Қызық болды-ау бiр көргенде сүйгенiң…

Қызық болды-ау бiр көргенде сүйгенiң…
Жiгiтке бас жараса ма игенiң?
Қара көзiң ұшындай боп иненiң,
тиыш жатқан тәндi тiле түйредiң!
Қармағыңды тартып, менi сүйредiң!
 

Сен дедiң бе, маған сонша күйрегiн?
Келдi ме әлде саз балшықша илегiң?
Көк көйлектiң көлеңдетiп етегiн,
түнi бойы сен вальстi биледiң.
 

Би бiлмеушi ем. Бiр жан едiм дөрекi.
Жастар құсап шекпеймiн де темекi.
Мiнездiң де жетiп жатыр қидасы,
қыздың сұғы — қара шаштың бұйрасы.
Шын махаббат болады ма бұл расы?
 

Соны бiлер көңiлiм көптен басқарақ,
қарамайша ол бiр жабысқақ ласқа жат.
Менде қатты құмарлықтың кернеуi,
алып ұрар, асқақ, тағы, ашқарақ,
ол кездессе, ақ қоянды бас салад!
Ол жәукемдеп жайнақ көздi тастамақ.
 

Соны бiлсең, құйқылжымай еркелеш!
Бұйра шашты баппен сипа ерте-кеш!
Қара торы қыз көзiнiң қиығы
деп пе ең менi бiр қара тас өртемес?
Бiле ме оны сен билеген кеңкелес?
 

Не десең де, сүйгенiңе ырзамын,
бiр айналып өзiңменен жүр жаным.
Қолыңды артып оның ожар мойнына,
көңiлiңдi берген маған қыз залым!
Ойлап соны, мен iшiмнен мұздадым.
 

Дедiм iштей: “Мен миғұла болдым ба?
не iстер едiм, болсам оның орнында?
Оның бағы басқа киер қалпақ па?
Жатқан жоқ па жұртқа таныс сор мұнда?”
 

Сол-сол екен, ойды өзгерткен жаңа күрт
көзiң сенiң сияқтанды қара құрт.
Ендi көңлiм саған деген — ала бұлт…
Оның бәрiн байқар емес ана қырт…
 

Мен қысылдым. Сен сынадың әдейi.
Сүйiп қалдым. Қайта сөндiм. Не дейiн?
Қара торы өңiң ғана әдемi,
бәрi мұның айнымпаздың әлегi,
ондай қыздан бола алмаймын дәмелi,
сүйгенiңе көп рахмет айтамын,
әуейi қыз, әуейi…
 

19.07.1964

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *