Атыздап жырттым тың жердi…

Атыздап жырттым тың жердi,
топырақты қойдым ұлпалап.
Жаңбыр да жауып үлгердi,
iзiнше таппай бiр тағат.
 

Мен ендi жерге жасарған,
уыстап алып септiм дән.
Аздан соң өскiн бас алған,
Күн құйған көктен көп нұрдан,
 

көгерiп, нәзiк сабағы,
шығарды сыртқа бүршiгiн.
Бой созып, көкке қарады,
дегендей жоқ па қырсығың.
 

Ауырлап басы күз бола,
дән толы тұрды ол иiлiп.
Қарадым оған қызғана,
қарадым iштей сүйiнiп.
 

Әр дәнi оның бармақтай,
даланың бойға жиды әрiн.
Алуға орақ мен батпай,
оруға оны қимадым.
 

Жүргенде сүйтiп бұлт қара
шықты да көкке ойнақтап,
болғандай суға күптi о да, —
төгiлдi тамшы тайрақтап.
 

Сол екен, жағдай құбылды,
түнере қалды дала, түз.
Су болған шаштай жығылды,
бидайы қалың бар атыз.
 

Кiнәлi бұған кiм сонда?
Кiм бiлген ауа райын?
Тер төгiп сонша тұрсам да,
деген кiм әбiгер қылайын?
 

Заман да сондай, дауамайды
кеуiлiң iске қолбайлау.
Болмаса сәттi ауа райы,
тiрлiк те сәттi болмайды-ау!
 

1964 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *