыппен келе жатқан Тоғанақ батырдың алып тұлғасына қарап қалған. Күн‚ шынында да‚ сиыр сәскеге таман қатты ысып кеттi. Айнала аңылжып тұр. Құдды аспан айналып жерге түскендей.

78965

3 томын оқу үшін шертіңіз!

Бегілдә АЛДАМЖАР.

Ұлы сел

Төрт кітапты рәуәййат-роман.

Төртінші кітабы.

Бірінші дәптер

1855-iншi жылдың жазында Ақмешiт пен Қазалы үйездерiне қараған елдiң би-батыр, бай-мырзаларынан құралған топ Петерборға арнайы сапармен барып қайтатын болды. Оны жасақтауға Елмырза төре белсене араласты. Ол Қазалыға келгесiн Захваткин  кеңесiп, Петерборға баратын кiсiлердiң тiзiмiн жасай бастады. Аздан соң ёккi төре тiзiмге бiр адамды енгiзiп, бiр адамды алып тастап, Захваткиннiң миын ёңкi-тёңкi қылып жiбердi.

78965

4 томын оқу үшін шертіңіз!

Бегілдә АЛДАМЖАР. Қара нөсер

Сыр бойының сүлейлерi ұлы Балқы Базар, Қарасақал Ерiмбет, Оңғар жырау, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Кете Жүсiптердiң жыр-термелерiне, Шығыс дастандарына жастайынан қанығып өскен бiздiң ұрпаққа қарасөздi оқу деген онша үрдiс бола қоймайтын. Сол 1950-iншi жылдары оқыған кiтәбтарымның iшiнде есiмде қалғаны С.Мұқановтың “Өмiр мектебi” ғана. Сол кездерi жарық көрген, ауыл шаруашылығы, өндiрiс т.б. тақырыптарына арналып жазылған роман, повесть, әңгiмелер ешкiмдi де қызықтырмайтын. Тек 1958-iншi жылы Бейiмбет Майлиннiң бiр томдығы жарық көргеннен кейiн барып, бiздiң елде қарасөздi оқуға құмарлық басталды. Сол бiр томдықты сатып алған мен жетiлiк май шамды жағып қойып, етпеттей жатып ап, бiздiң үйге жиналған көршi-қолаңға Биағаңның әңгiмелерiн мәнерiне келтiре дауыстап, қаншама рет оқыдым, — бiлмеймiн. Бар бiлетiнiм — ол дүниялардың жұртшылықты жалықтырмайтыны едi. Читать далее Бегілдә АЛДАМЖАР. Қара нөсер

Бегілдә АЛДАМЖАР. Жықпыл

Тоқшылықтың көзiнiң iлiккенi жаңа бiр әзiрде ғана едi. Таң азаннан қызыл ешектiң құлақ жара ақырғанынан ұйқысы шайдай ашылып кеттi. Тоқшылықтың ерiнiп, көзiн ашқысы келмедi. Соны күтiп тұрғандай қасақы ешек тағы да iшiн тарта қылғынып, ұзақ ақырды. Тоқшылық көзiн қанша тарса жұмғанымен, ендi ұйқыдан маза қашқанын бiлдi де, үстiнен шыт көрпенi серпiп тастап, орнынан тұрды. Бұ кезде әке-шешесi әлдеқашан тұрып кеткен екен. Құлқын сәрiден тұрып, мал жайлап, қолдағы жаңғыз сиырды табынға қосып келген әкесi шәй iшiп жатыр. Өзi сырқау. Соңғы бiр-екi жылдың беделiнде арса-арса боп сүйегi қалған. Екi ұрты басқан бармақ iзi бiлiнер желi шыға бастаған доптай шүңiрейiп тұр. Қасында шешесi қақшиып, шәй құйып отыр.

 

dawd

Оқу үшін шертіңіз!